Главная » Файлы » Әр түрлі |
Ғылыми жоба тақырыбы: « Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»
[ Скачать с сервера (372.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ғылыми жұмыс] |
23.09.2012, 21:36 |
Андатпа Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. Өзектілігі: Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен. Зерттеудің міндеті: «Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу. Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды. Болжам: Егер біз жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз». Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады. Зерттеудің жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам. Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұра Аннотация Цель исследования: Сегодняшнее поколение должно хорошо знать историю своего народа, земли, предков и сделать выводы, что хорошо, а что плохо. Актуальность: Основная цель – соединить знания по истории и воспитанию человека о том, кем он является и каковы корни его происхождения. Из светлых страниц истории наших предков можно взять события и те действия, которые дают достойный пример в воспитании патриотизма у защитников Родины. Я думаю, что в 21 веке на сегодняшний день каждый гражданин Казахстана, который считает себя представителем нашего суверенного государства, должен знать историю свою и своего народа. Президент нашей Республики Н.А.Назарбаев так говорит: «Гражданин независимого государства должен осмыслить свою вековую историю «Кем мы были вчера? Кем мы сегодня являемся? Кем мы будем завтра?» Это значит, что история родной земли, народа и своя история не хуже других. Это значит, что каждый гражданин должен стремиться быть достойным наследником необъятной земли, которую нам оставили в наследство предки. Учить детей знать своих предков до седьмого колена – это традиция казахского народа, передающаяся из поколения в поколение. Задачи исследования: Раскрыть значение пословицы о семи поколениях. Источники исследовательской работы: В качестве исследовательских материалов были взяты источники, анкеты, опросники, пояснения, учебники и художественные произведения. Гипотеза: Если мы обратим внимание на пророческие слова наших предков, связанные с знанием своей родословной, то есть знанием своих предков до седьмого поколения, то мы сохраним и приумножим историю своей нации, языка, религии и предков – «мы будем не хуже других». Методы исследования: В процессе исследования используются методы собирательные: сравнение, анкета, анализ и синтез. Теоретическое и практическое значение исследования: Итоги, полученные в прцессе исследования, можно использовать при подготовке рефератов, научных трудов, при составлении схем, таблиц, диаграмм. Новизна исследования: По мере узнавания истории своих предков, я пришла к такому выводу, к такой мысли, что я буду ученым-исследователем, который будет следовать по стопам предков и буду трудиться во благо земли и народа. Содержание исследовательской работы: Научная работа состоит из введения, основной части, заключения, списка литературы и приложения. An Abstract The aim: Younger generation should know history of their nation, motherland, and take all good things from it, make right output. The topicality: The main aim is to be able to combine historical knowledge of who are they and bringing-up. Our ancestors have events and experience from history and clear examples of patriotism that we can use in our life today. I think, that each person of 21st century, who consider himself as real citizen of Republic of Kazakhstan must know their history. The President of our country N.A.Nazarbayev said: "Each citizen of independent Kazakhstan should search our history and answer the questions: Who we was? Who we are? And who we will be?”