Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан бойынша саяхат


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
03.02.2012, 13:31

Қазақстан бойынша саяхат

Солтүстік Қазақстан

     Солтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан тұрады. Өңір республиканың қиыр шығысында Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазақстан 1300 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай - 900 км-ге созылып жатыр.
     Басты өзендері - Ертіс пен оның екі қолы Есіл мен Тобыл. Барынша ірі көлдер Қостанай облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысында Теңіз бен Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шағала, Шортан және Бурабай.
Кейбір көлдер емдік минералдық тұздарымен және лайларымен белгілі (Павлодар облысында Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстан облысында - Майбалық). Климат - шұғыл континентальды, бірақ республиканың өзге аудандарынан барынша қоңыр салқын жазғы және қысқы уақытта барынша төмен температуралармен ерекшеленеді.
Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді сезіндіретін қалпы бар.
Бурабай
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды. Бір ескі аңызда былай делінген: «Алла тағаламыз әлемді жарату кезінде - бір халыққа бай орман, нулы өріс пен кең өзендер, өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер берілді. Қазаққа тек кең дала тиді. Қазақ бұған өкпелеп, Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір бөлшегін беруді сұрайды. Сонда Алла тағала өзінің қоржынынан қалғанын алып шығып шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да берілді. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп, оның ішіне аң-құстар, көлдерге - балық, жасыл шөпке - жан жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша Бурабай дүниеге келеді. Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай - бұл түйе. Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке батыр деп аталады (826 м).
Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп  тікелей Жұмбақтас көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқ жетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды. Осы жерде әр таумен байланысты өзінің аңызы бар. Сфинкс, мысалы оған әр жақтан қарасаңыз шашы желге желбіреген қыс келбетін, одан кейін әйел және кейіннен кемпір суретін көруге болады.
Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз.
Баянаул
Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз шақырымдай жерде орналасқан. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабындық. Павлодар қаласының Солтүстік Батыс шектерінде Ертіс өзенінің оң жағалауында әлемдегі бірегей орындардың бірі, табиғат ескерткіші Қаз қайтуы бар. Палеонтологтар бұл жерден 7-10 миллиондаған жылдар бұрын мекен еткен керік, мүйізтұмсық, қорқай тәрізді жануарлар мен гиппаририондар (шағын тридактильді жылқылар) сүйек қалдықтарын тапты. Қазбалардың жалпы саны барынша елеулі. Олар мыңдаған түрлерге қатысы бар.

Наурызым қорығы
Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында, Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Торғай жыра өзегінде орналасқан, бұл жерге Терсек, Сыпсың және Наурызым шатқалдары кіреді. Соңғы шатқалдың негізгі бөлігін Наурызым тоғайы алады.
Қордың шыршалы ормандарын реликті деп санауға болады, олар үштік немесе төрттік кезең басынан өзгермеген күйде сақталып қалған. Наурызым қайындары Ресейге қарағанда жуанырақ болса да, тұзды көл маңында өскен қайыңдардың өзі әсем. Бұл ерекше түр - Қырғыз қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемигі. Ол шағын аумақта өседі және әлемде басқа еш жерде кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Бірақ осы қорықтың белгісі - бүркіт бола алады, оның осы жерде 30 жұбы бар.
Қорықтың ең сымбатты аңдары,  Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды. Өңір батысында Арал теңізінен шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі, солтүстігінде Балхаш көлі мен Бетпақ даладан Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігін қамтып, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік сілемдері мен Жоңғар Алатауының шыңдарын қамтиды. Батыстан шығысқа қарай аумақ 2000 км-ге созылып, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км созылып жатыр. Басты өзендері Сырдария, Шу,Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ең ірі көлдері Арал теңізі, Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.
Алматы облысы алаңы бойынша барлық Ұлыбритания жерінен аздап қана кіші. Бұл аумақ жер бедерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бір күн ішінде туристер жер бетінде кездесетін барлық ландшафты және климаттық аймақтарды көре алады: құмды шөлейттен бастап даладан мәңгілік мұздақтар мен жоғары шыңдарды көре алады. Шөл мен шөлейтті жерлерде осы қиырдың бірегей жануарлар мен өсімдік әлемі таң қалдырады. Туристік қалыпта Алматы облысын Шарын арнасы мен ежелден қалған шетен тоғайы, Іле жағалауының және Тамғалы тастарының петроглифтері, Үлкен Алматы және Көлсай көлдері, сондай-ақ Іле Алатауы, Жоңғар мен Орталық Тянь-Шань таулары білдіреді. Бұл жер ежелгі мәдениет пен Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи, Таразда Айша Бибі, Қарахан, Бабаджы Хатун ежелгі мкесенелерінің, Жетісуда сақтардың бірегей мазарларының мекені. Оңтүстік өңір - «Байқоңыр» ғарыш орталығының отаны.
Байқоңыр космодромы
Қызылорда облысының басты көрнекілігі, бүкіл әлемнен көптеген туристерді тартатын Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады. Оның алаңы 6 717 кв. км.-ге тең. Бұл жерден зымыран ұшырылуын, Ғарышкерлік мұражайды, сондай-ақ Юрий Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.


