Главная » Файлы » Шығармалар |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мақал мәтелдер] |
25.05.2012, 12:12 |
ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Ел мен жер егіз. Ел іші алтын бесік. *** Жері байдың елі бай. *** Отан — қуат, Отбасы — шуақ. Есің барда елің тап. *** Көп ел — сарқылмас көл. Көп ісінде береке. Егемен елдің еңсесі биік. *** Көп қайда болса — құдай сонда. *** Көптің күші көлдей, Көшіп жүрген елдей. *** Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан. *** Көп түкірсе — көл болар. *** Көп біріксе — ел болар, Көп тілегі көл болар. *** Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары. *** Көп жабылса жоқ табылады. *** Көп ауызы дуалы. *** Көп адаспас, көл таусылмас. *** Көп тілесе алар, Күн бұлттанса жауар. *** Көппен көргеннің арманы жоқ. *** Көп қорқытады, терең батырады. *** Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды, Көптің жоғы жоғалса табылады. *** Көп дауыс қосылса, Бір дауысты жоқ қылады. *** Көптен қоян қашып құтылмас. *** Көп білсең де, Көптен артық білмейсің. *** Көппе тентек болсаң да, Көпке тентек болма. *** Көптен шыққан көмусіз қалады. *** Адассаң, көппен адас. *** Көпке топырақ шашпа. *** Халық айтса, қалп айтпайды. *** Халық сөзі қаһарлы. * * * Ерден аспақ болса да, Елден аспақ жоқ. *** Ел ағасыз болмас, Тон жағасыз болмас. *** Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға бері малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. *** Данышпай айтса, ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны. *** Кемеңгер кеңес таппай қоймас. *** Талайлымен таласпа. *** Сумен ойнама батарсың, Отпен ойнама жанарсың. *** Шықпаған егіннен жер бүлінеді, Олақ бастықтан ел бүлінеді. *** Көптен жақсылық құтылмайды, Аздан азап арылмайды. *** Көп толқыса ер құлайды, Көл толқыса жар құлайды. *** Елің — панаң, Жерің — анаң. *** Өз елің өзекке теппес. *** Ауылым — алтын бесігім. *** Көш басшысы жоқ ел оңбайды, Құралай бастаған киік оңбайды. *** Өзбек өз ағам. *** Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас. *** Жері байдың - ері бай. *** Қазақтың осы жер дегені, көш жер. *** Ақ бөкенді жатыр деме, Көшпелі елді отыр деме. *** Елдестірмек - елшіден. Елде бір тентек жүрмей ме. *** Елу жылда ел жаңа. *** Жүз жылда қазан. *** Қырықтың бірі қыдыр. *** Ел жасымен көрікті, Тау тасымен көрікті, Аяқ асымен көрікті. *** Ер — жалғыз, Ел — көп. *** Өз елің — алтын бесік. *** Елдің күші елу батпан. *** Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. *** Елде болса ерінге тиер, Ауылда болса ауызға тиер. *** Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. *** Ит тойған жеріне, Ер туған еліне. *** Өз еліңнің иті де қадірлі. *** Туған жердің түтіні де тәтті. *** Танымайтын жердің ой-шұқыры көп. *** Адалдық үшін арыдым деме. *** Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды. *** Кеңеспен кескен тон келте болмас. *** Кімнің жерін жерлесең, Соның жырын жырларсың. *** Туған жерің түсіңе кіреді. *** Өз елім — өлең төсегім. *** Сарала қаз көлін сағынар. *** Жеріне қарай жемісі. *** Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын. *** Ел қариясы - ел қазынасы. *** Елінен безген оңбайды, Көлінен безген қонбайды. *** Құлан кісінесе үйір жиналар. *** Отан — оттан да ыстық. *** Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл | |
Просмотров: 36808 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | |
Всего комментариев: 7 | ||
| ||