Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бауырсақ ертегісі
[ Скачать с сервера (18.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ертігілер]
22.06.2014, 12:48

Бауырсақ ертегісі

Ата: әжесі немереміз Айсұлудың туған күні ғой не сыйлайтын ойың бар?
Әже: Қазір мен сандықтың түбін қарайын көйлек тігетін мата бар болса әдемі көйлек тігіп берейін
(бір айналып келеді)
Ештеңе қалмапты. Мен қазір, немерем жақсы көретіндей дәмді қылып бауырсақ пісірейін. (бауырсақты домалатып көзін, мұрнын, аузын жапсырып ыдысқа салып, пешке апарып салады) бауырсақ пісіп үйдің аржағынан әженің қолынан ұстап, секіріп шығады, айналады. Әже хат жазады
НЕМЕРЕ ҚЫЗЫМЫЗ АЙСҰЛУҒА
БАУЫРСАҚ
АТА- ӘЖЕСІНЕН ТУҒАН КҮНІНЕ
Бауырсақ жіңішке дауыспен оқып шығады. Әжесі хатты қолына ұстатып шығарып салады.
Иіскелеп шыршаның артынан ҚОЯН шығады
Қоян: бұл не сондай дәмді иіс. Бауырсақ, бауырсақ... бұл сен бе?
Бауырсақ: иә қоян бұл мен ғой.
Қоян: сен сондай әдемісің, дәмдісің мен сені жейінші!
Бауырсақ: өкінішке орай, жей алмайсың, болмайды. Ата мен әженің немересі Айсұлудың туған күніне бара жатырмын.
Қоян: қандай өкінішті. (ойланып тұрып қалады) бауырсақ мен сенімен бірге барсам болама, мені сол жаққа сәбізге жіберген, жолымыз бір болды. (қол ұстасып шыршаны айналып алдына келеді, қоян иіскелеп, мен былай жүре алмаймын, мен сенің артыңда жүрейінші, хош иісің мұрынымды жарып барады деп қолындағы гүлін иіскейді)
Келе жатқанда қоян қасқырға соғылып қалып, екеуі алыса кетеді да қасқыр тоқтап қалғанда бауырсақты көріп қалады.
Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ болама мен сені жейінші.
Бауырсақ: болмайды қасқыр. Міне мені қоянда жеген жоқ. Ата мен әженің немересі Айсұлудың туған күніне бара жатырмын – деп хатты көрсетеді, қасқыр хатты алып, иіскеп, олай- былай көреді де тістеп шайнап көреді, қоян хатты жұлып алып бауырсаққа береді.
Қасқыр немересі, немересі- деп шыршаның алдында айналып тұрып қалады да арттарынан жүгіріп кетеді.
Үшеуі шыршаны 3 рет айналған соң алдарынан шыршаға қарап тұрған аюға кездеседі
Аю: Ой, бауырсақ, болама мен сені жейінші.
Бауырсақ: Өкінішке орай болмайды Аю. Мен, мені қоян жеген жоқ, қасқырда жеген жоқ- деп кетіп қалады. Артынан қоян мен қасқырда кетеді.
Аю: Ого-го. Бұлармен бірге қыдырып қайтсам ба екен!? Арттарынан келе жетып қоянға тіреліп қалады. Мен бауырсақты жеп қойсам, өзіме жауап бермеймін- деп алға қарай ұмтылады бәрі ұстап қалады.
Қоян: Аю сен өзіңді- өзің ұста, бәріміз шыдап келеміз ғой, сенде шыда.
Аю: Ой,ой, шыдай алатын емеспін,бауырсақты жегім келіп тұр- деп үшеуі бауырсақың артынан жүреді.
Алдарынан түлкі шығады. Қоян бауырсақтың алдында тұра қалады, түлкі қоянды жанына қарай итеріп жіберіп:
Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Ха-ха-ха
Бауырсақ: Кешір түлкі жан, мені жеуге мүлдем болмайды. Мен Ата мен әженің немересі Айсұлудың туған күнініе бара жатырмын. Мені қоян да жеген жоқ, қасқырда жеген жоқ, тіпьті аюда жеген жоқ- деп артқа қарай шегіне береді.
Түлкі: Мен сені бәрібір жеймін- деп қолынан жұлқып, тартып қалады.
Үшеуі бауырсақтың алдында тұра қалады.
Бауырсақ тығылып тұрп:
Ұяттағы, қалай ұялмайсың, сені ештеңеге үйретпеген ба?
Түлкі: Ім-м-м, кішкене ғана үзіп жегім келіп тұр.
Аю түлкіге ашуланып жақындайды: Жегің келеме, қазір ештеңе жегің келмей қалады, тіпті түлкі екеніңді ұмытып қаласың - деп ақырады, түлкі жүгіріп кетіп қалады.
Бауырсақ: Ей, түлкі, бізбен бірге жүрсейші, қыдырып қайтасың- деп жанынан өтіп кетеді. Арттарынан түлкі де ілесіп жүгіріп кетеді.
Бауырсақ: тез, тезірек жүріңдер, мен қатайып, суып барамын- деп шыршаны 1 рет бәрі айналып өтеді. Алдарынан Немере қыз шығады.
Немере: Сәлеметсің бе, бауырсақ?
Бауырсақ: Сәлеметсің бе? Мынау саған деп хатты береді.
Немере: хатты оқиды. Ал, мыналар кімдер?
Бауырсақ: Бұлар, мынау қоян, мынау қасқыр, мынау аю, анау түлкі. Олар мені жегілері келді, бірақ жеген жоқ. Олар өте тәртіпті, әдепті, мәдениетті екен. (бәрі бастарын иеді)
Немере: Келіңдер, жоғары шығыңдар! Қонақ болыңдар. Бәрі қуанып бауырсақты айналып әндетеді.
Біз пісірдік бауырсақ
Тәп- тәтті өзі домалақ
Міне, мынандай
Міне мынандай домалақ
Немере: Бауырсақ үлкен, бәрімізге жетеді.
Мынандай үлкен
Мы-нан- дай кіш-к-е-н-т-а-й, деп бәрі жылайды.
Бауырсақ: не болды, неге жылайсыңдар?
Қоян: біз сені аяп тұрмыз.
Қасқыр:біз сенімен ойнадық, дос болып қалдық, сені қалай жейміз.
Аю: Сен сондай тәртіптісің
Түлкі:Сен сондай әдептісің.
Бауырсақ: Ой, әдемі емес, дұрыс емес, не істейміз, туған күнге не жейсіңдер?
Немере: Қалай не жейміз!? Міне мен бәрін даярлап қойдым. Бауырсақта аман қалады, сендерде тоясыңдар- деп бәрі үстелді бір айналып, шыршаны айнала билеп кетеді.

Категория: Ертігілер
Просмотров: 6179 | Загрузок: 183 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]