Ақсу-Жабағылы
Ақсу-Жабағылы - Қазақстанның ескі, сондай-ақ ЮНЕСКО биосфералық қор мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорлардың бірі, ол Батыс Тянь-Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1000-4280 метр биіктікте орналасқан. Бұл жерде негізгі биіктік белдіктері берілген: шөлейттер құрғақ түрлі шөпті далалармен, шөптесін орындардың ғажайып телімдері аршалардың қалың нуымен алмасады. Түрлі альпілік гүлдерден құрылған қызыл-жасыл әлем ақ қарлы шыңдар мен көгілдір тілді мұздақтар баурайын көмкереді. Ақсу - Жабағылы анда санда кездесетін, құрып бара жатқан және эндемикалық жануарлар мен өсімдіктердің бай қоймасы. Бұл жерлерде арқарлар мен тау ешкілері, маралдар мен еліктер, қабыландар мен қар сілеусіндері, қасқырлар мен түлкілер, аюлар мен кірпішешендер, тас сусарлары мен ақ тышқандар мекендейді. Қанаттылар әлемі де өте бай. Жоғары биікте күшігендер, ақ бас қарлығандар мен бүркіттер қалықтайды. Тас баурайларда кекіліктер, мәңгі қар әлемінде ұларларды кездестіруге болады. Жапырақты ормандардың көлеңкелі саясында жұмақ құсының қанаттары тірі от секілді көрінеді. Көгілдір құс әуені сырнай дыбысын білдіреді. Күн түскен алаңқайларда түрлі көбелектер, кезқұйрық, кептерлердің сирек түрлері кездеседі.
Қорықтың өсімдік әлемі де сан алуан. Қыраттар бойымен алау тәрізді Грейг қызғалдақтары құлпырады. Қызғылт түске Қоқан моринасының гүлдері жинақталған.
Жетуі қиын қазандықта теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте қорықтың тағы бір көркем жері - күңгірт жылтыр тастарға қырнап салынған көптеген суреттердің өзіндік «суреттер галереясы» орналасқан. Оларда жабайы және үй жануарлары, аңшылық және көне адамдар тұрмысының суреттері берілген. Ақсу - Жабағылының палеонтологиялық телімдерінде тақта тасты шөгінділерінде көне өсімдіктер, балықтар, жәндіктер мен кесірткелердің қатқан таңбалары сақталып қалған.
Алтын-Емел
Жоңғар Алатауы шыңдарының батыс сілемдерінде Қазақстанның ең ірі қорығы Алтын Емел Ұлттық Паркі орналасқан. Алаңы 460 000 гектар бұл жер жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтауға арналған. Бұл жерде Ақтау түрлі түсті тауының түрімен, Қатутау құм тауының қайталанбас түрлерінен ләззат алуға болады. Парк аумағында бірнеше тарихи ескерткіштер - біздің з.д 1-інші мыңжылдықпен белгіленетін Бес Шатыр сақ қорғандары мен ең ертесі б.з.д. 16-14 ғасырларға жатқызылатын көне тас суреттері салынған Тамғалы тастар орналасқан. Осы жерде Іле өзенінің оң жағалауында Әнші шағылдар бар. Аралап көптеген жануарларды кездестірулеріңізге болады: сібірлік тау ешкісі - теке, шөлейт еліктері - жайран, құлан, тау қойы - арқарлар, қасқыр, түлкі, бүркіт, тау қырғауылы - кекілікті және көпшілігі Әлемдік және Қазақстан Қызыл Кітаптарына енгізілген жануарлар мен құстар түрлерін кездестіре аласыз.
Бес-Шатыр қорғаны
Бес шатыр қорғаны біздің з.д. бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген көне сақ тайпаларының бас ұрар орны болған. Осы 2 кв.км жерде 18 хан қорғандары орналасқан, олардың шамамен диаметрінде 9 м жерде және биіктігі 2,5м. Қорған астында Тянь-Шань шыршасының бөренелерінен зираттар салынған. Бұл ежелгі көшпенділердің ескерткіштері Жетісуда, Ілес өзенінің бастауында орналасқан. Хан қорғандарынан батысқа қарай солтүстіктен оңтүстікке қарай жануарлар суреттері ойылып салынған 45 тас плиталар бар. Ғалымдар бұл жерді мазараттың рәсімдер бөлігі болған деседі.

