Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ақпараттық технологиялар
[ Скачать с сервера (134.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
12.06.2014, 21:45

К І Р І С П Е

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [1]
Ақпараттық технологияны меңгеру саласында біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, С.Н.Лактионова, М.С.Мәлібекова, О.С.Сыздықов, А.Нұғысова, С.Маусымбаев және т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдістемелік іскерліктері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (С.Н.Лактионова, Л.Ю.Малай және т.б.), мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру (С.Р.Доманова, Е.Н.Пасхин және т.б.), компьютерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру (В.М.Блинов, Н.Н.Диканская және т.б.) және т.б. қарастырылады.
Компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән берген Ж.А.Қараевтың (оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру), А.Ә.Шәріпбаевтың (компьютердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу), С.М.Кеңесбаевтың (болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалана білу проблемалары), М.Ф.Баймұхамедованың (компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері), Ж.Ж.Жаңабаевтың (ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандардың инженерлік-сызба даярлығын жетілдіру) еңбектерінің кейбір бағыттары аса қызығушылық танытады.
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің алдына оқушылардың болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.
Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік, дағдының да аясы үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
Жаңа ғасырға білімді адам болып компьютерлік технологияны жетік меңгергенде ғана енуге болады. Өйткені халықтың іс-әрекеті барған сайын олардың ақпараттануына, компьютердің және телекоммуникацияның көмегімен алған ақпараттарын тиімді өңдеу қабілетіне байланысты. Бұл орта білім беру жүйесінің алдына оқушылардың компьютерлік технологияны практикалық әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру міндетін қояды. [2]
Дипломдық жұмыстың мақсаты – оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін айқындау және осы даярлықты ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру. Интерактивті оқу құралдарын жетік меңгеріп, пайдалану үрдісін үйрету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдерін негіздеу және тұжырымдау.
2. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау мазмұнын анықтау және оқу-әдістемелік кешенін жасау.
3. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау әдістемесін жасау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы – егер, интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдістемелік тәсілдері айқындалып, тұжырымдамасы жасалса, оларды практикада жүзеге асырудың мазмұны негізделіп, арнайы әдістемемен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда оқушылардың компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануынан білім, іскерлік, дағдысы қалыптасады.
Жетекші идея: интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы.
Дипломдық жұмыстың көздері: дипломдық жұмыстың проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру мәселелері туралы нормативті құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар. [1, 2, 3, 4, 17, 21]
Дипломдық жұмыстың әдістері: дипломдық жұмыстың проблемасына қатысты әдебиеттерге теориялық талдау, орта білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді зерделеу, тест, әңгімелесу, практикалық тапсырма, дипломдық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері негізделді.
2. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау мазмұны анықталды және оқу-әдістемелік кешен жасалды.
3. Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың практикалық мәні. Оқу-тәрбие үрдісіне:
• «Интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлау тұжырымдамасы»;
• оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде
пайдалануға даярлаудың әдістемелік жүйесі;
• «Компьютерлік технологияның орта білім беру жүйесіндегі мәні»,
• компьютерлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, әдістемелік нұсқаулар
ендірілді.
Дипломдық жұмыстың нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарында, орта білім беру орындарында, мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың базасы: дипломдық жұмыстың практикалық бөлімі: 1) «Интерактивті тақтамен жұмыс істеу тәсілдері» атты оқыту курсы Н.Ақшабаев атындағы орта мектепте; 2) тексеруді ақпараттық технология негізінде өткізу жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс №36 орта мектебінде орындалып, нәтижелері оқу үрдісіне енгізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні туралы ақпарат беріледі.
«Білім беруді ақпараттандыру үрдісі» атты бірінші бөлімде қазіргі қоғамды ақпараттандыру, білім беру үрдісін ақпараттандыру, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру және оның мақсаты жайында баяндалады. Ақпараттық қоғамның негізгі талаптары, ақпараттық бірлікті қалыптастыру қарастырылады. Сонымен қатар, білім берудегі технологиялардың қазіргі білім беру жүйесіндегі мәні, технологиялық білім жайлы мағлұматтар беріледі.
«Информатика пәні бойынша интерактивті оқу құралын жасау технологиясы» атты екінші бөлімде интерактивті тақтамен оқытудың алғашқы бастамалары, «Активті экран» кешені, интерактивті тақтамен жұмыс, интерактивті тақтаның ерекшеліктері жайлы, интерактивті құралдардың түрлері, оларды қолдану, мүмкіншіліктері туралы толық мағлұмат беріледі. Мұнда оқушыларды компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың мазмұны, өзіндік ерекшеліктері сипатталып, оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды қамтамасыздандыратын кешеннің мазмұны қарастырылады.
«Информатика пәнін оқытудағы интерактивті тәсілдер» атты үшінші бөлімде оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі, интерактивті оқыту әдістемесі, интерактивті оқыту әдістерін қолдану, интерактивтік технология, қашықтан оқытуда интерактивтік сабақтарды ұйымдастыру жайлы айтылады. Мұнда оқушыларды компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайы қарастырылады. Оқушылардың компьютерлік технологияны пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері негізделеді, компьютерлік технологияны білім беру жүйесінде пайдаланудың бүгінгі тәжірибесі мазмұндалып, оны жетілдіруге байланысты тұжырымдамасы ұсынылады.
Практикалық бөлімде оқушыларды компьютерлік технологияны оқу үрдісінде және оқудан тыс жұмыстарда пайдалануға даярлау әдістері мен формалары беріледі, тәжірибелі-эксперимент жұмысының ұйымдастырылуы және нәтижелері сипатталады, оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың перспективасы беріліп, электронды оқыту жүйесі құрылды.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындысы талданып, қағидалары тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары және проблеманың болашақта зерттелетін бағыттары көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмыс барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылады.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар мен құжаттар келтіріледі.

1. БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҮРДІСІ

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп, жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті үрдіс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Осыған орай, біздің еліміз де ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Категория: Информатика
Просмотров: 4588 | Загрузок: 1266 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 1
1 Solnyf  
ДВ! а как скачать полностью эту работу?? где кнопка скачать?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]