Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу
[ Скачать с сервера (352.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
13.05.2016, 11:45

Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу

Жоспар

Кіріспе. 3

1.Жалпы алименттік міндеттемелер мен алименттік қатынастардың теориялық негіздері 6

1.1.Алименттік қатынастар мен олардың түрлері 6

1.2.Алименттік міндетемелер: төлеу және тоқтатылу тәртібінің құқықтық негіздері 11

1.3. Отбасылық құқықтағы алименттік міндеткерліктің негізгі ұғымдары мен мәні 17

2.Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу 20

2.1.Отбасы мүшелері арасында алименттік міндеткерліктердің негізгі түрлері 20

2.2. Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу шаралары. 37

Қорытынды. 42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45

 

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Неке және ажырасу-азаматтардың басым көпшілігінің осы салада құқықтық қадағалау жөнінде біршама молынан хабары бар қоғамдық қатынас болып табылады. Өйткені жыл сайын мыңдаған адамдар өз тәжірибесінде осы құқықтық процедураның бүге-шүгесімен жақыннан таныса алады, не адам неке қибдың мерекелік қуанышын сезінсе, не сол некеден ажырасудың зардабын тарта алады.

Бірақ осы неке мен ажырасудың адам өмірімдегі құқықтық нәтижелерінің күрделілігін көпшілік біле бермейді.

Неке-заңды тәртіп негізінде, екі жақтың толық келісімімен отбасы құру мақсатында әйел мен ер адамның тең құқылы одақ құруын айтамыз.

Неке құру-біріге өмір сүру туралы келісім ғана емес, екі бір-бірін жақсы көретін адамдардың тек қуанышта бірге өмір кешуі ғана емес, бұл сонымен бірге бір-біріне көмектесу, ортақ (отбасылық) жақсылықтарға қол жеткізу үшін өзіндік жеке игіліктерінен бас тарта алуы да керек.  Осының бәрі-әрбір ерлі-зайыптылардың қосымша міндеткерліктері, осы міндеткерліктерінің болуының арқасында отбасы мекемденіп( мықтыланып), қоғамдағы орны беки түседі. Бірақ ерлі-зайыптылардың барлығы осындай міндеткерліктер мен жүктемелерді өзіне шектеу ретінде алып жүре алмайды. Көбінесе эгоизм мен жеңіл көзқарасқа берілген ерлі-зайыптылардың некесі, отбасы осылай бұзылады. Сондықтан некені құру  шарттары мен тәртібін анықтайтын құқықтық нормалар осы қатынастарды түбегейлі, әрі қатал қадағалаумен бірге, некені құру іспеттес шешім дені сау отбасын құру, отбасы мен отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен жауапкершілікті сезінуін талап етеді.

Қазіргі біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда отбасылық қатынастандың қиындалғаны соншалықты «қамқоршылық,» «қолдау көрсету», «сыйлау» іспеттес табиғи түсініктердің орнына «алименттер», «қамқоршылық жасау құқығы» деген іспеттес түсініктер орнын басып барады. Сондай-ақ қазіргі қоғамда отбасының ажырасуы-бұл сирек құыбылс емес, осы өкінішті де. Сотта отбасының ажырасуынан туындайтын алименттерден басқа да отбасы мүшелеріне қатысты алименттік міндеткерліктер мәселесі шешіледі.

Егер ерлі-зайыптылар арасында бәрібір отбасылық қатынастар сақтаулмай, ажырасуға бел буса, заң екі ерлі-зайыптыға да тиімді, сол екі ерлі-зайыптылардың да жеке және мүліктік мүдделерін сақтайтын, олардың кәмелетке толмаған балаларының және еңбекке жарамсыз балаларының, отбасы мүшелерінің мүдделерін қорғайтындай құқықтық қатынастарын жүзеге асырады.

Кәселетке толмаған балалар ата-анасынан қаржылай, экономикалық жағынан тәуелді. Әкесі мен анасы баланы 18 жасқа толғанға дейін, яғни сол бала кәмелетке толғанша күтіп-бағуға, материалды қамтамасыз етуге міндетті.  Сонымен қатар кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына көмектесуі де міндетті.

