Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Айналым капиталы (Курсовая)
[ Скачать с сервера (564.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
13.05.2014, 15:53

Мазмұны
Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
1.3 Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Кіріспе

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Диплом жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау.
Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:
- кәсіпорынның айналым құралдарының экономикалык мәні мен жіктелуін ашу;
- айналым құралдарының түзілу көздерін анықтау;
- кәсіпорынның ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен
құрылымын талдау;
- айналым құралының айналымын жылдамдатудың негізгі әдістерін қарастыру;
- материалды-өндірістік запастарды, дебиторлық қарыздарды және қаржы құралдарын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
- Кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым-
қатынастар зерттеу тақырыбы болмақ.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Диплом жұмысының объектісі «Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру.
Диплом жұмысының теоретикалық негізі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның айналым активтерін баскару саласындағы
жарияланымдары. Жұмыста "Смак" ЖШС-інің есеп деректері, Қазақстан Республикасының заң актілері пайдаланылды.

Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа)
Просмотров: 4890 | Загрузок: 1442 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]