. That means, that the history of our country and nation is not worse than others. That means, that each person should seek to be dignified successor of country and land, that our ancestors leaved for us. Teaching the seven ancestors is the bringing-up tradition of Kazakhs, that continue from father to son. The objective: To describe the meaning of Kazakh proverb about knowing the seven ancestors. The literature: Texts, interviews, interpretations, tutorial and bell-letters, research papers were used as the materials for the searching work. The hypothesis: If we pay attention for sayings about the seven ancestors and how they spread, we will save and improve our nation, language, religion and history. The methods of researching: The methods of collecting, comparative, interviewing, analyzing and synthesis were used in the work. The theoretical and practical significances: Results of the work can be used in making tables and diagrams. The novelty: When I explore wisdom of our ancestors, I decided that I will be a scientist who works to improve nation and motherland. The content: The work includes introduction, main part, conclusion, list of literature and applications. Мазмұны 1. Кіріспе..................................................................................... 3 2. Негізгі бөлім........................................................................... 6 2.1. Қазақтың туысқандық қатынастары 2.2. «Жеті ата» ұғымның мәні 2.3. Шежірем 2.4. Өз жұртым а. Сүлеймен Жанғұлұлы 2.5. Әкемнің нағашы жұрты а. Әмре ә. Касеинов Әскер б. Қасейінов Қуандық Әскерұлы в. Гүлжихан Аймбетова г. Жангулина Үкітай Әскерқызы 2.6. Нағашы жұртым а. Торсан Тлемисов ә. Есілбай қажы Мәмекұлы б. Ұмсын сұлу в. Ғалауетден Мәмеков - Күләмай Бәкенқызы г. Кәмалбек Ғалауетденұлы Мәмеков 2.7. Менің отбасым а. Әскеров Арман Әлімбекұлы ә. Әскерова Әлия Камалбекқызы б. Әскерова Әлима Арманқызы 3. Қорытынды бөлім................................................................ 18 4. Пайдалынған әдебиеттер.................................................... 19 5. Қосымша............................................................................... 20 Кіріспе Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке¬ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі¬нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек қрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік. Жеті атамды зеттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбын «Жеті атасын білген ер Жеті жұрттың қамын жер» деп алдым. Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. 3 Жеті атаны білудің дәстүрі қалыптасуының себебі: ежелден қалыптасқан дала өркениетінің менталитетіне байланысты, яғни қанның тазалығы, келешек ұрпақтың жан-денсаулығына негізделген. Өзектілігі: Негізгі мақсат - өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен. Зерттеудің міндеті: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру, топтарға жіктей отырып зерттеу; «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз»,- деген мақала арқылы әке, шешемнің шежіресін зерттеу, осы тақырыпқа байланысты демекші, тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерле біл деген мағынаны түсіндіру. «Жеті атасын білген ер Жеті жұрттың қамын білер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу. Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды. Болжам: Егер мен ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам. Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар, «Дерево жизни» бағдарламаны жасауда пайдалануға болады. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөздің мағынасын ашып түсінік алдым. Зерттеудің жаңалығы: Осы жоба арқылы мен өзімнің ата-анам, бауырларымды ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы 4 жұрты және қайың жұрты болатындығын түсіндім. Жеті ата шежіресіне кім жатады деген ұғым алдым. Менің әже-аталарым қарапайым адам болған жоқ. Өз заманында өз өңірдің, болыс көлемінде Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосқан адамдар еді. Және барлықтары білімпаз, білім жолын қуған адамдар еді. Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады. 5 Негізгі бөлім 2.1. Қазақтың туысқандық қатынастары «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады (1-кесте). Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. Ата-текті білу – біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ. 2.2. «Жеті ата» ұғымның мәні «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте). Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан. «Жеті атасын білген ер Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған.[13] 2.3. Шежірем Сонымен, мен орта жүзденмін. Руым: арғын, алтай тоқа. Жеті атам: Арман, Әлімбек, Сүлеймен, Жанғұл, Көшімбай, Молқы, Енен. (3, 4-кесте). Ол мәліметтерді мен атамның қарындасы Рая тәтеден білдім. Өз жұртымен қатар менің нағашы жұртым да бар. Өз ата-бабаларымның шежіресін зертегеннен кейін, өз заманында өз өңір, болыс көлемінде қолында бар 6 билігіне қарай, қызметіне қарай Отанның тарихына үлестерін қосқан әже-аталарым туралы жеке тоқталғым келеді (5-кесте). 