Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Металдар тарауын қайталау 9 сынып
[ Скачать с сервера (15.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Химия]
17.06.2015, 19:50

Металдар тарауын қайталау 9 сынып

Тақырыбы: Металдар тарауын қайталау. 9 - сынып
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларда металдардың маңызы, қосылыстары, қолданылуы мен кен орындары туралы мағлұмат бере отырып тарауды қорытындылау;
ә) дамытушылық: оқушылардың химиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалап, химиялық реактивтермен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: слайд, реактивтер мен құрал - жабдықтар
Сабақтың түрі: қайталау Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

І."Ғажайып жетілік". 7 ұяшық беріледі. Оқушылар ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріп ұпай жинайды.
1 - ұяшық. Металдардың ортақ қасиеттері қандай, сипаттама беріңдер.
2 - ұяшық. Қара металдар тобына жататын элемент.
3 - ұяшық. Түсті металдарды атаңдар.
4 - ұяшық. Сирек кездесетін металдарды атаңдар. (Li, Rb, Cs, Be, Mo, W, Zr, Nb, Ta)
5 - ұяшық. Алюминий мен қосылыстары Қазақстанның қай аймағында кездеседі?
6 - ұяшық. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын кім ұсынды?
7 - ұяшық. Жемірілу қандай құбылыс?

ІІ. "Тапқырлық". Оқушыларға металдың физикалық және химиялық қасиеті, қолданылуы беріледі. Сол арқылы оқушылар жасырылған металды тауып, сол металға қатысты мақал - мәтелді айтуы керек.
ТЕМІР
• магниттік қасиетке ие
• ІІ және ІІІ валентті
• 26 протон бар
Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай
Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай

АЛТЫН
• бағалы, шірімейді
• 197 с. а. м
• жылтыр
Алтын - күміс тас екен,
Арпа - бидай ас екен

ТЕМІР
• гемоглобин
• гематит
• тат басады
Ескі мата бөз болмас,
Ескі темір біз болмас

КҮМІС
• бағалы, құнды
• әшекей бұйым
• бактерияны жояды
Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан

МЫС
• қызғылт түсті жылтыр
• электр тогын өткізеді
• қола
Пәлен жерде алтын бар
Барсаң мыс та жоқ

АЛТЫН
• шірімес
• қараймас
• бұзылмас
• ірімес
Жылтырағанның бәрі алтын емес

ІІІ. "Артығын тап".
1. Литий. ----- 2. Мыс. --------- 3. магний. ------- 4. Титан
Натрий. ------- Алтын. ---------- Мырыш. --------- Йод
Калий. -------- Хлор. ------------ Цезий. ------------ Рубидий
Кальций. ----- Күміс. ----------- Күкірт. ------------ Стронций
Оттек. -------- Алюминий. ----- Барий. ----------- Натрий

IV. "Қасиетімді таны". Оқушыларға темір, алюминий, мыс және қышқылдары беріледі. Осы арқылы металдардың қасиеттері түсіндіріледі.

V. "Металдар тұрмыста". Металдардың тұрмыста қолданылуын түсіндіріңдер
VI. "Есеп шығару". 1. Массасы 32г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий қажет? Ж: 10, 8г
2. Массасы 18г мыс пен темірден тұратын қоспа 8, 415л хлормен әрекеттессе, бастапқы қоспаның құрамы қандай? Ж: темір 8, 46г, мыс 9, 54г
VII. Үйге тапсырма. Металдар тарауын қайталау

Категория: Химия
Просмотров: 2651 | Загрузок: 32 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]