Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Альдегидтер және кетондар
[ Скачать с сервера (35.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Химия]
12.04.2016, 20:25

17 Сабақ

Сабақ жоспары

Пән    Химия

Сабақ такырыбы Альдегидтер және кетондар

Сабақ мақсаты

1. Білімділік

Көмірсутектер тақырыбы бойынша студенттердің білімін толықтыру, студенттердің альдегидтер және кетондар туралы түсінік қалыптастыруларына  жағдай жасау.

2. Дамытушылық

Ұжыммен жұмыс жасау, ізденушілік қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік

Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ типi    Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Құрал-жабдықтар, көрнекі  кұралдар

11 сыныпқа арналған «Химия» оқулығы, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, кесте.

Әдіс-тәсілдер   Зерттеушілік, түсіндірмелі-иллюстративті.

Пән аралық байланыс Математика, биология

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

І.Ұйымдастыру- мақсаттық кезеңі

Топпен сәлемдесу, кезекшіні анықтау, білім алушыларды түгелдеу. Сабақтың тақырыбын және мақсаттарды анықтау (5 минут).

II.Үй тапсырмасын тексеру

Фенолдар тақырыбы. 179 беттегі 3 тапсырманы орындау (қосымша 1).

Лездеме сұрақтарына жауап бер:

  1. Фенолдарға анықтама бер.
  2. Фенолдар халықаралық номенклатура бойынша қалай аталады?
  3. Фенолдарға изомерленудің қандай түрлері тән?
  4. Фенолдардың физикалық қасиеттеріне сипаттама бер.
  5. Фенолдардың химиялық қасиеттеріне сипаттама бер.
  6. Фенолдар қайда қолданылады? (15 минут).

III. Жаңа білімді меңгеру кезеңі

  1. Оқулық мәтінімен жұмыс. Оқулықтың 181-190 бетіндегі мәтінмен танысу. Ұжыммен мәтінді талдау  (20 минут).
  2. Алынған жаңа ақпарат бойынша тірек жазба жасау (15 минут).
  3. Сергіту сәті «Менің көңіл күйім». Әр студент өзінің көңіл күйін ауа – райымен, белгілі бір құбылыспен байланыстырып айтады (5 минут).

IV. Жаңа білімді  бекіту кезеңі

1. Оқулықтың 190 бетіндегі 9 тапсырманы жазбаша орындау (10 минут).

2. Оқулықтың 190 бетіндегі 10 тапсырманы жазбаша орындау (15 минут).

V. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі

Карбон қышқылдары тақырыбы бойынша ақпарат жинау (ауызша) (2 минут).

VI. Рефлексивті бағалау кезеңі, сабақты қорытындылау

  1. Оқушыларды бағалау (2 минут).
  2. Сабақты қорытындылау (1 минут).
Категория: Химия
Просмотров: 3175 | Загрузок: 69 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]