2.4. Өз жұрттым Сүлеймен Жанғұлұлы (арғы атам) 4 сынып білімі бар. ХХ ғасырдың 60-ншы жылдары: аудандық атқарушы комитетінің төрағасы. Смирново селосының әкімі. ДЭу бастығы. "Еңбегі сіңген зейнеткер” атағының иесі. 2.5. Әкемнің нағашы жұрты: Әмре ХХ ғасырдың басында (1917 ж. төнкерісіне дейін) қоғам қайраткері, Көкшетау облысының соңғы болысы. Өз мөрі болған. Руы қарауыл, жаулыбай. 1971 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Доңғылағаш ауылында дүниеден өтті. [3,3] Касеинов Әскер Ұлы Отан соғысының ардагері (1-сурет). Мектеп-интернатының директоры. Көкшетау облысы Қызылжар селосында білім беру саласында 45 жыл қызмет етті. [4,3] Қасейінов Қуандық Әскерұлы 1948 жылғы қыркүйектің 10 жұлдызында, Түмен облысы Есіл ауданының Шаблыкино селосында дүниеген келді. Қызметкер. Петропавл пединститутын 1971 жылы, Ауыл шаруашылығы техникумын 1975 жылы, Алматы жоғары партия мектебін 1983 бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы СМУ-да тас қалаушы болып бастаған. Кейіннен мектепте мұғалім, директор болып жұмыс істеген. 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданында Партия комитетінің нұсқаушысы, 1975-79 жылдары Қазақстан ЛКЖО Совет ауданында Комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1979-81 жылдары Совет ауданында Ленин кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1983-85 жылдары Совет ауданының Чапаев атындағы кеңшарда партия комитетінің хатшысы, 1985-86 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының нұсқаушысы, 1986-1991 жылдары Тимирязев ауданында партия комитетінің хатшысы, кейіннен Москва ауд. партия комитетінің бірінші хатшысы, 1991-92 жылдары Халық депутаттары Москва ауданының Кеңесінің төрағасы, Москва ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, 1992-94 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу аудандық әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. 2003-04 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004-2010 Солтүстік Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармасының бастығы. Қазақстан Компартиясы XVІІ съезінің және XІX Бүкілодақтық партия конференциясының делегаты. 7 «Құрмет Белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. [15,374] Жангулина Үкітай Әскерқызы (әжем) 9 ақпан 1953 жылы дүниеге келді.. Аққайың ауданының Черкас орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде 26 жыл қызмет етті. 2003-2004 ж. Көкшетау қаласының Көкшетау университетінде математикадан дәріс берді. 2004 жылдың 18 тамыз күні дүниеден өтті. [3, 38] Гүлжихан Аймбетова Қазақстан Республикасының жазушылар Одағынының мүшесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті орыс тілі кафедрасының оқытушысы (2-сурет). «Родники жизни» кітабының авторы. [1; 2] 2. 6. Нағашы жұртым Торсан Тлемисов ГА ОО (госархив Омской области), 13 октября 1998 года. Киргизская степная газета, №10 - 11 марта 1901г. (А. Молдыбаев жеке мұрағатынан Ресей, Сургут қаласы, 2011-03-06) Мектеп туралы: 11го февраля состоялось открытие первой русско-киргизской школы в Акмолинской области. Школа эта построена на средства киргиз Пресногорьковской волости Петропавловского уезда. Горячее участие в деле возникновения этой школы приняли гг. И.д. Начальника края, Генерал-Лейтенант Н.И.Санников и И.д. Петропавловского уездного Начальника Штабс-Капитан Н.Ф.Фон-Штейн. Немаловажную услугу оказали в этом деле также и киргизы - волостной управитель Торсан Тлемисов и его кандидат Шайахмет Ташетов*. Местное киргизское население в лице своих представителей, весьма сочувственно встретило появление первой русско-киргизской школы и в приговоре своем, выражая глубокую благодарность устроителям школы, просило ходатайствовать о наименовании ея «Санниковской», а общежитие при ней «Штейновским». Учителем школы назначен воспитанник Омской Учительской Семинарии г. Аяганов, киргиз по происхождению. От души желаем полного успеха новой школе и пусть послужит она примером для возникновения таких же школ в других киргизских обществах. ___________ • Шайахмет – Кәшимә апамның Исахмет атасынын інісі. [8] Есілбай қажы Мәмекұлы ХІХ ғасырдың көрнекті діни қайраткері, ірі демеуші (меценат). [13, 248] 8 Ұмсын сұлу ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Солтүстік Қазақстан өңірінде өмір сүрген қазақтың білімді ғалым қызы Ұмсын Жүсіпқызы (3-сурет). Ұмсын жасынан әдемі сүйікті әрі зерек болады. Сондықтан оны атасы Жансақал, әжесі Шойман да әкесі Жүсіп, шешесі Қарашаш та бетінен қақпай еркелетіп өсіреді. Шешесі Қарашаш Ұмсынның алты жасында қайтыс болады да, Ұмсын әжесі Шойманның бауырында болып тәрбиеленеді. Ұмсын алғаш өз ауылы Қызылағашта атасы Жансақал салдырған мешіттегі медреседе оқиды. Сол кезде онымен Жарылғап Егізбаев та оқыпты. Кейбір деректерде Ұмсын 1878 жылы туған делінеді. 