Главная » Файлы » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (25.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар] |
28.02.2013, 19:32 |
Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі
мен сапасын кетеретін білім, біліктіліқ ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға
салынатын капитал. Адами капитал заттық (жеке) капиталдан: сатылмауымен,
сатылып алынбаушылығымен, тек қана адам капиталы жасаған қызметтер ғана
сатылатындығымен дараланады. Адам капиталын иеленуші оның қожайыны да бола
алады. Адам капиталын құру үшін материалдық қаражат жеткіліксіз, осы
капиталды иеленушінің еңбегі, сонымен қатар отбасы мен қоғамның рухани және мәдени салымдары қажет. Қарапотырсақ, Жолдаудыңреттіксаныонбесінші,
яғни, Президентіміздіңбұлигідәстүрдіөзініңелбасылықсалтынаенгізгенінедеонбесжылдыңжүзіболыптыдегенсөз.
Талқылау барысында осы Жолдауға орай ғалымдар ұжымын ойландырып,
толғандырған келелі мәселелердің баршылық екендігі байқалды. Талқылауға қатысқандардың
назарын әсіресе көбірек аударғаны – «Қазақстандағы адами капиталдың сапалы
өсуі» деген тақырып. Осы бір тарихи құжаттағы «Бұл, ең алдымен, білім
беру мен денсаулық сақтау» делінген сөзден туындайтын ойлардың өзі қаншама. Еліміз тәуелсіздік алғалы айтылып
келе жатқан мәселенің бірі адам факторы болып табылатындығы сөзсіз. Өйткені
мемлекеттің іргетасын қалаушы күш болып табылатын әрбір адам сол
мемлекеттің баға жетпес капиталы да. Басқасын айтпағанда, біздің
жұмыссыздықты еңсеру бағытында жеткен табыстарымыздың өзі халықаралық
қауымдастықтың назарын аударарлықтай деңгейде. Экономикалық дамудың
өтпелі кезеңіндегі Қазақстан жағдайында жұмыссыздықтың біршама
белең алғаны рас. Бірақ бұл өзекті мәселені шешу жолындағы мемлекеттің
мақсаткерлікпен жүргізіп жатқан жұмыстары өз нәтижесін бере бастаған. Басқа
дамушы мемлекеттерді былай қойғанда, экономикалық
жетістіктерге қол жеткізіп отырған алдыңғы қатарлы елдерде де жұмыссыздық
дерті шешіліп болмаған әлеуметтік кертартпа құбылыс. Белгілі қоғам қайраткері
әрі ғалым-журналист У.Қалижановтың келтірген деректеріне қарағанда, бүгінгі
таңда Америка Құрама Штаттарында жұмыссыздық 9 пайыз, Англияда 8,2,
Ирландияда 12, ал Грекияда 30 пайыз болып отыр. Ал тәуелсіздігін алғанына жиырма
жыл толған Қазақстан елінде бұл көрсеткіш қазіргі таңда 8 пайыздан 5 пайызға
кеміген. Жұмыссыздық пен күресу осылай қарқынды түрде жалғасын табатын
болса, алдағы жылдарда бұл көрсеткіш одан әрман төмендей түсуге тиісті
екендігін сеніммен айтуға болады. Бір жолғы талқылау нақты бір
тақырып төңірегінде өрбіді. Жолдаудың жетінші тармағында көтерілген «Адами
капиталдың сапалы өсуі» деген мәселеде Президент білім беру мен
денсаулық сақтау жүйесін алдыңғы қатарға шығарады. Білім мен ғылым өзара
сабақтас салалар болып келгендіктен, бұлардың ішінде айтылған ойлар
мен ұсыныстардың біздікі сияқты ғылыми мекемелерге тікелей де, жанама да
қатысы барлығы сөзсіз. Ғылым – мемлекеттің тек рухани ғана емес,
зияткерлік те құндылығы. Өзінің болашағын, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
еткісі келетін мемлекет қашанда бұндай өзекті ахуалдарға жете көңіл бөліп
отыруы тиіс. Бесінші рет шақырылып отырған
Парламенттің бірінші сессиясында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей,
бүгінгі таңда білім саласын модернизациялау үдерісі белсенді түрде жүргізілуде.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов атап өткеніндей,
білім беруді қаржыландыру 2011 жылы 25 пайызға артып, 1 триллион теңгеден
асып түскен. Бұл деген – қарапайым арифметикамен шешіп тастауға
болмайтын есепсіз қыруар қаржы. Оқушылар мен студенттердің әлеуметтік
жағдайын жақсарту барысындағы іс-шаралардың бет алысы да қарқынды, Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша 2015 жылға дейін студенттер үшін тағы да 93
жатақхана, соның ішінде Астана және Алматы қалаларында екі студенттер
қалашығы тұрғызылмақ. Мұндай ұнасымды әлеуметтік мысалдар еліміздегі адам
капиталының сапасын өсіруге тікелей ықпалын тигізсе керек. Міне, сондықтан ғалымдар қауымы,
Президенттің кезекті Жолдауын осы тұрғыдан сараптай келе ерекше көңіл бөлінетін
патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық,
тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық сияқты салалар
екендігін атап өтті. Өзіміздің бұқаралық тілімізге салып айтқанда, бұл
дегеніңіз қоғамдағы имандылық ахуалын нығайту деген сөз. Елбасының лексикалық қорынан
орын алған сөздердің бірі – патриотизм ұғымының мәнісі белгілі, ал
«Қазақстандық патриотизм» деген ұғымға қандай түсініктеме беруге болады? Еліміздің
қай азаматы да отанын сүйетін патриот болуы керек екендігі белгілі. Ал көп
ұлтты жағдайда патриотизмнің көріністері, негізгі сипаттары қандай болуы
тиіс деген мәселе ойландырады. Басқа ұлт өкілдерін былай
қойғанда, Қазақстанның байырғы халқы қазақтардың өздері қаншалықты деңгейде
патриот? Қазақстан жағдайындағы патриотизм мәселесінде құрғақ популизмге берілудің
керегі жоқ. Мәселеге өмірдің ащы шындықтары тұрғысынан көзімізді ашып көре
отырып, реалистік тұрғыдан сараптай білген жөн. «Еліміздегі барлық оқу орындарында,
– дейді Президент, – қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының
бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін
қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет». Егер мәселеге
нақтылап келетін болсақ, Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы
шаралардің бірі осы айтылғандар. Өйткені патриотизм ұғымы ұлттық қауіпсіздікпен,
мемлекеттің мызғымас идеологиясымен астасып жатқан ұғым. Осындай жағдайда Қазақстанды
мекендейтін басқа ұлттың диаспораларының бәрін патриот деп сеніммен айта аламыз
ба? Сөйтіп тұжырымдай салайық десек, қоғамдағы жекелеген кейбір көріністер ойландырады.