Неке және отбасы құқығының негізгі, әрі бірегей институттарының бірі алименттік міндеттемелер институты болып табылады. Бүгінгі таңда тәжірибе көрсетіп отырғандай алименттік қатынастар даулы қатынастардың бірі болып отыр, сондықтан да мемлекет тарапынан қатаң бақылауды талап етуде. Осындай даулы қатынастар сотта қаралғанда әділ де, дұрыс шешім қабылдаған жөн, себебі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай, алименттік міндеттемелер құқықтық қатынастарын оқытатын отандық әдебиеттер көптеген уақыт бойы жоқтың қасы болды.

Зерттеу объектісі мен пәні – Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу мәселесіне теориялық шолу жасау.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеуге-мынадай міндеттер қойылды:

-Алименттік қатынастар мен олардың түрлеріне сипаттама жасау;

-Алименттік міндетемелер: төлеу және тоқтатылу тәртібінің құқықтық негіздеріне тоқталу;

-Отбасылық құқықтағы алименттік міндеткерліктің негізгі ұғымдары мен мәнін ашу;

-Отбасы мүшелері арасында алименттік міндеткерліктердің негізгі түрлерін анықтау;

-Отбасы мүшелері арасындағы алиментті соттық тәртіп негізінде реттеу шараларын зерттеу;

-Отбасы мүшелеріне алиментті келісім негізінде төленуін саралау;

-Отбасы мүшелеріне алименттік міндеттемені орындамағаны үшін тартылатын заңды жауаптылықты зерттеу.

Зерттеу объектісі-отбасы мүшелері арасындағы алименттік қатынастандың барлық түрлері.

Зерттеудің нормативтік негіздеріне-Азаматтық кодекс, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі, қылмыстық заңнамалар жатады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері.  Қазіргі уақытқа дейін өз отандық заңтану саласында отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу мәселелері жан-жақты қарастырылмаған институтут болып табылады. Алименттің түрінің қоғамда кеңінен таралуы-сол мемлекеттің әлеуметтік жағдайының нашарлығын білдіретін бірден-бір маңызды көрсеткіш. Осыған орай Кеңестер Одағында отбасы мүшелері арасындағы алименттік құқықтық қатынастардың кеңінен таралуы, алименттік міндеткерлік түрлерінің көп болуынан КСРО әлеуметтік-экономикалық ахуалының нашар болғандығын байқай аламыз. Сол Кеңестер Одағы тұсында 1955-1960 жылдарда алимент пен алименттік қатынастар, алименттік міндеттелердің түрлік топталуы жөнінде біршама зерттеулерді кездестіре аламыз. Осы еңбектерде қазіргі тәуелсіз еліміз үшін маңыздылығы зор, іске асырылмайтын оңтайлы ойлар байқалады. Курстық жұмысын жазу барысында Е.М. Ворожейкин, С.П. гришаев, Джандарбек Б, Г. Матвееев, НһГ. Мукашеева, М. Мұқанова, г. Свердлов, т.с.с. ғалымдардың еңбектері мен мақалалары салыстырмалы теориялық негіз ретінде пайдаланылды.

Сонымен қатар әдістемелік негізіне-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.

Курс жұмысының зерттеу әдістеріне-осы тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, жинақтау және алименттік міндеткерлік бойынша статистикалық талдау жасау, қорытындылау, синтездеу әдістерін қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.

Курстық жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тақырыбы Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, Отбасы мүшелері арасындағы алименттік қатынастар мәселесіне арналған еңбектер қатарын толықтыра алады. Зерттеудің  негізгі қағидалары мен тұжырымдарын заңгер мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары отбасы құқығы, неке шарттары, алименттік міндеткерліктер мәселесін зерттеушілердің, сонымен қатар мемлекеттік саяси мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін. Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары құқықтану мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді.  

Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа)
Просмотров: 4185 | Загрузок: 135 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]