Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Сақтандыру. САБ 2 бойынша орындалған тапсымалар
[ Скачать с сервера (52.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар]
21.04.2014, 20:20

САБ 2 бойынша орындалған тапсымалар


1. 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикада 70 сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
Ұлттық сақтандыру нарығының жалпы көрсеткіштері баяу да болса өсіп келеді. Жалпы сақтандыру нарығының жай-күйін талдаған кезде нақты жағдайға көз жеткізу үшін сақтандыру сыйлық-ақысының жан басына шаққандағы орташа көлемі мен олардың елдің жалпы ішкі өнімі көлемінен қосатын үлесіне назар аудару керек. Осы ыңғайда қалдарсақ, 2000 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақының жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болады. Ал сақтандыру сыйлық-ақысы көлемінің жалпы ішкі өнімге қатысты 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін елдердің көрсеткішімен салыстыруға келмейді. Оларда сақтандыру сыйлықақысы халықтың жан басына шаққанда, орташа алғанда шамамен 1800 АҚШ долларын және тиісінше ішкі жалпы өнімнің 8,5%-ін құрайды. Біз үшін мұндай көрсеткіштердің ауылы тым алыста. Бұған қарап сақтандыру қызметі экономикада және халықтың өмірінде әлі маңызды ролге ие бола қоймағанын байқаймыз.
Жағдайда түзету үшін қабылданған шаралар да жоқ емес. Бұл орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген « Сақтандыру қызметі туралы» заң мен сол жылы қарашада президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» айту керек. Аталған бағдарлама мемлекеттің азаматтардың және шаркуашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды және орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарламада қамтылған кезең ішінде сақтандыру қызметіне сұраныс өседі, бәсекеге қабілетсіз ұсақ және орташа сақтандыру ұйымдарының үлесі айтарлықтай қысқарды, болжам бойынша негізгі құрылтайшылары мен акционерлерін отандық ірі банктер, кәсіпорындар мен шетелдік сақтандыру компаниялары болатын ірі сақтандыру ұйымдары құрылады деп күтіледі. 2002 жылдың соңына қарай өмірді сақтандыру саласында -5-10 сақтандыру ұйымы, сақтандырудың жалпы түрлері саласында 15-20сақтандыру ұйымы жұмыс істейтін болады, сондай-ақ 2-3 мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымы құрылу тиіс.
Сарапшы мамандардың пайыдауынша, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкенен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмдері әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылықты арттыруға тиісті болатын. Сондай-ақ, ірі өндірістерді жекешелендіру, жекеменшіктің үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәрізді процестерде шапшаң өзгеретін нарық қатынастырының ағымдағы сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал жасау керек. Осыған байланысты объективті қызығушылық та артып, уақыт өтекеле сақтандыру қызметінің жаңа түрлері де пайда болады. Ал сақтандыру саласында нарық қатынастарының қалыптасуына елдегі тұрақты саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жағдай жасады. Сөйтіп сақтандыру ісі елімізде жақсы өрістеді.
Республика бойынша 1994 жылы 22 сақтандыру компаниясы құрылған болса, бұл көрсеткіш 1997 жылы 58-ге жетті. Енді республиканы айтпағанда, үстіміздегі жылы тек Алматы қаласының өзінде ғана сақтандыру компанияларының жалпы мөлшері 70-тен артып отыр. Мұны үлкен жетістік демесек болмайды. Дегенмен де біздегі сақтандыру қызметінің барлық түрлері бірдей ойдағыдай дамуда емес. Мысалға, статистика деректеріне сүйенсек, әзірге өмірді сақтандыру, азаматтардың меншігін (тұрғын үйді қоса) сақтандыру және зейнетақыны сақтандыру ісі өте төмен деңгейде. Себебі, сақтандырудың аталған түрлеріне деген сұраныстың артуы ең алдымен өндірістің өсуіне, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына байланысты. Бүгінгі таңда бұл салалардың қандай күйде екендігі айтпасада белгілі.
Жалпы, сақтандыру қызметі сатылады. Ол үшін өзін немесе әлдебір мүлкін сақтандырылған адам құжат ретінде сақтандыру полисін алады. Қазіргі кезде осы сақтандыру полистері көбіне автокөлік иелері мен түрлі жүктерге беріледі. Өйткені, бұлардан табыс мол түседі. Бұл дұрыс, сақтандыру нарығында бәсекелестіктің болуы керек дегенімізбен де тек пайдалары үшін ғана жұмыс істеп қоюға болмайды. Осы мәселеде сақтандырудың барлық түрлері бірдей қалыптасуы үшін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау да керек тәрізді. Қалай дегенмен де бәсеке өз алдына, тепе-теңдіктің болуы шарт.

2. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.
Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.

3. Ағымдағы сақтандыру қызметінің нәтижесіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы сақтандыру сыйақылары (төлемдер) түрінде түсетін табысты алудан басталады. Бұл табыс сақтандыру резервтерін қалыптастыру, шығындарды өтеу және пайданы қалыптастырудың көзі болып табылады.
Ағымдағы сақтандыру қызметінің талдауы ақша қаражаттар ағымының өзіне жүктеген міндеттемелерге сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Сақтандырудың жеке түрлерінің даму қарқындарын бағалауға және бұл негізде сақтандыру ұйымының дамуының стратегиялық бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Сақтандырушының инвестициялық қызметінің түсінігі. Ақша қаражаттарының ағымдары табысты немесе басқа қандай да бір эффектіні алу үшін жылжымалы мүлікті, бағалы қағаздарды және басқа да өтімділікті емес активтерді сатып алуға бағытталады. Инвестициялық қызмет негізінен капиталдың ұзақ мерзімді салулармен байланысты. Нарықтық экономика шарттарында инвестициялардың мәнін инвестициялық қызметтің екі жағының үйлесу құрайды: ресурс шығындары және нәтижені алу.
Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық әлеуеті өзіндік капиталдар сомасымен және жинақталған сақтандыру резервтерінің сомасымен анықталады, компаниялар нарықта неғұрлым ұзақ уақыт бойы болса, инвестициялар құрылымында резервтер соғұрлым үлкен үлесті иемденеді. Шамалы ақша ағымдарын жинақтау қабілеті және оларды біріккен көлемде экономиканың дамуына бағыттау мүмкіндігі сақтандыру компанияларын қуатты институтционалды инвесторға айналдырады.
Инвестициялаудан түскен түсімдердің ағымы басқа компаниялардың акционерлік капиталында қатысуын куәландыратын бағалы қағаздарды және қарыздық міндеттеме болып табылатын басқа компаниялардың бағалы қағаздарын, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түскен сомалардан тұрады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының қайтуы бағалы қағаздарды және негізгі капиталды сатып алуға кеткен төлемдерден тұрады.
Қаржылық қызмет түсінігі. Қаржылық қызмет – сақтандыру компанияларының қызметтерінің ажыратылмас бөлігі. Оның мәні болып акцияларды шығару, бұрын шығарылған акцияларды қайта сатып алу, сондай-ақ акционерлерге дивидендтерді төлеу табылады. Соның ішіне, сонымен қатар, қарыздар есебінен қаржыландыру және міндеттемелерді өтеу кіреді. Қаржылық қызметтен түскен түсімдердің ағымы акциялады сатудан және өзіне қарыздық міндеттемелерді алудан түскен ақша қаражаттарынан тұрады. Оның жылыстауы қаржылық қызмет негізінде жүреді, яғни қарыздарды өтеу, соның ішінде салықтық төлемдер, бұрын шығарылған акцияларды сатып алу және дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруы кезінде жүреді.
Сақтандыру компаниялардағы қаржылық қатынастардың ерекшелігі ақша айналымының ұйымдастырылу ерекшеліктерімен шарттасылған. Егер кез келген кәсіпорын алдымен шығындарды жасап, кейін өнімді өткізсе, сақтандырушы компаниялары алдымен ақша қаражаттарын тартады, ал содан кейін сақтандырылушылардың алдындағы міндеттемелерін өтейді. Бірақ кез келген кәсіпорын сияқты сақтандырушының қызметі тек сақтандырушылық көмекті көрсетуге ғана емес, пайданы табуға бағытталған.
Сақтандыру резервтері сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын сақтандырудың әрбір түрі бойынша жеке қалыптасады.
Сақтандыру резервтерінің қажетті мөлшері сақтандыру ұйымымен бір айда бір реттен кем емес, әрбір айдың соңғы жұмыс күніне есептеледі және түзетіледі.
Өз міндеттемелерінің бір бөлігін қайта сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымы сақтандыру резервтерін тек жоғарыда бекітілген мөлшердегі міндеттемелердің қалған мөлшері бойынша қалыптастырады.
ҚР-да сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі туралы Ұлттық Банкпен жасалған арнайы нұсқау бар. Бұл нұсқау сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын және сақтандыру төлемдерінің мерзімінде төленуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
4. Қазақстанның сақтандыру нарығы
Ұлттық бәнктің жанындағы қаржы нарығын қадағалау көмитетінің хабарлауынша, қіркүйектің біріне шаққанда сақтандыру нарығында жинақталған қаржының ауқымы біршәмә өсті. жыл басынан міндетті және қайта сақтандыру құрылымдарының кірісі 23,2 пайызға артып, 192,7 млрд. теңгеге жетті.
қазақстанның сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыяқыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. алайда, осы уақыт аралығында сыяқылардан бөлек, төлемдердің көлемі артты. демек, сақтандыру бизнесінің шығындылығы артты.

5. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы — шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.
Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.
Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай- ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.
Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады.
Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.
Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді.
Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында орналастырылатындықтан сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін дамыту проблемалары екі бағытта қарастырылған. Бірінші жағынан, экономиканың инвестициялық және сақтандыру секторындағы мемлекеттің реттеуші рөлін нығайту бойынша шаралар. Екінші жағынан, сақтандыру ұйымдарының қаржылық менеджментін жетілдіру сақтандыруды инвестициялау тиімділігін дамытудың маңызды рөлін арттырады және сақтандырушылардың маркетингтік саясатын жаңғырту бағытында ұзақ мерзімді сақтық зейнетақы аннуитеттері сияқты, сақтандыру практикасына жаңа ұзақмерзімді сақтандыру қызметінің түрлерін әзірлеу және енгізу.
Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады. Сақтандыру қызметінің мақсаты үлкен әлеуметтік мәнге ие қызметтер көрсету, ал инвестициялық қызметтің мақсаты табыс табу болғандығына қарамастан, олар өзара етене байланыста. Бір жағынан, инвестициялық қызметтің қаржыландыру көзі сақтандыру резервтері болып табылса, екінші жағынан инвестициялық қызметтен түскен табыс сақтандыру операцияларын (сондай-ақ, шығындарды) қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Осы жерде, сақтандыру қызметінің маңызды бағыты инвестициялық портфельді басқару болып табылады.