Мысалы, ана жылы Қазақстан мен Түркияның футбол командалары Алматыда
халықаралық кездесу өткізген кезде осы елде тұратын түрік азаматтары Түркия
жалауын алып көшеге шықты. Сонда олар қай командаға жанкүйер болды? Ондай
азаматтарды еліміздің патриоттары деп айта аламыз ба? Қазақ тілін білмей-ақ,
Қазақстанның патриоты болуға бола ма? Осыған ұқсас мысалдардың әр кезеңде
шаң беріп қалып отыратынын қаперде ұстау керек. Немесе мына бір оқиғаны еске
алайық. Петропавловск қаласының атын бұрынғы Қызылжар атауымен өзгертейік
деген ұсынысқа Парламенттің ұлты қазақ бір депутаты «Егер біз Петропавловск
атауын қазақшалайтын болсақ, орыстардың бәрі Ресейге көшіп кетеді» деген
ұшқары пікірді айтып салды. Сонан кейін бұл мәселені қайта-қайта көтеріп
жүрген ел патриоттарының аузына құм құйылды да, бәрі үндемей қалды. Расында да
солай ма? Бұл арада бас жарып, көз шығаратындай
ештеңе жоқ болатын. Біріншіден, іргесі қаланған күннен бастап Петропавловск
қаласын жергілікті тұрғындар «Қызылжар» деп атап келген. Тарихи
құжаттарға үңілейік, басқасын былай қойғанда, Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебінің»
екінші кітабында осы мәселе екжей-текжейлі жазылған. Немесе сол қаланың
тумасы Мәжит Дәулетбаев өзінің атақты романына неге «Қызылжар» деп ат
қойған? Дәлелді себептер жеткілікті, бірақ тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге
шамамыз жетпей жүр. Екіншіден, қаланың атын қазақшаланғаны
үшін тұрғындарының көрші елге ауа көшіп кетуі ақылға сия ма? Бірен-сарандары
тіпті сөйтіп көшіп кетті-ақ дейік. Сонда болмашы нәрсе үшін басқа елге қарай
тұра қашатын адамды қалайша Қазақстанның патриоты деуге болады? Үшіншіден,
қазақ халқы өзі жеріндегі топонимикалық атауды, сонымен бірге тарихи әділеттілікті
қалпына келтіріп жатса, басқа ұлт өкілдері неге түсіністікпен қарамауы тиіс?
Президент айта беретін толернаттылықтың нағыз көрінетін тұсы осындайда емес
пе? Неге біз толеранттылықты байырғы ұлттан талап етеміз де, басқа халықтардың
диаспораларынан талап ете алмаймыз? Бұл не сонда? Кез келген мемлекеттің,
соның ішінде Қазақстан азаматтарына қойылатын талаптар бірдей болуы керек
емес пе? Алдағы уақыттағы осындай
ұлтаралық араздықты қоздырғысы келетіндерге жауабымыз ғылыми негізде даяр
тұрғаны абзал. Міне, биылғы Жолдаудағы патриотизм жайлы әңгіме баршамызға
осындай жауапкершілік жүктейді. Президент «толеранттылық» деген
сөзді тек қазақтарға ғана айтып жүрген жоқ. Қазақ халқының мүддесі үшін басқа
ұлт диаспораларының өкілдері де толеранттылық көрсете алатыны сөзсіз. Оған
саналары да, тәрбиелері де қаптал жетеді. Біздің бір ескермейтініміз –
таяқтың осындай екінші ұшы.. Бір ауыз сөзбен түйіндей келгенде,
Президенттің биылғы Жолдауы адам капиталының сапалы өсуін көтере отырып, көзіқарақты,
жанашыр азаматтардың барлығына объективті жауапкершілік жүктейді. | |
Просмотров: 4990 | Загрузок: 255 | |
Всего комментариев: 0 | |