Тамғалы-Тас Петроглифтері
Алматыдан 170 шақырым жерде Тамғалы Тас шатқалында өздерімен нағыз көне көркемөнер галереясын білдіретін тас суреттерімен бірегей ғибадатхана табылды (тектік белгілермен белгіленген тастар). Онда бірнеше тарихи кезеңдердің көрінісі бар. Көне дәуірге, көшпенділер мен түркілер кезеңіне жататын 4000 -нан астам сурет табылды. Аласа тақтатас кіреберістерінде шатқалдың екі жағынан тегіс тіке жазықтықта металлдық шырпумен табынушылық күн тәрізді құдайлардың, архарлар, текелер, маралдар, үй жануарлары: түйелер, жылқылар, бұқалар, иттердің суреттері, аңшылық дәстүрлер, құрбандық шалу рәсімдері, әйелдердің, садақшылардың мүсіндері, бүркітпен аңшылық суреттері және т.б. салынған. Шатқал маңында қола кезеңінің және ерте көшпенділердің мазараттары, сондай-ақ олардың қоныстанған орындары бар. Тамғалы петроглифтерінің галереясы әлемдік мәнге ие қазына болып табылады және ЮНЕСКО қорының қорғаны астында.
Әнші шағылдар
Тағы бір табиғат кереметі Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан. Әнші шағылдар құрғақ кезеңде құмдар орган әуеніне ұқсас дыбыс шығаратыны. Ауа мен құрғақ құмдар арасында туындаған үйкеліс оларды электрлендіріп діріл тудырады. Жаңғырығудың қолайлы жағдайлары тығыз топыраққа шағылысып құм қозғалысын тудырып дыбыс толқындарын тудырады. Бұл дыбыс бірнеше шақырымға дейін естіледі. Ең қызығы құм қозғалысы мен қатты желге қарамастан құм жазықтық бойынша көшпей бірнеше ғасырлар бойы бір орнында тұр. Оның оңтүстік батыс баурайы тегіс, ал солтүстік шығыстағы баурайы жайпақ еңісімен бірнеше қыраттарға ие.

Ақтау тауы
Ақтау тауы (Ақ таулар) өткен көне Жер мұражайы десек болады. 15 миллион жыл бұрын осы жерде үлкен көл - теңіз болған, қазір түрлі нысан мен түстегі тұнба жыныстар қатпары - қызыл, сары, көгілдір және ақ түстерге ие. Үлкен конус таулар египет пирамидаларын еске түсіреді. Уақыт өткен сайын осы жерден динозаврлар мен көне сүт қоректілердің сүйектері табылып жатады.

Түрген шатқалы
Алматыдан 90 км жерде тьабиғаттың бір әсем бұрышы - Түрген шатқалы бар. Ыстық көздерге, су сарқырамаларына, қылқан және аралас жапырақты ормандар, альпілік және қосалқы альпілік шөптерімен, көлдері мен қайнарларымен, дәрілік өсімдіктері мен жидектерімен, ол Ассы үлкен ойпаңға дейін 44 км тереңге кетеді. Түрген сайы сарқырамаларымен белгілі - олар жетеу. Аюлы сарқырамасы өзінің 30 метрлік биіктіктен салбыраған жарлары және жасыл шыршаларымен тартады. Ал Бозгүл сарқырамасы жарда үлкен тоннель ойған күшті су ағынымен белгілі. Шатқалда жарлар мұздақ кезеңіне дейінгі өсімдіктер таңбаларын сақтап қалған. Шатқал өзінің көне Шын Түргендік қыналы шыршаларымен белгілі, олар жер бетінде тегіс шырша кілемін түзеді.
Сайда ең танымал орын - Ботан аңшылар стансасы. Осы жерде үш өзеннің қосылған жерінде Түрген сайы өзінің ең үлкен тереңдігіне жетеді - 920 м. Сайда обсерватория бар. Асы өзенінің бойынша көне қорғанджар мен тас суреттер бар. Онда көптеген көне сақ және үсіндер мазараттары бар. Сондай-ақ Түрген сайында бақтақ шаруашылығы бар, осы жерде балықты өзің аулап кешкі асқа хан тамағы бахтақты пісіріп жеуге болады.
Ыссық қорғаны
Ыссық мазараты скифтік - сақтық кезеңнің ең үлкен аргеологиялық ескерткіштерінің бірі саналады. Ескерткіш б.з.д IV ғасыр деп белгіленеді. Осы жерге жерленген жас адам Сақ - Тиграхауд билік басына, мүмкін Ұлы Құшандардың династиясына жатуы мүмкін. «Алтын адам» алтын қаңылтырмен бай өрнектелген сауыт киген, саф алтыннан жасалған қарулы белдік, басында - садақ оғы тектес киім. Костюм 4 мың алтын сақ қолөнеріне тән әйгілі «аңдар стилінде» орындалған белгілерден тұрады. «Алтын адам» көшірмелері Алматы мен Астана қалаларының мұражайларында қойылған.

Ыссық көл
Алматыдан небәрі 60 шақырым жерде, шағын Ыссық қаласымен қатар теңіз деңгейінен 1800 м деңгейде Іле Алатауының ең әдемі көлдерінің бірі жасырынып қалған. 1963 жылы мұздақты аймақтан Ыссық өзенінің жоғары бөлігінде үлкен сел ағыны ақтарылды. Үлкен толқындар табиғи плотинаны бұзып, бірнеше сағат ішінде көл шайылып кетті. Қазіргі уақытта жартылай қалпына келтірілген, бірақ оны қоршап тұрған таулардың керемет бедері осы күнге дейін туристер көзін қуантады.


