Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қарым- қатынас әліппесі
[ Скачать с сервера (15.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Өзін өзі тану]
11.03.2017, 09:06

Мерзімі 9 ақпан
Сабақ №20
Мұғалім Тойбахова Ж
Сыныбы: 1 « б»
Оқушылар саны 11
Тақырып : Қарым- қатынас әліппесі
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ізгілік, тәртіптілік, сыйластық
Сабақтың мақсаты:оқушыларға қарым-қатынас жасау әліппесі туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Сабақтың міндеттері білімділік оқушыларға адами қарым-қатынас жасау ұғымын сыйластық қасиетімен байланыстыра отырып ұғындыру
дамытушылық: оқушыларды қарым-қатынастағы әдептілікке үйрете отырып, ізгілік, тәртіптілік, сыйластық қасиеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Ресурстар
1 .Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа даярлау. Сіздерге сәттілік тілеймін.Тыныштық сәті: Денелерімізді түзу ұстап, еркін отырыңдар. Ауаны терең жұтып, бойларыңдағы жай ұстаңдар. Көздеріңізді жұмып, «Жақсылық еліне саяхат жасаймыз » барамыз. Бұл елде жүректері таза, әрқашан көңілдібір-біріне көмектесетін балалар тұрады. Табиғаты әдемі, таза. Таза ауамен тыныстап аламызда, мектебімізге оралып, сыныбымызға кіріп, орнымызға отырамыз.
2.Үй тапсырмасын
тексеру Қарым-қатынас әліппесі деген не? Өз ойыңмен бөліс.
А.Байтұрсынұлының «Ақылды соқыр» мәтінін ата-ана көмегімен оқу
3. Дәйексөз «Жақсылық жасау да -бақыт.»Нақыл сөз
Жақсылық жасау дегеніміз бірейге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. -Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөлініп, бақытты боласың
4.Әңгімелесу Бірге оқимыз: А.Байтұрсынұлының «Ақылды соқыр» әңгімесін оқып беру. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу
«Соқыр »ойыны Бұл ойын өзара сенімді қажет етеді. Оқушылар жұпқа бөлінеді.
Біреуінің көзі байлаулы, екіншісі оны жетектейді. «Көзі көрмейтін» адам оң қолын жетектеушінің оң иығына қояды. Ойын дұрыс болуы үшін «көзі көрмейтін» адам сығаламауы тиіс. Ол жолында кездескен нәрселердің не екенін өзі анықтап айтуы керек. Біраз уақыттан соң рөлдері алмасады.
5. Шығармашылық іс-әрекет,топтық тапсырма 1-тапсырмаАдамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысы маңызды деп ойлайсыңдар? Ретімен айтындар.
2-тапсырма Жағдаятты шешіңдер.Сұрақтарға жауап беріңдер.
6. Топпен ән айту «Кімді сыйлаймын»
Өлеңін жазған Серік Тұрғынбековтікі
Әнін жазған Әсет Бейсеуовтікі
7. Үй тапсырмасы «Таңғы сәулелер» Константин Ушинскийдің әңгімесін ата-ана көмегімен оқу
Соңғы тыныштық сәті
Тойбахова Жадыра
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 

Категория: Өзін өзі тану
Просмотров: 3471 | Загрузок: 77 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]