Главная » Файлы » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (21.4 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Тест сұрақтар] |
04.11.2015, 17:34 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҰБТ-ға дайындық. Тақырып бойынша тест. Окпина Бактыгуль Маулитовна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қаласы. 11-сынып 1920-1930 жылдардағы әдебиет 1. Қазақстан жазушыларының «Қазақ әдебиетінің бүгінгі күні мен келешектегі міндеттерін» талқылаған тұңғыш құрылтайықашан өтті?
2. Қазақстан жазушыларының тұңғыш құрылтайында М.Әуезов өз баяндамасында «Драмалық ірі серпіннің басы» деп қай пьесаны бағалады?
3. Кеңес жазушыларының Бірінші құрылтайы қашан өтті?
4. Жиырмасыншы жылдар әдебиетінде бедерлі із қалдырған (1902-1926 жылдары өмір сүрген) ақын қызды көрсет.
5.Сюжетін тарихи аңыздардан алып, зарлы заманның уақыт мезгілінен ой жібере суреттеген Ж.Саинның поэмасын көрсет.
6.1915 жылы Уфа қаласында басылып шыққан қай автордың пьесасы қазақтың тұңғыш пьесасы болып табылады?
7. Бойларында рухани жаңғыру, моральдық тазалық пен идеялық принцип, интеллектуалдық өре мен патриоттық сезім ұштасқан жастар өмірі қай шығарманың негізгі өзегі, алтын арқауы болды?
8. Ауыл өмірін суреттейтін шығармалар қатарын көрсет.
9. 1932 жылы жеке кітап болып басылып шыққан Ж.Шаниннің сатиралық драмасын тап.
10. Қай драмалық шығарма Халық-ағарту комиссариатының 1926 жылғы конкурсында ІІІ орын алды?
11. Қазақ ұлттық театры қашан ашылды?
12. Қай поэмада халық батырларының патша үкіметінің билігіне қарсы күресі суреттеледі?
13. М.Сералиннің «Гүлхашима» поэмасында ескі салт бойынша сүйген қызы қалыңмалға сатылып кеткеннен кейін өзін-өзі өлтіргенқай кейіпкер?
14.Атақты шығыс ақыны Фирдаусидің «Шаһнамасын» аударған қай ақын және аудармасы қалай аталады?
15.1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз. A) «Айман – Шолпан» B) «Түнгі сарын» C) «Еңлік – Кебек» D) «Қарақыпшақ Қобыланды» E) «Қарагөз» 16. 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлы өлеңдері» атты жинақтың алғы сөзін жазған мемлекет қайраткерін табыңыз. A) Сұлтанбек Қожанов. B) Тұрар Рысқұлов. C) Ахмет Байтұрсынов. D) Халел Досмұхамедов. E) Әлихан Бөкейхан. 17. В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопасан, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын аударған жазушыны көрсетіңіз.
18. «Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт қашқан мәңгі мең-зең Көкшетауға Бөлек тау: «Ой, бауырым!» - дер анадайда» Бұл сөздердің авторы кім және қай шығармадан алынған?
19. «Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсысы алтын кесе аясында» Бұл сөздердің авторы кім және қай шығармадан алынған?
20. Мырқымбай образы қай қаламгердің шығармаларында кездеседі?
21. «Қирағат», «Есеп құралы» оқулықтарының авторы кім?
22. . «Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос» - деген жолдар С. Сейфуллиннің қай өлеңінен алынған?
23. Анненковтың азап вагонындағы қиындықтар С.Сейфуллиннің қай шығармасында сипатталады?
24. . С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз. A) 20 жыл. B) 10 жыл. C) 15 жыл. D) 5 жыл. E) 25 жыл. 25. М.Жұмабаевтың бізге мәлім соңғы туындысы қалай аталады?
Жауаптары:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 10200 | Загрузок: 204 | |
Всего комментариев: 0 | |