Шарын арнасы
Әдемілігі бойынша Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы Алматыдан шығысқа қарай 200 км жерде орналасқан. Шайынды мен жел алудың бедердің бірегей нысаны ертегі тәрізді құмдақтан жасалған бірегей мүсіндер әлеміне әкеледі: «Қорғандар даласы», «Мыстандар шатқалы» және т.б. Құлама баурай, бағаналар мен арқалардың биіктігі 150-300 метрге жетеді. Арна солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымға созылған, осы жер рафтинг үшін табылмас орын. Осы жерде жер шары өсімдігінің өкілі - мұздану кезеңінен қалған Соғды шетені сақталып қалған.

Іле өзені
Іле Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы 1439 км. Өзінің бастауын ол Қытайдан алады, Алматы облысының аумағында ол Қапшағай жасанды су қоймасын түзеді де Балқаш көліне барып құяды. Қапшағайды теңіз деп атайды: жылы мезгілде ол қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Ең үлкен ені 22 км, тереңдігі 45 м. Жағасы бойына шипажай, пансионаттар, жағажайлар орналасқан, Қапшағай қаласының өзінде аквапарк салынған. Қапшағай сулары түрлі балыққа мол. Одан бірнеше шақырым жерде, Іле өзенінің жағасында көне дәуірге әкелетін орын бар. Оң жағалауда үлкен тастан көптеген ғасырлар бойы аспанға Будда мен бодхисатв суреттері қарап жатыр. Қара құпия жарларда көптеген петроглифтер, құдай суреттері, мәні мен мағынасын әлі де ашу керек көне будда жазбалары - барлығы 1000 жуық түрлі жар суреттері бар, оларды тарихшылар көне орта ғасырға жатқызады. Жас туристер мен белсенді демалыс сүйгіштерге Іле өзені бойынша түсу өте қызықты. Түсу кезінде туристер табиғатпен және өзен маңындағы жануарлар әлемімен танысады. Тоғайларда көпшілігі бірегей құстардың көптеген түрі бар. Іле өзенінде балық аулау да бір тамаша. Сом, сазан, көксерке, аққайран, таран, ақ Амур - осының барлығы тәжірибесі аз балықшының қолына түсе алады.
Үлкен Алматы көлі
Осы тау көлі Үлкен Алматы өзенінің шатқалында, теңіз деңгейінен 2511 м биіктікте, Алматыдан оңтүстікке қарай 28,15 км қашықтықта орналасқан. Ол ойпатта орналасқан, жан жағынан тау шыңдарымен қоршалып жарқырап жатқан айнаға ұқсайды. Көл бетінен үш негізгі шың көтеріледі: «Советтер шыңы (4 317 м), «Көл шыңы (4 110 м) және Турист шыңы (3 954 м) - оларды плотинаның солтүстік шетінен көруге болады. Батыста Туристен қала орталығынан жақсы көрінетін Үлкен Алматы шыңының қыры көрінеді (биіктігі 3 681 м пирамида). Мұз суымен қоректенетін көл ұзындығы 1,6 км, ені 1 км және тереңдігі 40 м болатын үлкен тостақты білдіреді. Жыл мезгіліне қарай көл түсі ақшыл көгілдірден жасыл - көгілдір түске түсіп отырады. Көл бетінен далада Тянь-Шань астрономия обсерваториясының әсерлі күмбезді кеңшары орналасқан (көлден 2 км, 2 700 м биіктікте). Ал одан жоғарырақта (3 300 м биіктікте) Жасыл кезең - Комостанса» асуына жақын жұлдыздарға қарап түнеуге болады.
Көлсай көлі
Оны Солтүстік Тянь-Шань меруерті деп атайды. Тік, баурайлары шыршаға тұнған үш биік таулы көлдер Күнгей Алатау шыңының сілемдерінде орналасқан. Әр көлдің өзінің қайталанбас келбеті бар. Таза көгілдір суда - кемпірқосақ бақтағы бар. Бұл жаяу жүргінші, жылқыға мініп және тау велосипедіне мініп алаушы үшін керемет орын. Бірінші көл 1 818 м биіктікте 1 км ұзындыққа созылған, оған жол салынған, қонақ үйлер, кэмпингтер бар. Ортаңғы Көлсай көлі (2 252 м) ең үлкені және бірінші көлге қарағанда әдемісі. Жоғарғы Көлсай 4 км әрі қарай және 600 м биіктікте орналасқан. Әрі қарай 6 км соң Қырғыз шекарасында Ыстық Көл көгілдір көліне керемет түр ашатын Сары Бұлақ (3 278 м) асуы бар. Барлық саяхатты (25 км) атқа мініп бір күнде, жаяу - 3 күнде аралауға болады.

