Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
[ Скачать с сервера (243.7 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика]
22.07.2015, 19:34
Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Мақсаты:
• Оқушылардың ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану алгоритмдерін қайталап, есеп шығаруда, теңдеулер шешуде тиімді пайдалануға машықтандыру ;
• Осы тақырып бойынша білімдерін өмірде, әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру;
• Ауызша және жазбаша тез есептеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
• Оқушының осы тақырып бойынша жүйелі білім алуына жағдай жасау ;
• Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикалық сауаттылығының артуына, ізденімпаздық қасиетінің дамуына ықпал ету;
• Өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелей отырып, математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу (үшбұрыштарға жазылған сандар атауы арқылы). Дұрыс, бұрыс және ондық бөлшектер )
2. Өткенді қайталау. (“Қарлы кесек” ойыны)
3. Тез шығарып есепті, зерек болып өсейік.
4.Үтір қайда тығылды? Қане ойланып көрейік!
5.Сергіту сәтті.
6. Әркез ондық бөлшекті салыстыра білейік!
7.Мұны біліп жүрейік , зейінімізге түйейік!
8. Ережені білеміз , тез есептеп жүреміз!
9.Қолданамыз қай жерде?
10. Бағалау.
11.Қорытындылау

• “Қарлы кесек” ойыны
Әр топқа қойылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру талап етіледі.
• Тез шығарып есепті,
зерек болып өсейік.
1,2 – 0,7= 12,3 + 0,45= 2,3  4 = 3,5 – 1,08=
25,5 : 5 = 1,26 : 2 = 1,34 : 4= 1,27 10=
1,3  0,3 = 5,7 : 1,9 = 0,1+1,09= 23,9:0,1=

Үтір қайда тығылды?
Қане ойланып көрейік!
1)123 + 37 = 16 2) 125·10 = 125
3)205 – 45 = 16 4) 352 : 100 =352
5) 125 · 8= 10 6) 15 – 32 =118

Сергіту сәті!
Бірімізге – біріміз
Басымызды иеміз,
Бірімізге –біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Жақсы оқып сабақты
Тәрбиелі боламыз.
5,9 6,3 3,6
2,3 2,7 0
3,7 4,1 1,4

Әркез ондық бөлшекті салыстыра білейік
Бірінші бағаннан ең кіші санды анықта
Екінші бағаннан ең үлкен санды анықта.
Үшінші бағандағы сандардың
ішінде үлкен емесі де,
кіші емесі де қай сан?./2,3+6,3+1,4=10/
Мұны біліп жүрейік, зейінімізге түйейік!
10 дм

Киік киелі жануар. Оның денесінің ұзындығы шамамен 1м-1,5м екені белгілі.
Ал енді киіктің салмағын білгілерің келсе төмендегі тапсырманы орындаңдар.


Қатені тап:
2,56 4,29 31,6 45,62
+ 3,7 - 2,7 - 1,6 - 12,86
_____ _____ ____ ____
2,93 4,02 30,6 58,48
Колибри әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 – 2 грамм


Жолбарыстың құйрығының ұзындығы 90 см,
бұл оның денесінің 0,4 бөлігін құрайды. Жолбарыстың денесінің ұзындығын табыңдар?

Есепті теңдеу құру арқылы шығар:
Самал бір сан ойлады, ойлаған санын 2,5 бөліп, шыққан бөліндінің мәнінен 2,9 азайттып, 0,7 шығарып алды.
Самал қандай сан ойлады?
х : 2,5 – 2,9 = 0,7
Есепті шығар:
Үшбұрыштың қабырғалары 1,7 см, 1,7 см және 1,6 см .Үшбұрыштың периметрін табыңдар
P=a+b+c
P=1.7+1.7+1.6=5/см/

Есепті шығар: Арақашықтығы 26,4 км екі үйден бір мезетте екі бала шығып, 3 сағаттан соң кездесті.Егер бір баланың жылдамдығы екінші баланың жылдамдығынан 1,4 км/сағ. артық болса, онда әр баланың жылдамдығын табыңыз.
«Ережені білеміз, тез есептеп жүреміз»
1 -нұсқа 2 -нұсқа
1) 2,94 ·10= 1) 3,52 ·10=
2) 0,73 ·100= 2) 0,56 ·100=
3) 50,6:10= 3) 32,1:10=
4) 0,3:100= 4) 0,9 :100=
5) 19 ·0,1= 5) 27 ·0,1=
6) 78,5 ·0,01= 6) 41,4 ·0,01=
7) 25:0,1= 7) 16 :0,1=
8) 0,689:0,01= 8) 0,628: 0,001=

Ондық бөлшектерді қосу ережесі:
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1. Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай етіп баған түрінде жазу керек;
2) разрядтар бойынша қосу керек;
3) қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек
Ондық бөлшектерді азайту ережесі:
Ондық бөлшектерді азайту үшін:
Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай етіп баған түрінде жазу керек;
2) разрядтар бойынша азайту керек;
3)айырмадағы үтірді азайғыштағы, азайтқыштағы үтірлердің астына қою керек

Ондық бөлшектерді көбейту ережесі:
Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;
2) көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Ондық бөлшектерді бөлу ережесі:
Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:
1) бөлгіште неше ондық таңба болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға
қарай сонша цифр аттап көшіру керек;
2) шыққан натурал санға бөлуді орындау керек

Оқушыларға жоғарыдағы ережелер беріледі
Оқушылар берілген жауап бойынша сұрақтар құрастыру керек.
«Қолданамыз қай жерде?»

Тағы басқа Үйлер
салғанда

Медицинада

Ондық
Көпір лер бөлшек
салғанда
Уақыт
өлшегенде

Спорттық
жарыстарда

Үй тапсырмасы: 1) ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережесін қайталау;
2) № 1059,1066 есептерді шығару.
Бағалау:
Әр топқа табыс критерилары жазылған бағалау парақтары беріледі. Сол бойынша оқушының өз бағасы, топ басшысының бағасы, мұғалімнің бағасы қойылып бағаланады.
Қорытынды:
Сендерге сабақ қызық болды ма?
Тапсырмаларды орындауда қандай қиыншылықтар болды?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?
Көңіл-күйлерін қалай?
Категория: Математика
Просмотров: 2599 | Загрузок: 28 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]