Главная » Файлы » Рефераты |
Қонақ үй және туризм
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Әлеуметтану және құқық] |
04.04.2012, 17:28 |
ҚР Туризм және спорт вице-министрі елордадағы қонақ үй кешендерінің басшыларымен жүздесті Кездесуде биыл қазанның 1-і мен 9-ы аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымы бас ассамблеясының 18 сессиясына дайындық жайы сөз болды. Қаңтардың 21-і күні Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елордадағы қонақ үй кешендерінің басшыларымен кездесті. Бас қосудың әңгіме өзегі биыл қазанның 1-і мен 9-ы аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымы (ДТҰ) бас ассамблеясының 18 сессиясына дайындық жайы болды. (ДТҰ - БҰҰ-ның салалық ұйымы болып табылады). «Аталмыш беделді ұйымның кезекті сессиясына әлемнің 156 елі қатысады. Қатысушы мемлекеттерден туризм министрлері бастаған делегация, сонымен бірге осы саладағы 350-ге тарта халықаралық бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері келеді деп күтілуде. Абыройлы шараның ұйымдастырылуына, үздік өткізілуіне қонақ үй кешендерімен және туристік компаниялармен күш біріктіргеніміз дұрыс», деп атап көрсетті Қ.Өскенбаев. Вице-министрдің айтуынша, Астана көп көлемдегі қонақтарды қабылдауға және оларды орналастырып, жайғастыруға әзір. Күзде өткізілгелі отырған ауқымды шараға 1,5 мың адам келеді деп күтілсе, қаладағы қонақ үйлер 2,5 мың адамға дейін қабылдай алады. «Қазақстанның, Астананың беделін әлемге таныту үшін, елорда әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі мен қонақ үй кешендері арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуіміз керек. Жазда Англия-Қазақстан футбол ойынының кездесуі өтеді, әлемдік дін өкілдерінің құрылтайы жақындады. Шараларды өткізу, шетелдіктерді қабылдаудағы ұйымдастыру жұмыстары бірлесе жасалуы қисынды болар еді», дейді ол. Қонақ үй Қонақ күту саласында ертеден жинаған тәжірибеміз мол бола отырып, біздер өз клиенттерімізге біздегі барең жақсы нәрселерді ғана ұсына аламыз. Біздер өз клиенттеріміздің төңірегіне оған кедергі келтірмей, үйдің жайлы жылылығын, қолайлы жағдайларды, тамаша қызмет көрсету мен елімізге тән қайталанбас қонақ күту кәдесін жүзеге асыра аламыз. Осы және басқа жетістіктеріміз біздерді қонақ күту саласында көшбасшылық орнымызды сақтауға көмектесіп келеді. Біздердің ең маңызды игілігіміз – ол біздің ұжымымыз және қонақтарымыздың көтеріңкі көңіл-күйі - әрине ол олардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесі болып саналады. Бізге қонақ болып келіп, Сіз өзіңізге көрсетілген жайлылық пен көңіліңіздің тоқмейілсуі – біздің бір кісідей жұмыла істеген еңбегіміз екенін жақсы түсінесіз. Қонақ үй / Тарих Көп қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, тек Алматы қаласының ғана емес, күллі еліміздің көз тартарлық архитектуралық ғимараты болып табылады. Осы 25 қабатты құрылыс бұрынғы КСРО аумағындағы жер сілкінісінің қаупі бар аймаққа салынған ең биік ғимарат болып саналады. Қолайлы жерге орналасқандықтан, қонақ үй әйнегінен Іле Алатауының ғажайып көріністерін тамашалауға болады. Қара жерден көкке қарай жүзметрден астам биіктікке шаншыла салынған қонақ үй, өн бойымен ғажайып архитектуралық ансамбльді құрайды. Бұл ғимаратсыз, Алматы қаласы мүлде басқаша болып көрінетініне ешбір шәк келтіре алмайсың. Қонақ үйдің құрылысы кезінде, әлі күнге дейін жаңашылдық мәнін жоғалтпаған жаңа технология қолданылған еді. Шапшаң қимылмен аспанға қол созып жатқан бүгінгі қала мен жаңа құрылыстардың бой көрсетуі аясында, «Қазақстан» қонақ үйі жоғары көркемдік үлгісі мен біртуар архитектуралық шешімімен, әлі күнге дейін қала қонақтарының таңдайын еріксіз қақтырып келеді. «Қазақстан» қонақ үйі өте ерте уақыттан бастап Алматы қаласының символына айналған еді. Керемет архитектуралық үлгісі, қайталанбас сұлулығы мен сызықтарының тұжырымдылығы, жалпы түрі – осының