Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Төрт мезгіл ертегісі


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Ертігілер]
05.02.2012, 00:24

Төрт мезгіл ертегісі


Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.

Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.

— Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.

— Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп.

— Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып.

— Мен де, – депті жадыраған Жаз.

Жыл ақсақал оларға риза болады.

— Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар, – деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды…

Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алап жатады.

— Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.

Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, – дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.

Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.

Категория: Ертігілер | Добавил: Admin | Теги: Ертегілер, төрт, ертегісі, мезгіл
Просмотров: 28922 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.6/71
Всего комментариев: 1
1 Laura sister banu  
Төрт мезгіл

Қысса суық қырқада,
Қыран биік қалықтайды.
Аяз қарып тұрсада,
Аңшы аңнан жалықпайды.

Көктен жауын тілесең,
Көк шалғынға тіресің.
Көктемнің қырға келгенін,
Көкек келсе білесің.

"Күн-жаз, ет-аз" дей тұңын,
Шілде миды жей тұғын.
Сары жел соқса іргейден,
Жайлау ғой шіркін кей күнің.

Күзеу сөзі күз екен,
Қойды күзде күзесең.
К-ні алып тастасаң,
Мезгіл жетер ізетін.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]