Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Ана – өмір тірегі» Сабақ жоспары 5 сынып


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Өзін өзі тану]
12.01.2016, 15:03

Тақырып: «Ана – өмір тірегі»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Отбасына, бір нарсеге деген сүйіспеншілік, кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі т. б.
Мұғалiм:

Класс: 5
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім - ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;
- Балалардың жүрегіне анаға деген сүйіспеншілік, қадір – құрмет сезімдерін дамыту
- Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу; Ресурстар:
(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
- Қандай әсер алдыңыз?
- Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді? Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Баланың анаға деген қарым - қатынасы қандай болуы тиіс?
3. Анаға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
Әңгiмелеу.
Ертегі
«Ана – өмір тірегі»
Қазақ халқының ауыз әдебиеті (кітабынан)
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңізді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузына өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөніндегі өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті
Екінші баласы: Оны мылтықпен атып тастар едім,- депті
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірегін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
- Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім,- депті.
Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз,- депті.

- Осы әңгіменің идеясы неде деп ойлайсыңдар?
- Анамыздың алдындағы парызымызды қалай өтеуіміз керек?

Шығармашылық топпен жұмыс.
Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
- Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.........
- Ол үшін не істеуім керек
- Ашығын айтсам, анам ауырып қалса..................
- Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын........
- Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін...........
«Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. Балалар күннің шуақтарына аналарын сипаттап жазады.

Ана - өмір тірегі тақырыбын қорытындылау мақсатында алдарындағы парақтарға өз фантазияларына байланысты сурет саласыңдар.

Топпен ән айту.
«Анашым қартаймашы»
Сөзі:
Үй тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс
«Ана» туралы эссе жазып келу!

Категория: Өзін өзі тану
Просмотров: 3497 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]