Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
04.04.2012, 17:19
2007 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы.
Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 28322,5 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7733,8 мың га (облыс жер қорының 27,3 пайызы); 2903,8 мың га (10,2 пайызы) – елді мекендер; 173,3 га (0,6 пайызы) - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 1 446,4 мың га (5,1 пайызы) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрециялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер; 2 187,3 мың га (7,7 пайызы) – орман қорының жері; 572,0 мың га (2,0 пайзы) – су қорының жері; 13330,2 мың га (47 пайызы) – босалқы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

құрылымының 7 млн. 733,8 мың га құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда осы санаттағы жерлер, жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына қосымша жерлерді беру және жаңадан ұйымдастыру есебінен 696,4 мың га ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылық алқаптары 7 млн. 594,2 мың га (98,2 wacko құрайды, соның ішінде 1 млн. 111,1 мың га (14,4 wacko егістік, 2,1 мың га (0,03 wacko көп жылдық екпелер, 317,4 мың га (4,1%) тыңайған жерлер, 395,9 мың га (5,1 wacko шабындық, 5 млн.767,3 мың га (74,6 wacko жайылымдық.
Бүгінгі күні шаруа (фермер) қожалықтарының саны 18 мың 256 құрады, олар 6 млн. 102,2 га ауданды алып жатыр. 2006 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер) қожалықтары 1 689-ға, жерлердің ауданы 624,3 мың-ға артты.
1 млн. 429,5 мың га ауданда мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 469 құрайды, соның ішінде 1213,8 мың гектары шаруашылық серіктестіктерінің, 25,4 мың гектары акционерлік қоғамдардың, 141,4 мың гектары ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің, 48,9 мың гектары басқа мемлекеттік емес кәсіпорындарының жерлері. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік емес агроқұрылымдардың жері 86,4 мың гектарға ұлғайды.
195,6 мың га ауданда мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 124 құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік агроқұрылымдардың жері, оларды қайта ұйымдастыруға байланысты 16,1 мың га азайды. Елді мекендердің жері 2 млн. 903,8 мың га немесе облыстың барлық жер қорының 10,3 % құрап отыр. 2007 жылы Риддер мен Семей қалаларында өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге ауыстыруға байланысты осы санаттағы жерлерді алып қойғандықтан 0,08 мың га азайды. Бесқарағай және Глубокий аудандарының ауылдық елді мекендеріне қосымша жердерді беру есебінен 40,3 мың га ұлғайды.
Елді мекендердің жері құрамында:
- қалалар мен кенттердің жері 152,9 мың га (5,3 wacko алып жатыр,
- ауылдық елді мекендер – 2 млн. 750,9 мың га (94,7 %).
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер 173,3 мың га, облыстың жалпы ауданының 0,6 % құрайды, соның ішінде:
- өнеркәсіп жерлері 44,5 мың га (25,7 %);
- автомобиль көлігінің жерлері – 33,5 мың га (19,3 %);
- темір жол көлігінің жерлері – 14,0 мың га (8,1 %);
- байланыс жерлері – 1,3 мың га (0,8 %);
- басқа ауыл шаруашылығынан өзге кәсіпорындардың жері – 80,0 мың га (46,1 %).
2006 жылмен салыстырғанда осы санаттағы жерлердің көлемі, өнеркәсіптік кәсіпорындарына қосымша жерлер берілгендіктен 1,1 мың гектарға ұлғайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi Осы санаттағы жерлердің ауданы 2007 жылы өзгерген жоқ және 1 млн.446,4 мың га (5,1 wacko құрайды.
Соның ішінде:
- емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер - 0,5 мың га,
- қорықтардың, ұлттық парктердің, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың жері – 781,2 мың га.
Орман қорының жері 2 млн 187,3 мың га (7,7 wacko құрайды.
Су қорының жері 2007 жылдың 1 қарашасына 572,0 мың га (2,0 wacko болды. Ол Күршім ауданындағы шаруа қожалығына жерлерді беру есебінен 0,4 мың га азайды.
Босалқы жерлер 13 млн. 330,2 мың га (47,1 wacko құрап отыр, 2006 жылмен салыстырғанда жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 737,2 мың гектарға азайды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы 2007 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 22млн.661,3мың га немесе облыс аумағының 79,9 %-ын құрады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында егістіктің салмағы – 1млн138,6 мың га (ауыл шаруашылығыалқаптарының жалпы ауданының 5,0 %), көп жылдық екпелер – 5,8 мың га (0,03 %), тыңайған жерлер – 501,2 мың га (2,2 %), шабындық – 1056,8 мың га (4,7 %), жайылымдық – 19млн.948,7 мың га (88,0 wacko болды.
2008 жылдың 3 тоқсанына жер реформанының барысында жерлердің бөлінуі туралы ақпарат
Облыс бойынша 2008 жылдың 1 қазанына 3778,8 мың га жер көлемінде 17832 ауыл шаруашылықтар, 545,8 мың га жер көлемінде – 484 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (ААҚ, ЖШС және т.б.), 195,1 мың га жер көлемінде – 119 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар қалыптасты.
2008 жылдың 1 қазанына жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі
46575,5 га 222 жер телімдері 223831,6 мың теңгеге, оның ішінде: жалпы көлемі 28477,8 га 191 жер телімдері 135271,8 мың теңгеге – жеке тұлғаларға және жалпы көлемі 18097,7 га 31 жер телімдері 88559,7 мың теңгеге – заңды тұлғаларға сатылды.Жалпы облыс бойынша 2008 жылдың 3 тоқсанына жеке меншікке жалпы көлемі 1173,2 га 5156 жер телімдері 406758,4 мың теңгеге, жалпы көлемі 48,6 га 117 жер телімдеріне жалдау құқығы 10308,2 мың теңгеге сатылды.
Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жер қатынастары бөлімдерімен берген мәліметтері бойынша, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 16126 өтініш берілген. Саны бойынша ең көбі Өскемен қаласы бойынша – 9603, Семей қаласы бойынша 2,7 есе аз – 3491, ары қарай Ұржар ауданы бойынша – 633, Ұлан ауданы бойынша - 466 өтініш және т.б.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 6377 жер телімдері бөлінді, ол берілген өтініштердің 40,0 пайызын құрайды, оның ішінде 2008 жылда – 647 жер телімдері. Тапшылық 9745 жер телімін құрайды, немесе 975 гектардай.
2008 жылдың 3 тоқсанында мекемемен облыстық атқарушы органының құзыретінің шегінде жер телімдеріне жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулыларының 6 жобасы дайындалды:
1. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС – 1,8 га, «Ала-Айғыр» кен орнында, Жарма ауданы – саз балшықтарын өндіру үшін.
2. «СМУ-Шығыс» ЖШС –8,1 га, «Үйдене» кен орнында, Зайсан ауданы – малтатас-құмды қоспасын өндіру үшін.
3. «СМУ-Шығыс» ЖШС –22,2 га, «Зайсан» кен орнында, Зайсан ауданы – кірпіш саздақтарын өндіру үшін;
4. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ – 80,0 га, «Селезневское» учаскесі, Зырян ауданы – барлау жұмыстарын жүргізу үшін;
5. «Alina holding» ЖШС –13,1 га, «Ақшам» кен орнында, Семей қаласы – мәрмәрді өндіру үшін;
Категория: География | Добавил: Admin | Теги: география, Қазақстан, Шығыс, қоры, Жер, облысының
Просмотров: 3732 | Загрузок: 1003 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]