Главная » Файлы » Шығармалар |
[ Скачать с сервера (13.2 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Өлеңдер/Тақпақтар] |
18.10.2015, 07:37 |
Күні ертең біз Тәуелсіздігіміздің жиырма төрт жылын атағалы отырмыз. Бұл біз үшін ерекше мерейлі күн.Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, оқу оқып, білім игеріп, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасының беки түсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл жалпы орта білім беру мектебінің 10 – сынып оқушысы Нуртазина Назгүл Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Беспаева Айсұлу Оразқызы
Елім менің Елім менің алтын діңгек тірегім, Саған деген махаббатқа толы жүрегім. Туған жерім - тәуелсіз Қазақстан бесігім, Өркендету сені - басты арман - тілегім. Тәуелсіздік - бақыты бұл қазақтың, Тәуелсіздік - жойылуы азаптың. Мұратына жеткізе бер халықты, Асқақтатып ырыс – құтын елімнің.
Қазақстан деген елім бар Қазақстан деген елім бар, Ұлан – ғайыр жерім бар. Ата – баба еткен аманат, Сан ғасырлық тарихы бар. Тәуелсіздік туын көкке ұстап, Жаңа өзгерістерге адымдап, Таң қалдырып дүние жүзін, Жаһандану үдерісіне бойлап. Танытып елім егемендігін, Жалғап ертеңі мен бүгінін, Жаңадан жазып тарихын, Қазақстаным алға басып келеді, Тереңге жайып тамырын.
Арайлап атты боз таңың
Арайлап атты бүгін боз таңың, Төрт құбылаң түгел болды Отаным. Көп аңсадық, армандадық бұл күнді, Тәуелсіздікке жету болды арманың. Егемендік үшін қиындықты баз кештік, Ғасырлар бойы қылып жанкештік. Киелісің, тәуелсіздік, дербестік, Арман – мұрат, асыл сана теңсіздік. Шырайлысың, егемендік ақ таңы, Қорғалған қалғанша қасық қаны. Тарылмасын тәуелсіздік тынысың, Биік те берік болсын тұғырың.
Күні ертең біз Тәуелсіздігіміздің жиырма төрт жылын атағалы отырмыз. Бұл біз үшін ерекше мерейлі күн.Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, оқу оқып, білім игеріп, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасының беки түсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! | |
Просмотров: 4309 | Загрузок: 62 | |
Всего комментариев: 0 | |