Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жобаның интерфейсін құру.
[ Скачать с сервера (15.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
29.02.2016, 14:00

11 сабақ 10 а сынып
Күні ________

Сабақтың тақырыбы: Жобаның интерфейсін құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға визуальды бағдарламалау жүйесімен, басқару элементтерімен жұмыс істеуді меңгерту. Жобаның интерфейсін құра білуге үйрету
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, тақта
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Интерфейс-компьютерде сақталған және қолданушының енгізген ақпараттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар мен ережелердің жиынтығы.
Кез келген иетерфейсті (ағыл.inter- аралық, face-бет) жасаушы программалаушылардың мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасағанда (құжаттармен, мәліметтер қорымен, графиктермен, кескіндермен) жоғарғы сапаны, қолайлылықты қамтамасыз етеді. Программалаушылар қолданбаның ішкі және сыртқы түрінің, жұмыс істеу тәртібі сапасының қолайлылығының қамтамасыз ету үшін, программаға тапсырыс беруші пайдаланушылармен жиі байланыста болады. Интерфейсті жобалағанда қолданбада қанша құжат типімен жұмыс істеледі, мәліметтік иерархиялық бұтақтары бола ма? Белгілі бір уақыт шамасында қанша құжатпен жұмыс жасалады? Деген сұрақтардың барлығына үлкен көңіл бөлінеді, осыдан барып керекті интерфейс типі таңдалады.
Егер қолданушылар тілімен айтатын болсақ, интерфейс- бұл нысандардың жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты белгілі бағытта орындау жүзесі асырылады.
Visual Basic программасында пішін пайдаланушы интерфейсін құру үшін нысандарды орнату терезесі болып саналады. Егер Visual Basic программасын қолданатын болсақ, интерфейстің қарапайымдылығы мен қолайлылығын қамтамасыз етуіміз керек.
Көпқұжатты интерфейс құру.
Visual Basicтілінде де басқа программалар сияқты бірнеше құжатпен жұмыс істеуге болады. Оны көпқұжатты интерфейс деп атаймыз.
Интерфейс жобасын құру:
• «пифагор» және «1-физикалық есеп» жобаларымен байланыс ұйымдастырамыз.
Ағымдағы пішін белсенді жұмыс істеп тұратындықтан, мұндағы мәзірлер келесі әрекеттер бойынша орындалады:1) «пифагор» программасын шақырады; 2) «1-физикалық есеп» программасын шақырады.
• Белсенді пішін ішіндегі программа пішіндерін каскад не жоғарыдан төмен етіп орналастыру керек.
• Жұмыс үстелінде «10-сынып» бумасын құрып аламыз
• Айнымалы, айнымалыны хабарлау тақырыптарын өткенде «пифагор» және
«1-физикалық есеп» жобалары құрылған.
• Осы бумадан «1-физикалық есеп» жобасын ашамыз, Project-Add Mdi Form жаңа пішін қосамыз. Add Mdi Form терезесінде New қосымшасына Ашу батырмасын шертеміз.
Сабақты бекіту:
1. Интерфейс дегеніміз не?
2. Интерфейс қалай жобаланады?
3. Көпқұжатты интерфейс дегеніміз не?
Үйге тапсырма:§13 оқу, мазмұндау
Бағалау

Категория: Информатика | Добавил: guldan_1979
Просмотров: 5482 | Загрузок: 103 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]