Қайыңды көлі
Қайыңды - шырша орманының арасында теңіз деңгейінен 2 000 метр биіктікте орналасқан көл. Ұзындығы 400 м көл тереңдігі 30 м. Шың қыраттары Қайынды, Саты шатқалдарына, Шелек өзенінің даласына ерекше түрлер ашады. Шыршалардың құрғақ діңдері батып кеткен кеменің бағаналары сияқты су бетінен жоғары көтеріледі.
Хан Тәңірі
Альпинизмнің нағыз Меккесі көршілес белгілі Хан Тәңірі (7 010 м) және Қырғызстанға тиесілі Жеңіс шыңдарымен (7 439) әйгілі Орталық Тянь-Шань болды. Хан Тәңірі Қазақстанның ең жоғары нүктесі, Орталық Тянь - Шанның ең әдемі шыңдарының бірі саналады. Үшкір ұшты пирамида түріндегі мәрмәр шың жан жақтан көрінеді. Тау баяғыдан аңызға ие. Оны Тәңір тау және күн бату кезінде қызыл реңкке ие болуына қарай Қантау деп те атайды. Бұл ең солтүстік әлемнің жеті мыңдығы. Хан Тәңіріне жету қиын, сонысымен альпинистер мен қызық қуған туризм әуесқойлары үшін қызықты. Қазақстанға таудың солтүстік бөлігі тиесілі. «Хан тәңірінің Солтүстік Қабырғасына» шығу көптеген туристердің орындалмас арманы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстанның «Алтын Сақинасы»
Оңтүстік даланың оазисінде, көшпенділер мен отырықшы өркениеттерінің түйіспесінде әлемнің көне қалалары болды. Ғасырлар бойы осы жерден Қытайдан Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне апаратын көне керуен жолдарының жүйесі өтті. Жібек Жолы сауда жолы ретінде б.з.д. ІІІ ғасырда туындады. Жолдың елеулі бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша өтті. Түркістан (Яссы), Тараз (Талас), Отырар қалалары Ұлы Жібек жолы бойынша орналасып көне және орта ғасырларда саудагерлер жолында басты орталықтар болды.


Туркістан

Түркістан (Яссы) қаласы Дешті Қыпшақ даласының үлкен өңірінің түркі тілдес халықтарының рухани - саяси орталығы және қазақ хандарының көне астанасы болды. Бүгінгі күні Түркістанға 1500 жыл. Қожа Ахмет Яссауи - сопы, ақын, философ, түркі халықтарының рухани тәлімгері осы қалада тұрды. Темірдің бұйрығы бойынша XVI ғасырда тұрғызылған Қожа Ахмет Яссауи мазары орта ғасырлық сәулет өнерінің үлгісінің бірі, сарайлар кешені. Суреттері, төбелерінің өрнекті күмбездері, майоликадан жасалған түрлі - түсті мозайка таң қалдырады.

Арыстан-Баб

Халық сенімі бойынша Түркістанға апарар жол міндетті түрде Ахмед Яссауи ұстазының мазарының үстіне салынған, XII ғасырда өмір сүрген әйгілі діни мистик арыстан Баб мавзолейі арқылы келу керек. Мавзолейдің ең ерте бөлігі Тимуридтер дәуіріне жатқызылады.


Отырар

Отырар көне қала (б.з.д. IVғ) ірі сауда орталығы болды. Оның әйгілі кітапханасының байлығы елеулі Александрийский және Карфагендік көне кітапханалардан кем болмады. Осы қалада дүние жүзіне танымал орта ғасырлық ойшыл Әл-Фараби туып, өмір сүріп қызмет етті. XIII ғасыр соңында монғол әскерлері қаланы жермен жексен етті.
Сауран
Сауран күшті қорған (X-XVIII ғ) бірегей сумен жарақтау жүйесімен белгілі. Сумен және азық - түлікпен қамтамасыз етілуіне қарай қала қоршауға төзіп беріп бірнеше ай берілмеді.


Домалақ Ана
Далада биік орында Түркістан маңында «Ұлы Ана Бибішар, Ақсұлтан қызы» - көріпкел үшін тұрғызылған Домалақ Ана мазары орналасқан. Сенімге сәйкес үш Қазақ Жүзі - оның үш немересінің ұрпағы. 1998 жылы ескі  мазар орнына ақ мәрмәрдан керемет мемориалдық кешен салынды. Бұрын мазарда тұрған екі тас қасиетті деп саналады. Оның арасынан тек адал ғана өте алады дейді.


Тараз
Тараз (Талас) қаласына 2000 жылдан астам. Көне уақыттан бері осы қала «көпестер қаласы» ретінде танымал. Қаланың даму шыңы Қараханидтер мемлекетінің астанасы болған X-XII ғасырларға келеді. Қарахан мен Дәуітбек кесенелері, үкімет сарайлары мен өзге де көне мазараттар алыс жүзжылдықтарға ойша сапар шегуге мүмкіндік береді. Қазіргі Тараз маңында ЮНЕСКО-мен дүниежүзілік сәулет өнерінің көне ескерткіштер қатарына қосылған Бададжи Хатун мен Айша Бибі кесенелері сақталған.

