Главная » Файлы » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (17.2 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар] |
19.04.2015, 09:12 |
ИКАО халықаралық әуе тасымалы. Халықаралық әуе тасымалы саласындағы әмбебап халықаралық ұйым – Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ИКАО).Біріккен ҰлттарҰйымының мамандандырылған органы болып табылады. 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясының қабылдануының нәтижесінде 1947 жылы құрылған. 190 мемлекет оның мүшесі болып табылады. ИКАО халықаралық азаматтық авиация қызметінің мәселелеріне байланысты халықаралық стандарттар әзірлейді. Олар «халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталады. Ашық теңіз үстінен ұшқан жағдайдан басқа кездері бұл регламенттердің міндеттілік сипаты жоқ. Мемлекеттер өзінің ұлттық заңнамаларының тәжірибесіне сүйеніп немесе басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жағдайларын ескере отырып ол регламенттерді орындауға немесе бас тартуға құқығы бар. Халықаралық Азаматтық Авиациялық Ұйымы қызметін келесідей бағыттарда жүзеге асырады:
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымынан басқа әуе тасымалдау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын аймақтық әуе ұйымдары – Азаматтық Авиацияның Еуропалық Конференциясы (ЕКАК), Африканың Азаматтық Авиация Комиссиясы (АФКАК), Араб елдерінің азаматтық авиация Кеңесі (КАКАС). ИКАО-дан басқа азаматтық авиация саласында аймақтық авиа ұйымдар халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді – Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясы (ЕКАК), Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйым (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы (КОКЕСНА), Азаматтық авиацияның Латынамерикандық комиссиясы (ЛАКАК) және Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС). Сонымен бірге, көптеген үкіметтік емес авиа ұйымдар бар. Мәселен, Әуе тасымалдаушыларының халықаралық қауымдастығы (ИАКА), Әуе чартерлі тасымалдаушыларының қауымдастығы (АККА) және т.б.
Қазақстан ИКАО- ға мүше. Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі конвенцияны мақұлдау нәтижесінде 1992 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан азаматтық авацияның халықаралық ұйымына мүше болды. Әлемдік әуе көлігі қызметімен интеграциялану мақсатында, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне қатысты нормалар мен ережелерді сақтау үшін Қазақстан 1994 жылы азаматтық авацияның халықаралық ұйымының хаттамасы мен 4 конвенциясына қосылды. 1995 жылдың қазан айында Қазақстан бірінші рет азаматтық авацияның халықаралық ұйымының кезекті 31 Ассамблеясының Монреалда өткен жұмысына қатысты. | |
Просмотров: 2599 | Загрузок: 65 | |
Всего комментариев: 0 | |