1990 жылғы маусым айында 103 жасқа келіп қайтқан Жарылғап молданың айтуынша, оларды Қызылағаштағы медреседе татар Қази халфе оқытыпты. ...Ұмсын туралы Қази Халфе: «Мен бұл балаға өзім білетінімді түгел бердім. Бала өте зерек, оны әрі қарай басқа медреседе оқыту керек», - депті. Атасы Жансақал қажы немересін Қызылжар медресесіне оқуға береді. Ұмсын оны өте жақсы бітіреді.Содан кейін атасы Жансақалдың тілегі бойынша сол кездегі білімді азамат жас қажы Абылай Рамазанұлы Ұмсынды Троицк қаласындағы медресеге оқуға орналастырыпты. Ттроицкедегі медресені де өте жақсы оқып тәмамдапты. Онда араб, парсы, көне түрік тілдерін үйреніпті. Содан ол молда қыз атанады. Ұмсын Троицк медресесін бітірген жылы Жансақал мен Жүсіп тағы да Меккеге қажылыққа баратын болады. Атасымен, әкесімен бірге қажылыққа баруға Ұмсын да талап қылады. Жас қызының бетін қайтармай атасы мен әкесі Ұмсынды Меккеге ерте шығады. Сөйтіп, Абылай қажы жетекшілік еткен бір топ адам Меккеге барады. Мәдина шаһарында да болады. Сол сапарда оларға ертеректе қажылыққа барып араб қыздарына үйленіп, әуелі Мәдинада тұрып, кейін Мысырдағы (Египеттегі) Ескендір (Александрия) шаһарына барып тұрақтаған Қызылжарлық (Петропавлдық) Балта Керей Асанияз, Жұманияз, Еснияз, Бекнияз, Есімғожа Нұрмұхаммед ұлдары деген бес ағайынды кісілерінің үшеуі кездеседі. Олардың біреуі сауда жасап жүріпті, екеуі тағы да қажылыққа барған екен. Олар Жансақал қажы мен оның Баласы Жүсіп қажыны бұрыннан біледі екен. Сол жігіттер әкелі-балалы қажыларды, Абылай қажыны жолдас-жораларымен қоса қонаққа шақырып, Ескендір (Александрия) шаһарына ертіп апарып мейман етіп күтеді. Абылай қажы Асаниязға Ұмсынның білімді ғұлама қыз екенін айтады. Ұмсынның талапты, көзі ашық қыз екенін түсінген Асанияз оның Ескендір шаһарындағы жоғары дәрежелі діни медреседе оқығанын жөн көреді. Ұмсын әкелерінің рұқсатымен сонда қалып, Асанияз қажының үйінде тұрып, сол шаһардағы жоғары дәрежелі медресені 1902 жылы бітіріп шығады. Содан аман-есен оралып, бала оқытатын молда болыпты. Александрия медресесінде де діни оқумен қатар шығыс шайырларының шығармалары оқытылады. Ұмсын Троицк медресесінде 9 оқыпүйренген араб, парсы, көне түркі тілдерін бұрынғыдан да терең меңгереді. Шығыстың атақыты ғұлама ақындары Фердоуси, Низами, Физули, Хафиз, Шамен,Сағди, Науаи, т.б. еңбектерін оқып сусындайды. Әйгілі «Мың бір түнмен» танысады. Сонымен қатар ол бос уақытында елде қазақ арасында ауызша да, қолжазба күйінде кең тараған «Бозжігіт», «Сейфімәлік», «Тахир-Зухра», «Жүсіп-Зылиха», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты түркі халықтарының біразына ортақ халық дастандарымен танысады. Бұларға қоса Қазан қаласынан басылып шыққан «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғашықтық жырлады да зор ықыласпен оқиды. Осылардың бәрі оның білім толықтырумен қатар зор әсер етеді. Оның үстіне Ұмсын өзі де асқан сұлу, әнші, домбырашы болады. Ол өте әсем киінетін. Киімі өзіне жарасып тұрады екен. Ел оны Ұмсын сұлу атап кетіпті.Өзінің «Өмір мектебі» кітабында Сәбең Ұмсынды 1913 жылы көргендегі оның сұлу кескін-келбетін былай суреттеген екеді: «Қиссаны көп оқыған және ғашықтық қиссаларда талай сұлулардың сипатын кездестірген, солардың ішінде перінің не хор қыздарының сұлу сұлу сипаттарын оқыған маған мынау әйелдің қасында олардың бәрі емес сияқты... соның дөңгелен біткен аппақ, жұп-жұқа бетіне, маңдайдан тура түскен тіп-тік қыр мұрнына, үлбірген жұқа еріндері мен оймақтай аузына, ұзындау біткен аппақ мойына, тостағандай млдір қара кзіне, қайқая біткен ұзын қара кірпігіне, қиыла біткен қою қара қасына, кең амаңдайына... дене құрылысы да лайықталып жаралған сияқты: орта бойлы, кең кеуделі, тар мықынды, тіп-тік, әдемі дене!» [12] Ұмсын 1902 ж. Мысырдағы Александрия қаласындағы Әл-Аз-жар Мұхаммед бин Вағаф мектебін бітіріп келгенде Қызылағашта әкесі Жүсіп үлкен той жасайды. Онда әнші, күйшілер, ақындар қатысып, той қызықты өтеді. Балуандар күресі, сәйгүліктер жарысы да болады. Қыз-келіншектер мен жас жігіттер кешкілікте алтыбақанға жиналып, ән шырқайды. Тойдың көркі, әрине, Ұмсын болады. 