бәрі жинақтала келе, қаланың сыртқы көрінісі мен еліміздің дамуына көп ықпал етті. Қазіргі уақытта, қонақ үйдің суретін қаламыз бен еліміздің көптеген жарнамалық материалдарынан, ақша қағазынан, қатырма ашық хаттардан, картиналар мен миллиондаған азаматтардың жеке фотографияларынан кездестіруге болады. Өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасы, жайлылық пен үйдің жылылық аясын қамтамасыз етуге ұмтылысы 2002 жылы «Еуропа Аркасы» наградасымен, ал 2003 жылы сапаға ұмтылу үшін берілетін Платина жұлдызымен марапатталған болатын. Қонақ күту саласында үлкен тәжірибе жинақтасақ та, біздер біздің қонақтарымыздың қалауы әрқашан өзгеріп отыратынын жақсы білеміз. Бұған тез өзгеріп жатқан уақыт, менталитет пен басқа факторлар әсер етуде. Мұндай өзгерістерге дайын болу үшін біздер барлық уақытта жетілдіру үдерісін басымыздан өткізудеміз. Егер Сіз біздің қонақ үйімізге тоқтайтын болсаңыз, онда Сіз өз көзіңізбен демалу мен қызмет көрсетудегі Сіздің сұраныстарыңызды қанағаттандырып, жаңа тәсілдерді ендіру мен ашу жолындағы біздердің күш-жігерімізді сезініп, әділтұрғыда бағалайтын боласыз. 2006 жылғы 17 ақпанда өткен ашық аукционнан соң, «Қазақстан» қонақ үйі мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтті. Онсыз да жоғары деңгейде болған клиенттерге қызмет көрсету деңгейі, өзінің жаңа қарқынмен дамуы үшін қосымша күшке ие болып, бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді. Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады. Үкімет басшысы Даниал Ахметов тиісті бұйрыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұйрық мәтінінде көрсетілгендей, мұндай шешім қабылдау аталған қонақ үй кешендерін сатуда заңдылықтың сақталуы мен ашықтығы, сондай-ақ алда тұрған жылыту маусымында Алматы қаласының энергетикалық кешенін дайындау мақсатында қабылданған. Қабылданған құжатқа сәйкес "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының меншік құқығында тұрған қонақ үй кешендері жекелеген лоттармен сатылатын болады. Осы өкіммен, сондай-ақ қонақ үй кешендерін сату және дайындау жөніндегі комиссия құрылып отыр. Оның құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері және парламент депутаттары енген. Комиссияға ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник төрағалық жасайды. Комиссия құрамында парламент депутаттары Серік Әбдірахманов, Ерасыл Әбілқасымов, Амалбек Тшанов, Михаил Трошихин және Амангелді Таспихов жұмыс жасайды. Қала әкімдігінен - әкімнің орынбасары Асқар Сманқұлов бар. Бұдан басқа, комиссияға өз жұмысына байқаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарту міндеті жүктелді. Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Алматы" және "Қазақстан" қонақ үйлері кепіл мүлік ретінде, "Алматы Пауэр Консолидейтед" (АПК) жабық акционерлік қоғамының міндеттемесіне сәйкес "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамына берілген болатын. Аталған барлық нысан Алматы қаласында биылғы жылғы маусымда ашық саудаға түсуі керек еді, алайда сауда жүзеге аспады деп танылды. Содан кейін, АПК-ның күзгі-қысқы маусымға техникалық және технологиялық дайындығының нашарлығын ескере отырып, Үкімет АПК тоқтаусыз одан әрі жұмыс істеуін тұрақтандыру үшін қаражаты мен тиісті тәжірибесі бар "ҚазТрансГаз" компаниясының аталған қонақ үйлер мен АПК мүліктік кешенін сатып алуы туралы шешім шығарды. Сол кезде Үкімет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық саудада "Алматы" және "Қазақстан" қонақ үйлерін алдағы уақытта сату туралы шешім қабылдаған болатын. 16- тамызда өткен кеңесте үкімет басшысы энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, қабылданған құжаттың орындалуын және қонақ үйлерді сатқаннан түскен қаражатты жылыту кезеңіне қаланың энергетикалық кешенін дайындауды қамтамасыз етуге тапсырма берді. | |
Просмотров: 4231 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |