Медиация (латынның medius деuty сөзі – екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) – бұл, дау – жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі. Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің «кемелденген түрімен» салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.