1903 жылы жазда Торсан болысының баласы Бәкенге қосылады. 1904 жылы Ұмсын бір қыз туады. Атын Күләмай қояды. Қиын жағдайда Ұмсын ауруға шалдығып 1917 жылдың күзінде қайтыс болады. Оны атасы Жансақал қажы жатқан Қызылағаштағы зиратқа жерлейді. Сөйтіп, қазақтың бір әрі сұлу, әрі ғалым қызы Ұмсын сұлу Жүсіпқызы дүниеден өтеді.[12, 11-29] Ұмсын сұлу – Сәбең жаза бастап аяғына жеткізбей қалдырған бір кейіпкері. «Өмір мектебінде» Ұмсын сұлу жөнінде, Күләмай жайында бірсыпыра қызықты әңгімелер айтылады. Сәбең баяндайтын Ұмсын сұлу сюжеті өрістеп, композициялық шешімге ие болатын дербес көркем туынды деуге келмейтін. Ауызекі әңгіменің щебері саналған Сәбеңнің мемуарлық шығармасында эпизодтық кейіпкер ретінде әңгімеленетін Ұмсын сұлудың 10 дербес көркемшығармалық тақырып екенін аңғарып кейін либретто жазған. Ол әдебиетті айтыла бермейді. Белгісіз туындылары қатарында қалып келеді. Мұраттан көрген соң айтып отырмыз. Қайролла Мұқановтың «Ұмсын сұлу» ізденісі оқырманын тың деректерімен қызықтыра түседі. Ол бір білімді жаратылып, бірақ бағы жанбай өткен мұңдық тағдыр. [7, 5] Ғалауетден Мәмеков-Күләмай Бәкенқызы Атақты байдың баласы белгілі педагог, публицист, әрі саудагер, әрі алашордашыл Преснов болысында следователь (4, 5-суреттер). Ғалаутден Мәмеков 1891 жылы бұрынғы Ақмола облысы Петропавл уезінің Аққусақ болысындағы № 3 ауылда (қазіргі Жамбыл ауданында) туған. Сәбит Мұқанов айтуынша, Жансары Уақтың бір атасы Жамантымақ. Ғалауетден осы Жамантымақтан тарайды. Ғалауетденнің алтыншы атасы Тоқай. Тоқайдан –Түгел, Түгелден – Тотау. Тотаудан – Жайықбай, Жайықбайдан – Мәмек. Мәмекте төрт бала болыпты: Елеуке, Есілбай, Елемес, Естемес. Бұлардың бәріне де мыңдап мал біткен, әрі бәрі де саудамен айналысқан. Есілбайда үш бала болған: Ғабдырахман, Жүсіп, Ғалауетден. Ғалауетден әуелі ауыл молдасынан мұсылманша оқып хат танып, соңынан Пресногорьковтегі жоғары бастауыш мектепті (7 жылдық) орыс тілінде оқып бітіреді. 1916 жылдың күзінде Ғалауетден соңғы класта оқып жүргенде бұл мектептің 4-ші класына Баймағамбет Ізтөлин келіп оқуға түседі. Олар жиі кездесіп әр түрлі тақырыпта, әсіресе, оқу және әдебиет мәселері бойынша әңгімелесіп жүреді. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай туралы Баймағамбет алғаш Ғалауетденнен естіп біледі. Осы мектепте оқып жүріп Ғалауетден Ғабдолла Тоқаевтың, Абайдың өлеңдерімен танысады. Пушкиннің, Лермоновтың, Крыловтың, Лев Толстойдың шығармаларын оқиды. Ол өз ана тілімен қатар орыс, татар тілдерін жетік білген. Ғалауетден осы мектепте оқып жүргеннің өзінде туған халқының жағдайын басқа халықтармен салыстырып, өз халқының артта қалғанынан назаланады. Қайтсек қазақ халқы ілгері басып, басқалармен теңелер екен ойға қалады. Сөйтіп, қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» 1911 жылғы № 5 санында «Біздің қазақ баласына не қылғаны басқа жұрттарға теңеулі туралы біраз кеңес» деген мақаласын жариялайды. Сол мақаладан үзінді келтірейін: «Біздің қазақ халқы Россияда болған инородец яғни жат жұттардың (орыс еместердің) арасында ғылым жағынан төмен халық болып есептеледі. әншейін жер-судың арқасында күн көріп, ойын-тойға мәз болып жүріп жатыр. Бұл күндерде бізден басқа халықтар бәрі де оянып, не нәрсе өзіне пайдалы, не нәрсе зиянды, соның себебіне кірісіп, пайдалы жағын ұстап, зиянды жағынан безіп жатыр. Біздің қазақ өз қызығында жүр. ...Кәнеки, біздің қазақ жер-судан айырып қалса, не күн көрмекші? 11 Соның үшін әркімге керекті, керексізді білу керек. Яғни керекті, керексізді біле қоюға біздің жұртта құрал жоқ. Біз алдымен сол құралға жабысуымыз керек. Ол құрал – ғылым, білім. Пайдаға жабыстырып, зияннан қашыруға себеп болған сол ғылымды келетұғын заманда өзімізге құрал қылуға бір жол бар. Ол жол – шамамыз келегеніміз балаларымызды қолын жеткізіп оқыту керек. Сол оқу, білім құралыменен құралданған соң ешкім үйретпей-ақ өз бағдарын біледі». Пресногорьков мектебін 1917 жылы жазда бітіріп, Ғалауетден сол жылы күзде Троицк қаласындағы мұғалімдер даярлайтын мұсылман медресесіне оқуға түседі. Бірақ азамат соғысының салдарынан медресе жабылады да, ол оқуын аяқтай алмайды. Азамат соғысы кезінде аз уақыт саудамен айналысады. Осы кезде ол Қарқаралы қаласында Алашорда үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейхановтың алашордашыл жастармен өткізген мәслихатына қатысады. 