Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қылмыс жасау сатыларының жалпы сипаты. Қылмысқа қатысу
[ Скачать с сервера (35.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Әлеуметтану және құқық]
22.11.2014, 18:21

Жоспары:
Кіріспе…………………………………………………………………..3
Қылмыс жасау сатыларының жалпы сипаты …………..…….……..4
Қылмысқа қатысу………………………………………………..……10
Қорытынды………………………………………………………...…..13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………….…14

Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мелшері де жеке дара адам істеген кылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайссының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді аныктауға толык мүмкіндік туғызады.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте кеп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқгы жұмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс істеу сатыларының түсінігі және ұғымы.
Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Кінә бұл тұлғаға айып ретінде тағылады.Басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың негізгі заңдық базасы- Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыстық заңның кеңестіктегі және мезгілдегі күші, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары мен оларды істегені үшін белгіленеген жаза түрлері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі 1997 жылы шілденің он алтысында қабылданып, ол 1998 жылы бірінші қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстықы заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады.
Қасақана қылмыс бұл заңды бұзудың өрескел түрі. Қылмыстық заңдар қылмыстарға күресі арқылы соның ішінде қасақана қылмысқа күресу арқылы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, сол арқылы халықтың тыныш өмір сүруіне қамқорлық жасауға жәрдемдеседі.Құрылымы бойынша қылмыстық құқықтық қатынас объектіден, субъектіден және субъектілердің заңдық құқықтыры мен міндеттерін құрайтын мазмұннан тұрады Мұндай қатынастардың субъектілер ретінде бір жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге міндетті, бірақ осы жауаптылықтың заңмен бекітілген шегін және белгілеген тәртібін сақтауды талап етуге құқылы қылмыс жасаған адам танылады. Екінші жағынан- өзінің арнайы өкілетті органдары арқылы қылмыс жасау фактісін анықтауға, оны жасаған нақты адамның кінәсін дәлелдеуге міндетті және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады.

Категория: Әлеуметтану және құқық
Просмотров: 2136 | Загрузок: 121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]