СӨЖ тапсырмасы САБ 2
Қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар әдетте резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қолайсыз табиғи, дүлей күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторларың және ақшалай жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс-әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер (ерекшеліктер) оған тән болып келеді:
• 1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
• 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржылық кагегориямен ортақ өзгеше белгілері бар:
• сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
• сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
• оның іс-әрекеті ақшалай қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
• сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
• ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъекті болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайларда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі, яғни иіп әкелінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі (иіледі).
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінін салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан)кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пенинфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік сақтандыру меи әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - азаматтардың мүлкін және жеке басын сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісі пайдаланылады.
Ірі катастрофалардың және апаттардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде яғни, бір шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе азаматтың шегінде, ақшалай қаражаттарды немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдісауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жем-шөп, тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттық, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастарының негізі сақтық қорлары болып келеді. Олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық залалдан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қорлары материалдық немесе ақшалай қорлар нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлары сақтандырушының оперативтік-ұйымдық басқаруында болады. Сақтық қорлары сақтандыруда қатысушы тараптардың сақтық мүдделерімен қамтамасыз етілген. сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Іс жүзінде ол қорлану қоры болып қызмет ете ме немесе тек ұдайы өндірістік кемістіктерді жаба ма - жағдайға байланысты болады. Сақтық қорлары ұлттық шаруашылықтағы сан алуан көлденең үйлесімсіздікдерді ескертуге арналған қоғамның резервтік қорларының анағұрлым кең жүйесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады.
Рыноктық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтері өзгеше сақтық қызметтеріне түрленеді және мұндай қызметтердің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтердің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтеріне сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады. Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтердің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен залалдарды өтеу жөніндегі кепілдіктердіарттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін клиенттерді тарту үшін сақтық қызметтерінің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін клиенттерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың рыноктық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, эқологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі ел экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудын проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады. «сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтады.
Сақтандыру үдерісі сақтандыру келісімшарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық, өтемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтық ісі және сақтық қызмет, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілеіті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сыныптаудың критерийлері сақтандырушылар санаттары, сақтық жауапкершілігінің көлемі және сақтандыруды ұйымдастырудың заңмен белгіленген тәртібі ескерілген сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болып табылады.
Сақтық ісін және сақтық қызметін, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қорын ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық ісі және сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды кіріктіреді:
• өмірді сақтандыру;
• аннуитеттік сақтандыру;
• өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;
• сақтандырушының инвестициялық табысын сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыру және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Өмірді сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы жұмыскерлері сақтандырылады.
Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру келісімшарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру жағдайы сақтық төлемдердің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жаппы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру келісімшарты жарамсыз болады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда мынадай сыныптарды кіріктіреді:
• жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
• ауырған жағдайдан сақтандыру;
• көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру;
• жүктерді сақтандыру;
• мүлікті залалдан сақтандыру (көлік құралдары мен жүктерді сақтандыруды қоспағанда);
• көлік құралдары иелерінің азаматтық-құкықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• автомобиль, әуе және су көліктері иелерінің жауапкершілігін қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• қарыздарды сақтандыру;
• ипотеканы сақтандыру;
• кепілдік пен кепілгерліктерді сақтандыру;
• басқа қаржы шығындарынан сақтандыру;
• сот шығыстарынан сақтандыру.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру (ауырған жағдайдан сақтандыру қосылмайды) сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге залал келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ауырған жағдайдан сақтандыру (жазатайым жағдайдан сақтандыру қосылмайды) - сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын (автомобаль, теміржол, әуежәнесу көліктерін) сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне, соның ішінде айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса апғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінін жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің рыноктық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі.
Ипотекалық, кепілдіктер мен кепілдемелердің басқа қаржы шығындарының тәуекелдерін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандыру шығыстың өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, рыноктық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Coт шығыстарын сақтандыру - сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының аумағында сақтық ұйымының қызметі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия негізінде сақтандырудың лицензияда көрсетілген тиісті сыныптары шегінде жүзеге асырылады.
«Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті:
• 1) «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен біріктіруге;
• 2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен, сонымен бірге сақтандырудың міндетті нысынындағы тиісті сыныптарды біріктіре алмайды.
Сақтық ұйымы, өзінде сақтандырудың тиісті сыныптары көрсетілген және сақтандыру заңнамасында белгіленетін сақтандыру сыныптарын біріктіру жөніндегі шектеулер ескерілген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екі және одан да көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.
Сақтық ұйымдарының сақтандыру сыныптары шеңберінде тәуекелдерді сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ сақтандыру сыныптарының мазмұнын қосымша ашу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуіне байланысты талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Бұдан басқа, мына критерийлер бойынша сақтандырудың нысандарын айырады:
• міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
• сақтандыру объектісі бойынша — жеке басты және мүліктік;
• сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру - жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтардың өмірінде белгілі бір уақиға болған кезде оларға шарттасылған ақшалай соманы төлеуде болып табылады.
Мүліктік сақтандырудың арналымы әр алуан мүлікке дүлей апаттар мен басқа жазатайым уақиғалар келтірген залалдарды өтеуде болады. Демек, сақтандырудың объекті әр алуан материапдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.
Мына негіздемелердің: сақтандыру келісімшартымен белгіленген кезеңнің өтуі бойынша, не сақтық жағдайы болған кезде кез келгені бойынша сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып табылады. Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру келісімшартын жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтақ өнімі болып табылады.
Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар шетелдік заңи тұлғалар, соның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және заңи тұлғаларымен бірдей пайдаланады.
Заңи тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің ҚазақстанРеспубликасы аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыру тек қана сақтық ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтық ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру келісімшарттарын жасасуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының екінші деңгей банктеріне және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңи тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тиым салынады.

Категория: Рефераттар
Просмотров: 3318 | Загрузок: 426 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]