Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Компьютерлік желілер, түрлері


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
03.02.2012, 13:54

Компьютерлік желілер, түрлері

 

Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.

Желі–мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілегн компьютерлердің жиынтығы.

Есептеу желісі–бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады.

Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары; желі серверлері; қатынастық тораптар.

Желі абоненттері–ақпаратты өңдеу немесе қолданатын нысандар.

Желі абоненттері жекелеген ЭЕМ-дер, ЭЕМ комплекстері, өндіріс роботтары, станоктар және т.б болуы мүмкін. Кез-келген желі абоненті станцияға қосылады.

            Станция–ақпаратты қабылдау және беруге байланысты қызметтерді атқаратын аппаратура.

Абоненттер мен станция жиынтығы абоненттік жүйе деп аталады.

            Абоненттердің өзара байланысын ұйымдастыру үшін физикалық тасмалдаушы орта қажет.

      Физикалық тасымалдаушы орта-

 

      Физикалық тасмалдаушы орта негізінде коммуникациялық желі құрылады. Сонымен, компьютерлік желі–бұл абоненттік жүйе және коммуникациялық желілердің жиынтығы.

 

 

Абоненттік жүйелердің аймақтық орналасуына байланысты ақпараттық желілерді 3 негізгі класқа бөлуге болады:

    • Ғаламдық желілер;

    • Аймақтық желілер (корпоративтік);

    • Жергілікті желілер

Ғаламдық желі  түрлі континент, елдер  абоненттерін біріктіреді. Мұндай желі абоненттері арасындағы байланыс телефон жүйесі және спутниктік, радио байланыс арқылы жүзеге асады. Ғаламдық есептеу желілері барлық адамзаттардардың ақпараттық ресурстарын біріктіру мәселесін шешуге және осы ресурстарға қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ең әйгілі ғаламдық есептеу желісі –Интернет.

Аймақтық желі үлкен қалалар, экономикалық аймақтар сияқты бір-бірінен біршама алыс орналасқан абоненттерді біріктіреді.

Жергілікті желілер өте қашық емес территориядағы орналасқан абоненттерді біріктіреді. Жергілікті есептеу желісі– бір-бірінен алыс орнласқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі

Компьютерлік желі иерархиясы:.

       Коммуникациялық желілердің негізгі құрауыштары:

 Байланыс арналары

 
Желі топологиясы–бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: түрлері, Компьютерлік, желілер, Информатика
Просмотров: 16793 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]