1921 жылғы шаруалар мен ақ гвардияшылар көтерілісі кезінде бұрын, Пресногорьковкадағы мектепте Ғалауетденмен бірге оқыған жас ақын Баймағамбет Ізтөлиннің Қызылжар қаласында ерлікпен қаза тапқаны белгілі. Осы қыршын жас ақынның өліміне байланысты Ғалауетден ол туралы мақала жазған. Соңғы жылдары Ғалауетденнің тәлім-тәрбие, оқуға ынталық, өзінің педагогикалық тәжірибелері туралы мақалалары ескі газет-журналдар табылуда. Олардың кейбіреулері 1989 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарияланды. Әлі де әзірше кездеспеген мақалалары болуы мүмкін. Сондықтан әлі де іздеу, зерттеу қажет. Ғалауетден Күләмайға үйленгеннен кейін 1922 жылғы қараша айында Қызылжар қаласында ашылған қазақ педагогикалық техникумына алғашқылардың бірі болып мұғалімдік қызметке орналасады. Онда ол орыс тілі және жаратылыстану пәндерінен сабақ береді. Қазпедтехникумда онымен бірге Жұмағали Тілеулин, Жанұзақ Жәнібеков, Бірмағамбет Айбасов, Мұхамеджан Бейсенов, Ғали Кемелов, Садуақас Жандосов, Бейімбет Ержанов, Хайретдин Болғанбаев, Сабыр Айтхожин сияқты әріптестері сабақ береді. Бұл кезде ол отбасымен қаладағы Ямская (қазіргі М.Әуезов) көшесінің № 29 үйінде тұрады. Ғалауетден сонымен қатар педтехникумның жанындағы мұғалімдер білімін жетілдіру курсында да сабақ береді. Сол кезде де педсоветтің және курстік советтің протоколдары орыс тілінде жазылады екен. Міне, сол протоколдарды орыс тіліне жетік Ғалауетден Мәмеков үнемі хатшы ретінде жазып отырады екен. Оның қолымен жазылған 1923-1926 жылдардағы (протоколдар Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатында сақтаулы (Қор 1074, тізім-1, іс-1). Бұған қоса ол қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы туралы материалдар жинап, зерттеу үшін құрылған комиссияның да белді мүшесі болды. Бұл туралы сол кездегі Ақмола губерниялық «степная звезда» газетінің 1926 жылғы 16 шілдедегі № 104 санындағы: 12 «в комиссии по собиранию и изучению материалов по истории казахского восстания в 1916 году « деген мақалада былай делінген: «Состав комиссии: В комиссии работают товарищи Жанибеков, Болганбаев, Тлеулин, мамеков. Что сделано. Установлена связь с уездами. Выявлена возможность использования архивных материалов Омского окружного архива. Завербованы корреспонденты из чила курсантов русского иказахского педтехникумов и учителей, прибывших на летние учительские курсы. По настоящее время в комисссию поступило одно воспоминание, 4 копии важных документов на русском языке, 7 фотоснимков. На казахском языке материалов собрано значительно больше. Часть из этих материалов опубликовано в печати, другая же счасть будет опубликована в ближайшее время... все это делалось в связи с 10-летием со времени восстани 19 16 года». Ғалауетденнің осындай қызмет істеуіне жан-жары Күләмайдың оған үй ішінде қолайлы жағдай жасауы да көп көмегін тигізгені анық. 1927 жылы Ф.И. Голощекиннің «кіші октябрі» белең алып, байларды қыса бастаған кезде, кәмпеске (тәркілеу) болатынын күні бұрын білген Ғалауетден Пресногорьков маңындағы барлық туыстарын жинап осы күнгі Қостанай облысына қарасты Троебратное селосының маңына апарып қоныстандырады. Бұл туралы Қабдолла Көпеев деген азамат өлеңмен бұлай деп құттықтапты: Алабұға көл аты, Жамантымақ ел аты. Ғалауетден басшысы Жігіттің теңдес болаты. Ойы жарық, дөңі қау Орнықтың ба аман-сау? Құтты болсын қонысың Задымыз Уақ, бауыр-ау! 1927-1928 жж. Байларды кәмпелескелегенде, олар бытырап «іш жаққа» (Ресеге) көшіп кетеді. Сы кезде Ғалауетден де отбасымен әр жерге бір жерге бір қоныстап қашып жүреді. Осылай қашып орын ауыстырып 1931-1934 жылдары ол отбасымен Қырғызстанның Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында тұрады. 