Главная » Файлы » Шығармалар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жұмбақтар Жауаптарымен


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Жұмбақтар]
25.05.2012, 11:40
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.   (Қауын-қарбыз)
 
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.  (Циркуль мен қарындаш)
 
От ішінде  – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.   (Мосы мен шәугім)
 
Торы тай,
Табанында төрт ай.    (Таға)

Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.      (Асқабақ)  
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.    (Қамшы)
 
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.       (Дөңгелектер)
 
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.     (Шайнек)
 
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.    (Құлып пен кілт)
 
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.    (Ақша бұлт)
 
Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген.        (Жайтартқыш)
 
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.    (Сөз)
 
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.     (Үтір)
 
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.     (Сұрақ белгі)
 
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.     (Леп белгісі)
 
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.     (Есік)
 
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.     (Қоңырау)

Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.      (Трамвай)
 
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.      (Қол)
 
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.      (Қол)
 
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.        (Қарындаш)
 
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.          (Түйенің өркеші)
 
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.          (Ас бұршақ)
 
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.      (Күндізгі сәулелі шам)
 
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.        (Электр шамы)
Категория: Жұмбақтар | Добавил: Admin | Теги: ЖҰМБАҚТАР, Жауаптарымен
Просмотров: 337628 | Загрузок: 0 | Комментарии: 44 | Рейтинг: 2.9/762
Всего комментариев: 4
4 Акжан  
Жуан ине шуда жіп сусылдатар бақырын шешесі үйден шыққан да тырсылдатар бақырын

2 Ерасыл  
кім біледі Тонна толар Қалағы бар,Тас,балшыктан алары бар. осы жумбактын шешуын айтындаршы отинем

3 Admin  
0
Экскаватор

1 шахислам  
жұмбақтар керек

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]