Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (2.29 Mb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География] |
06.04.2014, 12:42 |
География пәніне арналған слайд "Сенегал халқы" Колониядан бұрын Мегалиттер XI ғасыр шамасында араб шабуылшылары алып келген ислам елдегі ең маңызды дін ретінде саналды. XIV ғасырда Сенегал жерінде бірнеше кішкентай елдер болған. Олардың арасында ең күштісі Джолоф империясы болды. Сенегалдың Горе аралы көптеген уақыт бойы ең үлкен құл сату орталығы болып саналды. XV ғасырда бұл елде бірінші еуропалықтар келді. 1435 жылы Португалияның өкілдері келген. Ал XVII ғасырда француздар Сенегалда бірінші қаланың негізін салған. Колония кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысында француздар Сенегал ішкі аймақтарын басып бастады. 1860 жылы Елдің ең ірі тайпасының басшысы, Хаджи Омар, Францияның протекторатын мойындады. Ал 1890 жылы қалған тайпалардың бәріде соларға қосылды. Марсельге бара жатқан Сенегалдық отбасы Француздар Сенегалдан арахиспен алған, оған қоса, олар ел аумағынан алтын тапқан. 1885 жылы Сен-Луи-Дакар бірінші темір жолын құрған. 1909-1923 жылдары Дакардан көршілес Мали колониясына темір долын құрған. Сенегалдың батысындағы 4 аудан тұрғындарына Франция азаматтығы құқығын берген, Франция парламентіне олардан 1 депутат сайланған (бірінші қара нәсілді депутат — Блез Диань (1914-1934 жылдары депутат болған). Ол Франция колония министрының орынбасарыда болған). Сол кезде бірнеше оқу орындары құрылған. Олар жергілікті халықтан колония әкімшіліктеріне жұмысшыларды дайндаған. Африка жұртынан Франция әскерінің бөлімшелері құрылған. 1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі. | |
Просмотров: 2929 | Загрузок: 164 | |
Всего комментариев: 0 | |