Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Дәулеткерей Шығайүлы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ән күй (музыка)]
03.02.2012, 17:11
10.09.2011, 11:03
Дәулеткерей Шығайүлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат қүруға тәрбиелеген. Алгашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның карапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, кыстауларды кең даламызга бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дөулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX гасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.

Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жүбановтың айтуына Караганда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шакты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанган. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сүлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар.

1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкинелімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, акынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан. Дөулеткерей 1861 жылы Қызылқүрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Қүрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Қүрманғазымен өңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты өсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жүбанов. Қүрманғазы және оның шөкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдаткан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді.

Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке үмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. "Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған:

"Бүл күй — дыбыстық мүмкіндігі аз домбыраның тар көмейіне сыймай, тасып жатқан терең де мол, көтеріңкі лептегі мән-маңызы зор шығарма".

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, үзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.

Шығармашылығы

Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-түрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар

Категория: Ән күй (музыка) | Добавил: Admin | Теги: Дәулеткерей, ӘН КҮЙ (МУЗЫКА), Шығайүлы
Просмотров: 4604 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]