1935 жылы Степняк қаласынан 80 шақырым қашықтықтағы Қарағаш деген алтын өндіретін жерге барып паналайды. Алайда ол жерде де НКВД адамдары ізіне түскесін 1936 жылы Омбы облысының Тюқала ауданындағы Алғабас колхозына барып тұрады. Онда көп тұрақтай алмай, сол аудандағы № 363-ші Қошкөл совхозының орталығына көшіп келіп, сондағы қазақ артеліне бригадир болып орналасады. НКВД-ның адамдары оны осы жерде 1937 жылғы қазан айының 25-і күні тұтқындайды. Үйде тінту жүргізіп барлық құжаттарын алып кетеді. Оны 13 алдымен Тюкала қаласының түрмесіне қамап, кейін Омбының түрмесіне этаппен жібереді. Тексеріс барысында Ғалауетденнің туған жерінен ол туралы анықтамалар сұратып алдырады. Солтүстік Қазақстан облысы Преснов аудандық ішкі істер бөлімі 1937 жылғы 10 желтоқсанда Омбы облыстық ішкі істер бөлімінің сұрағына мынадай жауап беріпті: «При этом на ваш № 13-272 от 23 ноября 1937 г. сообщаем, что запрашиваемый вами гражданин Мамеков Ғалауетден по социальному положению бай, в 1929г. был раскулачен и лишен права голоса. Алашордынец. Начальник Пресновского РО НКВД лейтенант ГО Фролов Пом. о/уп. сержант ГО Турсунбеков». Ақыры тергеуді аяқтағаннан кейін 1938 жылғы 4 наурызда Омбы облыстық ішкі істер халық комиссариаты басқармасының жанындағы үштік контрреволюциялық-ұлтшылдық ұйымға мүше болды деп айыптап Мәмеков Ғалауетденді ату жазасына кесті. 7 наурыз күні қаулы іске асырылды. Артында 34 жастағы жан-жары Күләмай мен әлі кәмелетке толмаған 4 баласы қалды. Олардың ең үлкені кәмелетке толмаған 4 баласы қалды. Олардың ең үлкені Кәмалбек 14 жаста, кенжесі Нариманбек 9 жаста еді. Ғалауетден Тюкала түрмесінде жатқанда өз тағдырын және отбасының жағдайын ойлап ұзақ өлең жазыпты. Соны қаусап түскен иістерімен бірге шүберекке орап үйден барған Күләмайға қоршаудың сыртына лақытырыпты. Сол ұзақ өлеңнің кейбір шұмақтары мынау. Шығып ем Қызылжардан тұрмыс айдап, Жығылдым Тюкалада атым тайғап. Миымның түпкірінде жүйрік қияла, Зарлайды күні-түні өмірді ойлап. Жоқ еді-ау қинянатым ағайынға, Мүлтіксіз көпке жағу қиын сауда. Кінәмді өзім іздеп таба алмаймын – Әйтеуір оралдым ғой шынжыр торға. Бәйгеге тігіліпті басым, арым, Артымда, әттең, қалды-ау балаларым. Толқыны қу өмірдің қуып кетсе Не болар көрген күнің, қарақтарым? Лаж жоқ болса түссе көну керек, Құрыштай болат-темір болу керек. Бұл сөзді қатын, балам, саған айтам, Беліңді тәукелге буу керек. 14 Көңілге демеу болар сонда ағайын, Аңсаған қосылам деп әр жыл сайын. Артыма төрт баламды кеттім тастап Аржағын түсіндіріп не қылайын? Көп ойлап бала қамын жемедім бе? Ыстыққа, суыққа да көнбедім бе? Сұм өмір еңбегімді жандырмады, Оған да мен кінәлі дегенің бе? Кінәм жоқ, менің берер ақылым сол, Қолыңа айыр ұстап шаруа бол. Ойланып, еркеліктің бәрін тастап Бірігіп ағайынмен күніңді көр. Тағы да бір-екі сөз, бабаларым, Ренжітпе жарым көңіл аналарың. Оқудан Нариманды және айырма Сендерге бұл аманат-тапсырғаным. Тартпаса, кім біледі тұрмыс зарын? Қолыңнан ерік кетіп мерт боларын. Мезгілсіз сүріндірдің жеткен жақта Жол тауып жүрегіне ұрпақтардың. Келмейді ақындыққа менің шамам Әшейін қамықаннан мен зарланам. Кез болдым 47-мде бұл сапарға Аяғы осы екен тамамдаған. Зер салып қарасақ, бұл өлеңінде автор өз жайынан гөрі артында қалып бара жатқан жан-жары мен балалары туралы көп ойлаған. Ол ағайындарына да өзінің отбасын тапсырып, ой-арманын білдіреді. Өзінің кінәсіз торға түскеніне қылжылады. Жан-жарынан айрылған 30-дан жаңа асқан Күләмай Бәкенқызы жолдасының аманатын орындап, балаларын жүдетпей тәрбиелеп өсірді. әрине, қиыншылдықтар да болды. Дегенмен «Орнында бар оңалар» дегендей, ұлдары өсіп әрқайсысы өз отбастарын құрды. Немерелер де дүниеге келді. Құдайға шүкір, балалары да әке аманатын орындап, шешесін ренжіткен жоқ. Сонда да Күләмайдың ойынан сүйген жары бір кеткен емес. Алғашқы жылдары оның есімін де атауға қорықты, іштен тынып жүреді. Тек ХХ съезден кейінгі «жылмық» кезінде Ғалауетденнің бір хабарын білу үшін жағалай арызданды. Ақыры, 1958 жылғы 28-ші қарашада Омбы облыстық прокуратурасынан мынадай хат келді: 15 «Тюменская область Маслянский район Усольский п/с. Гражданке Мамековой Күләмай. Ваше заявление прокуратурой Омской области рассмотрено. По делу, которому ваш муж арестован в 1937 г., прокурором области принести протест и вместе с делом направлен в Омской областной суд, откуда Вы получите ответ о результатах рассмотрения дела и вашего заявления. Пом. обл. Прокуратуры юрист 2-го класса Родинцев». Айтқандай-ақ, сол жылғы 26-желтоқсанда Омбы облыстық сотынан мынадай анықтама келді: «Справка. Дело по обвинению Мамекова Галауетдена Еселбаевича пересмотрено Президиумом Омского областного суда 12 декабря 1958 г. Постановление Тройки УНКВД по Омской области от 4-го марта 1938 г. В отношении Мамекова Г.