Главная » Файлы » Әр түрлі |
Банктік емес кредиттік(несиелік) ұйымдар 25-бет
[ Скачать с сервера (168.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)] |
06.02.2012, 13:23 |
Жоспар: І. Кіріспе 1.1 Банктік емес кредиттік ұйымдар ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Кредиттік одақ (КО) Кредит серіктестігі (КС) 2.2. Сақтандыру компаниялары 2.3. Инвестициялық қорлар 2.4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары ІІІ. Қорытынды 3.1. Қор биржалары Банктік емес кредиттік ұйымдар Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор. Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың қордың формасы болып саналады. Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады: • Зейнетақы қоры; • Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры; • Әлеуметтік сақтандыру қоры; • Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ). Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті: • Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру; • Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу; • Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту. 1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді. Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын – Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды. Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді. Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебіне қалыптасады. 1993-1995 жж аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 50%-ы түсті. 1996 ж 1 қаңтарынан бастап, бұл сан 5% төмендеді. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 ж. Жұмыспен қамтудың мем- лекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттік құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 ж бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, Жұмвспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен шығарылады. Оның қаржылық көздерін қамтитындар: • Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу (296) қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формасынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан; • Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және де олардың бөліну шарттары нақтыланған жоқ; • Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдармен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер. Жұмысты толығымен оқу үшін жүктеніз | |
Просмотров: 2880 | Загрузок: 609 | |
Всего комментариев: 0 | |