Айша-Бибі кесенесі
Көне аңызға сәйкес кесене сопы ақыны Хәкім Атаның қызы қалыңдығы Айша Бибінің зиратының үстіне Қараханид династиясының хандарының бірі салды дейді. Халық аңыздарына сәйкес жылан жас қыздың сүйгеніне барар жолында шағып өлтірді делінеді. Құрылыс ойықты терракот плиткалармен өсімдіктік және геометриялық өрнектермен қапталған. Кесененің өзі жеңіл болып көрінеді. Сегіз ғасырдан астам уақыт бойына ол көне сәулет өнерінің шеберлігінің куәсі ретінде тұр.

Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Өңір республиканың қиыр батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның үлкен аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км және батыстан шығысқа 1 300 км созылып жатыр.
Басты өзендері - Орал және Ембі. Ең үлкен көлдері - Индер, Аралсор, Қамыр-Самар. Маңызды рольді өңірде Каспий теңізі атқарады. Өңірде 100 жылдан астам уақыт бойына мұнай игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, Атырау Жақа уылдырықты алу мен консервілеу орталығы болып табылады. Климат шұғыл континентальды, құрғақ.
Маңғыстау аумағы бойына 2000 жыл бойына Ұлы Жібек Жолы өтті, қазір бұл өте қызықты туристік бағдар. Үстірт қорының түрлі жануарларымен бірге бірегей жер бедері, бірегей табиғат ескерткіштері мен тарихи және мәдени ескерткіштерінің көптігі, Каспий жағалауының әсем орындары әлеуетті турист үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Қарагие ойпаты
Қарагие ойпаты - Қазақстан мен ТМД ең төмен нүктесі (теңіз деңгейінен 132 м төмен). Ол бірегей әсемдігімен ерекше.

Жібек жолы
Маңғыстау облысының ең тартымды туристік бағдарларының бірі Ұлы Жібек Жолы бойымен саяхат, ол Маңғыстаудың бүкіл аумағынан оңтүстіктен солтүстікке, әрі қарай солтүстік батысқа, Үстірт даласы, Шетпин қақпалары арқылы Каспий жағалауына келген. Осы жерде керуен сарайлар, шағын қалалар: Сарташ, Алта, Кетік сақталған. Аңызға бай қасиетті тау Шерқала, ал одан жақынырақта - Шыңғысхан ұлы Жошының қорған орны. Осы мекенде тарихи - сәулеткерлік ескерткіштер көп: шыңнан қашалған Бекет - Ата, Шақпақ Ата жерасты мешіттері және Есет Батырдың мемориалдық кешені.

Тамшылы
Ақтау жақын маңда Форт-Шевченкодан 35 шақырым жерде Тамшалы атауымен жәннат бұрышы орналасқан. Жасыл дала, тобылғы, үйеңкі, бұталармен жабылып, сұр - еспемен көмкерілген. Осы жерде жалбыз бен қара бүлдірген жапқан көл. Су биік жақтаумен асылған кең тас платформа астынан шығып. Тамшылап тасты соғады. Осы жерде жылауық тастар туралы аңызды естуге болады.

Үстірттік Ұлттық биосфералық қорық
Үстірт қорығы 70 000 га алаңға ие, ол үшін Тұран ойпатының шөлейтті бедері мен Үстірт алаңы тән. Қорық көптеген сирек кездесетін жануарлардың мекені болып табылады: үстірт муфлоны, гепард, сайғақ, жайран, қорқау, түлкі, ұзын инелі кірпі, күзен және т.б. Үстірттің көрнекі орны археологиялық ескерткіштер болып табылады. Көне заманда ойпат арқылы көне керуен жолдары Хиуа мен Ембі мен Еділ жолдарын қосқан Хорезм шахтарының жолдары өткен. Оның бойында Шахр-и-Вазир көне қаласы, Білеулі керуен сарайы мен Аллан қорғаны орналасқан. Ойпат бойына елеулі мавзолей мазарларымен ескі зираттар шашылған. Олардың көпшілігін археологтар зерттеген, көпшілігі өзінің зертеушілерін күтіп жатыр. Одан да көне ескерткіштер бар. Үстіртте шамамен 60 неолит орындары белгілі. Олардың көпшілігі Манат ауданы мен Қарын жарық ойпатының маңында көп.
Археологиялық ескерткіштер
Қызаннан солтүстікте, Өлі Құлтық жағалауында көне қорымдар табылды. Олар шамамен б.з.д.4-5 ғасырлармен белгіленеді. Сарапшылар осы ашылулар осы жерлерде көшкен Сақ - Массагет кезеңінің көне халықтары туралы жаңа мәліметтер береді деп таниды. Шетпеден 18 шақырым жерде орналасқан Ақмыс орны өзінің әдемілігімен ғана емес Қызыл Қала көне қаланың тарихи ескерткіштерімен қызықты. Ақмыссайдан үш шақырым жерде Самал мен Сазанбай шатқалдары орналасқан. Форт Шевченкодан тағы бір әдемі орын - Ханға баба шатқалы орналасқан. Қайнар бұлақ суы, долана, қара бүлдірген, тұт, Қараағаш, үйеңкі өскен орын. Осы жерде Ханға баба көне мазары мешітімен орналасқан.

Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстан облысынан тұрады. Осы өңір Қытай, Моңғолия, Ресеймен шекаралар түйіспесінде орналасқан. Аумақтың үлкен көлемін Кенді және Оңтүстік Алтау, Қалбы, Сауыр Тарбағатай тау жүйелері алады. Таулар биіктігі 800-1500 м-ге дейін, Алтайдың қиыр шығысында - 3000-4000 м-ге дейін (Белуха тауы - 4506 м).
Басты өзендері Ертіс пен оның ірі салалары - Оба, Ұлба, Бұқтырма. Ең ірі көлдері - Марқакөл. Зайсан, Рахмановтық, Сасықкөл. Алакөл, Маралды. Климаты шұғыл континентальды, үлкен тәуліктік және жылдық ауа температурасының амплитудасымен.
Шығыс Қазақстан үшін табиғи климат аймақтарының үлкен айырмашылықтары тән. Шығыс Қазақстан табиғаты керемет, Азияның далалары мен шөлейттері Сібірдің таулы тайгасымен тұтасып бірегей ландшафтық түрлілік тудырады: шөл, дала, тайга, жарқыраған мұзды шыңды таулар, көптеген өзендер мен көлдер.
Белуха тауы
Белуха тауы Солтүстік Шығыста ақ қарлы шыңымен (4506 м) Сібірмен мен Алтайдағы ең биігі. Бұл қар, мұз, құлама сырғымалар мен жарқыраған су сарқырамаларының хандығы. Онымен Бүркіт аулы тауы көршілес, оның биіктігі - 3 373 м. Бүркіт аулы - Белухадан кейінгі Оңтүстік Алтайдың әйгілі шыңдарының бірі.


Марқакөл қорығы
Шығыс Қазақстан Қазақстанның ең бір ғажайып орындарын - Марқакөл Ұлттық Қорығын өзіне қамтыған. Осы қиырдың меруерті Марқакөл көлі болып табылады, ол солтүстіктен Күшім және оңтүстіктен Азутау қырларымен шектелген ойпатта жатыр. Көлдің ұзындығы 38 шақырым, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Оны 27 өзен мен өзеншіктер қоректендіреді, бірақ көлден тек Қалжыр өзені ғана шығады. Марқакөл суы тұщы және өте жұмсақ, оның басты байлығы арқан балық тегінен үскіш балық. Осы балықтың жалғыз мекені осы Марқакөл көлі. Таулардың жартасты кертпештері жапырақты ағаштармен, анда-санда май қарағай орманымен жамылған. Субальпілік далалар гүлдерге, сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерге бай (алтын және марал тамыры, шыбық тәрізді өсімдік, жуан жапырақты бадан және т.б.). Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Ормандарында қоңыр аю, бұландар, түлкі, қабылан, марал (Сібір бұғысы), бұлғын, ақ тышқан, сұңқар, қырғауыл, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлек, күміс шағала мен тағы басқалар бар.
Рахманов қайнары
Осы орындардың жерасты өзендері емдік радонға бай - радиобелсенді элементтердің таралу өнімі граниттің өте сирек минералдарында болады. Термалды сулар буындарды, омыртқаны, жүйке тамырлары мен теріні емдеу үшін пайдаланылады. Ыстық қайнар көздерді шаруа Рахманов 1763 жылы ашты. Аңызға сәйкес ол маралды жарақаттайды. Күшін жоғалтып барып жануар суға түседі де одан сау болып шығады.


Алакөл көлі
Алакөл - Қазақстанның ең әдемі көлдерінің бірі. Суынан басқа тұзды көл емдік лайға, минералды тұздарға бай. Ол Жоңғар Алатауының Солтүстік Шығысында орналасқан Құстар аралында қоқиқаздар мекен етеді, осы жерде құстардың 40-тан астам түрі бар.


Қиын-Керіш
Шөлейтті жазықтықтар ортасынан көне қала мен бекіністер қабырғалары мен мұнаралары бой көтереді. Бұл елес емес, бұл Қиын Керіш - «Рухтар қаласы» аталатын табиғи эол қаласы. Үштік балшықтан құралған, әдемілігі бойынша бірегейлігі бойынша керемет, қайталанбайтын қызыл, ақ және қызғылт сары құрылымдарымен әсем. Алыстан жарқын балшық шыңдары мен Қиын керіш құлама жарлары желден созылған жалынға ұқсайды. Оларды осы үшін «Жалынды жар» деп те атайды. Қиын Керіштің басқы қазынасы - саз мен құмдардың осы орындардың көне тропикалық көзі ретінде өсімдіктер таңбасы (пальма, магнолия, араукарин, гинкго және т.б.) мен омыртқалылар қалдықтары (мүйізтұмсық, қолтырауын, тасбақа мен саламандр) салынған шағын қабаттары.
Бұқтырма көлі
Осы өңір табиғаты ғажайып та әдемі. Жасыл түстес Бұқтырма көлі өзінің керемет түрімен және балықтарының көптігімен әйгілі. Таулардан ағатын көптеген өзендер мен көлшіктер осы жерде әдемі сарқырамалар түзіп құйылады. Осы көлден тек Шандағы Бұлақ қана ағып шығады.


