Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Құқық бұзушылықтың түрлері
[ Скачать с сервера (62.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Курстық жұмыс (Курсовая работа)]
25.10.2015, 19:34
КІРІСПЕ
 
 
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұның жойған жоқ. «Құқық», «құқық бұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлап тапты.
Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «құқық», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «құқық бұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз.Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. 
Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді. Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т.б. қ.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.
Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретедіСонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен әрекет жасайды. Кейді универсальдық сипатта болады.Заң әдебиеттерінде ретроспективті заңды жауапкершіліктен (болған құқықбұзушылық үшін) басқа перспективті заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген – субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мұнда оның позитивті сипаты атап көрсетілген сол мәнде адам туралы айтқанда, оның «жауапкершілікпен» өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, ол көзқарасты көптеген құқықтанушылар қолдау көрсетпеді де мынаған сілтеме жасады, яғни «позитивті» жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмұн жоқ: бұл көп жағдайда жалпыәлеуметтік не этикалық бағыттағы жауапкершілігі.
Категория: Курстық жұмыс (Курсовая работа)
Просмотров: 3381 | Загрузок: 93 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]