ӨЛЕҢДЕР
«Балабақша»
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
«Күз»
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің бұзық-ау.
«Қазақстан»
Ен даласын
Егін жапқан.
Бар баласы
Бақыт тапқан.
Менің жерім
Туған елім-
Күн сәулелі Қазақстан!
«Отан»
Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз,
Отан – ортақ үйіміз,
Отан – көңілді ән, күйіміз.
«Қыс»
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады ,қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
«Торғай»
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықта да тоңбаймын.
Құрт- құмырсқа шіркейден
Бау – бақшаны қорғаймын.
«Достық»
Ортақ мекен, жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы ,
Достығымыз жарасқан.
|