Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Резерфорд Эрнест 1871 – 1937


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:22

Резерфорд Эрнест 1871 – 1937
Ағылшын физигi Э.Резерфорд 1871 ж. Жаңа Зеландияда дүниеге келген. Ол – ядролық физиканың негiзiн қалаушы. 1894 ж. Крайстчерчтегi Жаңа Зеландия университетiнiң Кентерберий колледжiн бiтiрiп, 1895-1898 жылдары Дж. Томсонның жетекшiлiгiмен Кавендиш лабораториясында қызмет еттi. 1898-1907 жылдары Резерфорд Квебектегi Мак-Гилл университетiнiң профессоры болып, ал 1907-1919 жылдары Манчестер университетiнде профессор және физикалық лабораторияның директоры болып жұмыс iстедi. Резерфордтың зерттеулерi радиоактивтiлiкке, атомдық және ядролық физикаға арналды. 1899 ж. альфа және бета сәулелерiн ашты, 1900 ж. торий элакациясын ашып және жартылай ыдырау периодына түсiнiк енгiздi. 1902-1903 жылдары Ф.Соддимен бiрге радиоактивтi ыдырау теориясын жасап, радиоактивтi түрленулер заңын ашты. 1903 ж. альфа-сәулелердiң оң зарядталған бөлшектерден тұратынын дәлелдедi. Резерфорд сонымен қатар трансурандық элементтердiң бар екендiгi туралы болжам жасады. 1908 ж. Резерфорд элементтердiң түрленуiн және радиоактивтi заттардың химиясын зерттегенi үшiн химиядан Нобель сыйлығымен марапатталды. 1908 ж. Г.Гейгермен бiрге жеке зарядталған бөлшектердi тiркеу үшiн құрылғы құрастырды және соның көмегiмен 1909 ж. альфа-бөлшектердiң гелийдiң 2 есе иондалған атомдары екендiгiн дәлелдедi. Альфа-бөлшектердiң зат арқылы өту құбылысын зерттеп, 1906 ж. олардың таралуын анықтады. 1919 ж. азотты оттегiге айналдырып алғаш жасанды ядролық реакция жүргiзiп, протонды ашты.
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: Эрнест, 1871, физика, 1937, Резерфорд
Просмотров: 6359 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.1/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]