Главная » Файлы » Әр түрлі |
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар:
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар] |
09.04.2012, 09:44 |
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар: Тапсырма №1. Қалалық сүт зауытының өнімдері сүт, айран, қаймақ болып табылады. 1 тонна сүт, айран, қаймақ өндіру үшін, әрқайсысына сәйкесінше 1010, 1020 және 9450 кг сүт қажет. 1 тонна сүт, айран және қаймақты өткізуден түсетін табыс, сәйкесінше 300,200 және 1360 теңгеге тең. 123 т.сүт, 342т.айран, 256 т.қаймақ дайындалған. Қойылатын талап: А) кестелік процессор көмегімен есептеу қажет: - әрбір өнім түрін өткізуден түсетін табыс; - жалпы табыс; - жалпы сомадан әрбір өнім түрінің табыстылығының үлесі (пайызбен) - сүт шығыны (шикізат) Б) әрбір өнім жұмсалатын шикізат бойынша диаграмма құру. Тапсырма №2. Кітап қорына 3 түрлі кітап, яғни аударма сөздігі , кулинария кітабы және тоқыма бойынша оқу құралы келіп түсті. Олар «Кітаптар әлемі», « Кітаптар үйі» және «Глобус» дүкендеріне таратылып берілді. «Кітаптар әлемі» дүкеніне 10400 дана аударма сөздігі, 23650 дана кулинария кітабы, 1500 дана тоқыма бойынша оқу құралы, «Кітаптар үйі» дүкеніне 10300 дана аударма сөздігі, 22950 дана кулинария кітабы, 1990 дана тоқыма бойынша оқу құралы және «Глобус» дүкеніне сәйкесінше 9100, 23320 және 2500 дана кітаптар келіп түскен. Бірінші дүкенде 8945 дана аударма сөздігі, 19865 дана кулинар кітабы, 873 дана тоқыма бойынша оқу құралы сатылды, екінші дүкенде 9300 дана аударма сөздігі, 21900 дана кулинар кітабы, 1020 дана тоқыма бойынша оқу құралы сатылды, үшінші дүкенде 8530 дана аударма сөздігі, 18100 дана кулинар кітабы, 2010 дана тоқыма бойынша оқу құралы сатылды. Қойылатын талаптар: А) кестелік процессор көмегімен есептеу қажет. - кітап қорына келіп түскен әрбір кітап атауының жалпы санын; - әрбір кітап атауының әр дүкенде сатылу пайызы; - өткізгеннен кейінгі қалған кітаптар саны; Б) дүкендерге кітаптарды бөлу бойынша диаграмма құру. Тапсырма №3. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың еңбек ақы мөлшері төмендегідей болсын: бөлім бастығы – 1000 теңге, 1-ші катергориялы инженер – 860 теңге, инженер – 687 теңге, техник – 315 теңге, лаборант – 224 теңге. Өнеркәсіптің екі филиалы бар: орта желекте және шеткі солтүстік аймақта орналасқан. Барлық жұмысшылар жұмыстың зияндығына байланысты еңбек ақыдан 10% қосымша, ай сайындағы сыйақыдан 25 % қосымша алады. Барлық жұмысшыдан 20 % кіріс салынған, 3 % кәсіподақ жарнасын және 1 % зейнетақы қорына ұсталынады. Орта желекте орналысқан филиалдың жұмысшыларына 15 % аудандық коэффицент , шеткі солтүстік ауданындағы филиал жұмысшыларына 70 % аудандық коэффицент және аударылған айлықтан 50 % қосымша қосылды. Әрбір филиал үшін еңбек ақы мөлшері жеке есептелінуі тиіс. Нәтижелер бойынша екі кесте болуы тиіс. Қойылатын талаптар: А) кестелік процессор көмегімен әрбір категория жұмысшылары алатын соманы есептеу; Б) екі филиалдың барлық жұмысшылары үшін, аудандық коэффицент (аудандық және солтүстік қосымша) және айлық қатынасын көрсететін диаграмма құру. | |
Просмотров: 6031 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |