ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І Салық жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері 4
1.1 Салық жүйесінің мәні және оның даму сатылары 4
1.2 Салық жүйесі, оның құрылымы мен құрамы, атқаратын қызметтері 7
ІІ Қазақстан республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау 15
2.1 Салық комитеті және оның қызметтері 15
2.2 Салықтан жалтару фактілерін жоюдағы салық комитетінің рөлі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып табылады.
Салықтар біздің өмірімізде бұрыннан үйреншікті жағдайға айналған. Олар күрделі бюджеттік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табылады. Мұнда коперативтік табыс салығы да маңызды рол атқарады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиімді және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесін неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Осы мемлекеттің қаржы ресурстарының бастапқы категориясы және мемлекеттік қызметтерді іске асырудың негізі болып табылатын салықты жан-жақты талдап, салық салу механизмінің қызмет етуін, салықтың негізгі элементтерін және осылардың басын қосып, ұйымдастырып отыратын салық жүйесін жанжақты талдау осы тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы міндеттерім келесідей:
• Салықтың жалпы экономикалық мәнін ашу;
• Салық салудың негізгі элементтері мен оның құрылымдарын талдау;
• Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерін көрсету;
• Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
• Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуын және оны басқару шараларын атап өту;
• 2002 жылғы жаңа Салық Кодексі бойынша енгізілген салықтар мен алымдар түрлерін атап өту және салық түрлері мен оның ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады.
• ҚР-ның Салық комитетінің қызметтерін, салықтан жалтару кезіндегі салық комитетінің іс-әрекеттеріне тоқталу.
|