Е. отменено и на основании ст. 4. п.5 УПК РСФСР делопроизводством прекращено за отсутствием состава преступления. Зам. председателя облсуда Лонин». Сөйтіп Күләмай Бәкенқызы сүйген жарының ақталғанын ол атылғаннан кейін 16 жыл өткенде естіп біліп, Уһ! – деп бір тиышталды-ау. Күләмай апамыз төрт ұлын да үйлендіріп, келін ұстап, немере сүйіп, олардың біраз қызығын көрді. Ол 85 жасқа келіп, 1889 жылы қазан айында Түмен облысының Александровка селосында қайтыс болды. [10, 192-206] Кәмалбек Ғалауетденұлы Мәмеков ( нағашы атам) Кәмалбек Ғалауетденұлы Мәмеков 1923 жылы 1маусым күні дүниеге келді (5-сурет). Аққаың ауданының Камышлов селосында 40 жылдан астам математика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етті. Ұлы Отан соғысының сұрапыл 1941-1945 жылдарында Отанымыздың ар-намысын, тәуелсіздігін қорғады. Окоптарда, ұрыстарда, жаудың тылында және Еуропаны азат еткенінде ұдайы қаһармандық шайқас жүргізді. Ерлігі үшін атама көптеген медальдар мен орден берілді. Атамның Ұлы Отан соғысына қатысып, Отанымызды қорғауға үлесін қосқаны мен үшін үлкен мақтаныш. 1996 жылы 1 маусым күні дүниеден өтті. [5,2; 6,2] Менің отбасым: Әскеров Арман Әлімбекұлы (әкем) Әскеров Арман Әлімбекұлы Аққайың аудандық білім бөлімінің әдіскері. Физика және информатика пәнінің мұғалімі (6-сурет). Әскерова Әлия Камалбекқызы (анам) № 3 Смирнов орта мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (7-сурет). 16 Өзінмін Әскерова Алима Арманқызы 2000 жылдың 3 наурыз жұлдызында өмірге келдім. 4-сынып оқушысымын. Өмірлік ұраным: «Талаптыға нұр жауар». Сабақты үздік оқимын. Келешекте министр болғым келеді (8-сурет). "Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар қазақ – шын мәнiнде, жұлдызы жанған бақытты халық. Алайда, бұл бақыт бiзге оңайлықпен, өздiгiнен келген жоқ. Қазақ өз тарихында ұлт ретiнде талай мәрте жойылып кете жаздады. Тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметiн тартты. Бүгiнгi тәуелсiздiкке дейiнгi аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелi тағдыры, арманы мен аңсары арпалысқа толы күресiп жатыр. Iштей булыққан бұлқынысы мен өкiнiшi, жеңiстерi мен жеңiлiстерi де жатыр. Бүгiнде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы iстердiң, ұлағатты дәстүрлердiң, iргелi мемлекеттердiң заңды мұрагерi болып саналады”, – дедi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.[10] Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін үлкен парыз. 17 Қорытынды Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әке-шешемнің шежіресімен тереңірек таныстым. Менің негізгі мақсатым «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс. Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады. Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді. Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі, жәрдемдеседі. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре. Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерле біл. 18 Пайдаланған әдебиеттер 1. Аймбетова Г. «Во славу профессионалов», «Казахстанская правда» 2004, http://www.kazpravda.kz 2. Аймбетова Г. «Молодость, наука, чистые порывы...» «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» 2006, http://www.nauka.kz 3. Аймбетова Г. «Родники жизни». Алматы 2007, 3, 38 б. 4. Аймбетова Г. «Они уходят. Навсегда», «Вечерний Алматы» 2005, 3 б. 5. Аскерова А. «Жеңіске мың тағзым!», «Колос» 2010, № 20, 2 б. 6. Аскерова А. «Отец», «Колос» 2008, № 17, 2 б. 7. Ергөбек Қ. «Жазулы хатқа айналған қария», «Солтүстік Қазақстан» 2010, 5 б. 8. «Киргизская степная газета». Омбы 1901, №10 9. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б. 10. «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне». Алматы 2010, http://www.kazakheli.kz 11. Мұқанов Қ. «Ұмсын сұлу» Аңыз бен ақиқат. Петропавл, «Полиграфия» АҚ 2007, 11-29 бб. 12. Мұқанов С. «Ұмсын сұлу», «Өмір мектебі» http://www.adebiet.kz 13. «Северо Казахстанская энциклопедия». Алматы «Арыс» 2004, 248 б. 14. Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек». «Ана тілі» газеті 13-Қаңтар 2011 15. «Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедия». Алматы, «Арыс» 2006 374, 406 16. Шейкина Т. «С праздником, опера!», «Северный Казахстан» 2010, № 121, 5 б. Жұмыстын толык нұсқасы алу үшін скачать басыныз
| |
Просмотров: 54494 | Загрузок: 1827 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 2 | |
| |