Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (12.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика] |
04.03.2015, 15:30 |
Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс Математика пәні оқушылар үшін қиын пәндердің қатарына жатқызылады. Әр сабақта ереже, формула жаттау, тек жаттап қана қоймай, оны есеп шығаруда қолдана білу қабілетті оқушылар үшін оңай болса, үлгірімі төмен оқушылар үшін оңай емес. Осы қиындықты шешу пән мұғалімдері тарапынан шеберлікті, ерен еңбекті талап етеді. Әр сабағымды қайталаудан бастаймын:формулалар жазып,есептердің шығару тәсілдерінен үзінді аламын.Алынған білімді тиянақтау мақсатында жаппай тексеріс жүргіземін:оқушылар тақтаға өз еркімен,қол көтеріп,шығады,ал нашар оқушыларға көрнекіліктер ұсынып,өздерінің шығару тәсілдерін таңдауына мүмкіндік беремін.Бұл жауаптарға баға қоймаймын,бірақ алдағы сабақтарда ескеремін.Бұл қайталау сабақтарында. Ал жаңа сабақ түсіндіргенде нашар оқушыларды үнемі назарымда ұстап,оларды қорытуға,пікірлерін айтуға шақырамын.Оқушылар өз ойларын дұрыс айтуды қадағалаймын. Практикалық сабақтарда,яғни есеп шығару кезінде өз еркімен 3-оқушыны тақтаға шақырамын,біреуі міндетті түрде нашар оқушы болуы қажет.Оқушылар менің өзім шығарған ұқсас үлгілеріме қарауға да рұқсат беремін.Нашар оқитындар өз дәптерін пайдаланып,өздік іс-әрекеттер жасаса құптап отырамын.Олардың жанына жақсы оқитындардан консультант (кеңесші) қоямын,не өзім бақылаймын. Ұқсас тапсырмалар орындаса да нашар оқушыларға жақсы баға қоюға тырысамын. Әр сабақта өздік жұмыстарды өткіземін:бақылау не үйрену (дағды) жұмыстың түрлерінің көлемі көп болмауы қажет,бұл жұмыстардың мақсаты баға қою ғана емес,оқушының нені түсінбегенін анықтайды,неден қиналғанын ұғуға болады.Кейбір оқушылар бұл жұмыстарды неден бастарын білмей қиналады,сол кезде қасына барып жаңа тақырыптың тәсілдерін көрсетіп,мысалдарына назар аударамын,ұқсас екенін айтамын,анықтама материалды пайдалануға да болатынын ескертемін.Кейде нашар оқушы тапсырманы орындап үлгермейді,сол кезде тапсыр деп қыспаймын,келесі сабаққа жақсы орындап,үйден қарап келуді ұсынамын,сосын бағалайты- нымды айтамын.Келесі сабақта сол нашар оқушылардың жұмысын тексеріп,бағалаймын. Бақылау жұмыстарын 2 деңгейлік қиындық дәрежесінде өткіземін:біреуі міндетті,екіншісі қосымша.Нашар оқитындар,әрине,міндетті деңгейді орындайды,бағдарлама талаптарына сай деңгейдің өзіне олар қиналатыны белгілі.Бақылаудан «2» бағасын алғандарға тапсырманы қайта менің көмегіммен,не жақсы оқушы-консультанттың көмегімен орындатамын.Қатемен жұмысты оқушының өзі орындағаны тиімді болғанымен олардың тапсырмаға өздерінің әлі жетпегенін ескеріп отырамын. | |
Просмотров: 3014 | Загрузок: 95 | |
Всего комментариев: 0 | |