Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Макс Планк 1858 – 1947


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:27
Макс Планк 1858 – 1947 Макс Планк немiстiң Киль қаласында Киль университетiнiң профессорының үйiнде дүниеге келдi. Ол 9 жасқа толғанда Планк семьясы Мюнхенге қоныс аударады. Лингвист немесе музыкант болсам деген үмiтпен Максимиллиан гимназиясында оқыды. 1874 ж. Мюнхен университетiне түстi, Г.Кирхгоф пен Г.Гельмгольцтiң жетекшiлiгiмен бiр жыл физиканы оқып таныды. 1878 ж. Мюнхен университетiн бiтiрген соң, бiр жылдан кейiн термодинамиканың екiншi бастамасымен байланысты мәселелерге арналған докторлық диссертациясын қорғады. Одан кейiн университетте приват-доцент қызметiне қалдырылды. 1888 ж. Берлинге қоныс аударып, ол жерде жаңа теориялық физика институтының директоры болып тағайындалды, ал 1892-1926 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры қызметiн атқарды. Өзiнiң бай ғылыми және педагогикалық тәжiрибесiн бес томдық «Теориялық физикаға кiрiспе» жинағында келтiрген. 1930 ж. Макс Планк 72 жасында кайзер Вильгельмнiң физика институтын басқарды. Германияда университеттермен қатар 1911 ж. бастап iрi өнеркәсiп иелерiнiң қаражаттарының арқасында мемлекеттiк емес Кайзер Вильгельмнiң ғылыми-зерттеу институттары жұмыс iстедi. II-дүниежүзiлiк соғыстан кейiн институтты Макс Планк атымен атады. 1845 ж. Планк физика институтының президентi болып тағайындалды. Макс Планк термо және электродинамика арасындағы байланысқа арналған бiрнеше мақаласын жариялады, бiрақ бұл мәселе шешуiн таппады. Сонан кейiн ол классикалық физикаға тән емес, энергия шексiз бөлiнедi деген болжам қабылдады. Планктың айтуынша, энергия шығару жиiлiгiне пропорционал – кванттармен жұтылады және шығарылады. арқылы белгiленетiн пропорционалдық коэффициентi Планк тұрақтысы деп аталады. Немiс физикасы қоғамындағы Планктың кванттар туралы болжамы жөнiнде жасаған баяндамасы кванттық физика тарихының бастамасы болып саналады. 1918 ж. кванттар жөнiндегi болжамы үшiн Планк Нобель сыйлығына ие болды.
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: Макс, Планк, физика, 1947, 1858
Просмотров: 3944 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]