Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика] |
03.02.2012, 13:56 |
Интернет желісіне қысқаша сипаттама
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды. Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр. Интернетке қосылудың физикалық принциптері. Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады. Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін. Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті. Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар: Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады. Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады. Модемнің негізгі атқаратын міндеттері: - телефон номірін автоматты түрде теру; - желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату; - сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу; - байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру; - факстік хаттарды қабылдау және жіберу; - автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару. Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді. Ерекше қолданушы желісі (ADSL) (сур.) Қарапайым модемнен айырмашылығы, ADSL модемі сигналдарды ауыстырмайды, бірден сандық түрде телефон желісіне жеткізеді. Интернетпен байланысу кезінде телефонның кәдімгі сөйлесуді қамтамасыз етуі бұл әдістің ерекшелігі болып табылады. ADSL байланысының теориялық жылдамдығы 7 Мбит-қа жетеді. Ұялы байланыс арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігі. GPRS және CDMA. Бұл байланыстың ерекшелігі – Интернетпен байланыс кезінде ұялы телефон бос емес. GPRS үшін теориялық жұмыс жылдамдығы 128 Кбит-қа дейін жетеді.
Сурет. GPRS каналы арқылы Интернетке қосылу
Ұялы байланыс арқылы қатынау (Wi-Fi). Wi-Fi технологиясы Интернетке жылжымалы компьютерлерден (ноутбуктер) қатынауды қамтамасыз етеді. Байланыстың теориялық жылдамдығы – 1Мбит/с. Әдетте бұл қосылу түрі қоғамддық орындарда (аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орталықтарында, офистер мен клубтарда) немесе ірі фирмалардың офистерінің қызметкерлері бір орыннан екінші орынға ауысу кезінде Интернетке жедел қатынау үшін қолданылады. Интернетте ұсынылатын қызметтер. Қазіргі кездегі Интернет қолданушыларына ұсынылатын түрлі қызметтер тізімі өте көп. Соның ішінде өте кең тарағандары: - Электрондық пошта (e-mail) –электрондық хаттарды жіберу және алу; - Алыстағы компьютердегі файлдарға ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызмет; - Бүкіләлемдік тор (WWW); - Интернет арқылы сөйлесу (IP); - Электрондық коммерция және банктегі счеттарды басқару; - Ақпарат іздеу (web-беттерді, файлдарды, қолданушыларды және т.б.) - Қолданушылар арасында өзара файлдармен алмасу және т.б. | |
Просмотров: 9347 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 2 | |
| |