Қозы-Көрпеш -Баян-Сұлу кесенесі
Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан өте қызықты тарихи ескерткіштердің бірі Қозы Көрпеш Баян Сұлу кесенесі (Х-ХІ ғ). Осы халық эпосының кейіпкерлерінің образы - жас жігіт пен бойжеткен, қазақ Ромео мен Джульеттасының арасындағы мәңгілік махаббаттың белгісі.
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан - Қазақстан жүрегі, оның алаңы 398,8 мың кв. Км. Осы өңір - табиғи байлықтар қазынасы. Орталық Қазақстанда әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі - Балқаш көлі, бірегей Қарқаралы таулы - орманды орын орналасқан. Тау туризмін жақсы көретіндерді Ұлытау тауының түрі бей-жай қалдыра алмайды. Өңірде көптеген ескерткішті орындар көп, онда археологиялық және этнографиялық нысандар сақталған. Орталық Қазақстан - мыңжылдықтар кездесетін орын. Соңғы археологиялық қазбалар Сарыарқа даласы Ұлы Жібек жолының сауда және мәдени саласына қосылатындығын дәлелдейді. Оған куә облыста табылған үнді - қытайлық және орта азиялық текті заттар.
Сарыарқа
Сарыарқаның кең даласы кеңінен жайылып жатыр. Қарқаралы, Кент, Қызылрай тауларының гранитті бедерлері шығыстан Теңіз көліне дейін созылып жатыр, Есіл өзенінен солтүстікке Бетпақ дала оңтүстігіне кең дала созылып жатыр, қазақ халқы осы өңірді сарыарқа деп атайды. Табиғат жерді бай қып жаратқан. Оның қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Осы Еуразия материгінің ортасында жазғы және күздік жайылымдар созылған, көгілдір түспен таулар мен төбешіктер көз тартады. Сарыарқа даласында Теңіз көлінен басқа құтан, аққулар, тырналар, үйрек пен қаз қаңқылдаған екі жүзден астам көл бар.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
Қарқара тауының атауы қазақ қыздарының моншақ, жібер, барқыт, парча мен үкімен өрнектелген ұлттық бас киімінің атауынан шыққан. Жарқыраған қарқара сияқты Қарқара таулары жарқырап тұр. Олардың биіктігі салыстырмалы түрде биік емес: ең жоғары нүктесі - үш басты Комсомол шыңы - теңіз деңгейінен 1403 м, ал қоршаған төбешіктерден ол 400-500 м жоғары тұр. Тау қарағай мен қайың тоғайымен жабылған, түрлі шөпті өсімдіктер жетерлік. Осы орындардың ерекше сұлулығы  туралы шоқы, тау, жазық дала, өзендер атауы жеткізеді. Сұңқар шыңы, Марал тауы, Қызғылт сақал төбешігі, Қызық жар жартасы, Айнакөл көлі, Пішендік, Шайтан көл.

Қарасор көлі
Қарасор (немесе Тұздыкөл) көлі шамамен 250 текше шақырым алаңға ие. Көл балыққа бай. Қарасор суында тұздың болуы теңіз суының тұзынан артық. Оның жағалауында емдік лайлар бар. Қарасор өзеніне шамамен ондаған шағын өзендер келіп құяды.
Балқаш көлі
Балқаш байдың сұлу Іле деген қызы болыпты деген аңыз бар. Бай үлкен мереке-той шақырып жеңімпазға өзінің қызы Ілені беруді жар салады және кедей қойшы Қаратал мен қыз бір бірін сүйетін еді. Іле Қараталға жігіттер сайысын жеңіп шығуға көмектеседі. Бірақ Балқаш қызын кедейге бергісі келмейді. Сол кезде Қаратал мен Іле қашады. Ашуланған әке қашқындарға жете алмайды. Сонда ол оларды өзенге айналдырып, өзі олардың алдында құлап, тыңдамайтын қызын жұтып көлге айналады. Көлдің түсі ақ көгілдір. Балқаш көлі Каспий мен Арал теңіздерінен кейінгі көзсіз су айдыны. Көл ұзындығы 614 км, ені - 3,5-тен 44 км-ге дейін. Ең үлкен тереңдігі 26 м жетеді. Балқаштың ерекшелігі шағын бұғазбен қосылған батыс және шығыс бөліктерінің суларының түрлі минералдығында. Батыс бассейні Іле көп сулы өзеннен алатын жағы тұщы да, шығыс бөлігі тұзды. Балқаш табиғаты керемет және қарама қайшылыққа толы. :ле су айдыны - Балқаш бассейні бөлігі био түрлілік бойынша елеулі және балықтардың құнды түрлеріне бай. Балық кәсіпшілігіне үлкен мүмкіндік береді. Балықтар түріне сазан, ақ Амур, шабақ, қаяз, бахтақ, маринк
Категория: География | Добавил: Admin | Теги: саяхат, география, Қазақстан, бойынша
Просмотров: 5438 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]