Главная » Файлы » Зертханалық жұмыс |
Физикадан зертханалық жұмыстар
[
· Скачать удаленно ()
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика] |
04.04.2012, 21:06 |
Зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындық. Алдымен лабораториялық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар лабораториялық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқу керек. Зертханалық жұмысты орындау. Лабораториялық жұмыстың теориясын, негізгі мақсатын анықтап алған соң жұмысты орындауға кірісу керек. Бұл уақытта лабораториялық жұмыстың түсіндірмесінде көрсетілген приборларды жұмыс столында барма, бар болса, толық па осыны анықтап алу керек. Жетпейтін құралдарды сұрау керек. Енді құралдармен танысып оның бүлінген бүлінбегенін анықтау керек. Егер прибор бүлінген болса мұғалімге хабарлау керек. Осыдан кейін тәжірибе жоспарын жасап, оны мұғалімге көрсетіп алу керек. Жұмысты орындауға кіріскенде мына кеңесті есте ұстау керек. 1. Жұмыс орны өлшеулер жүргізуге ыңғайлы болу керек. Жұмыс қондырғысының активті элементтері қол жетерлік жерге қойылған жөн, пассивті элементтерді активті элементтермен жұмыс істегенде бөгет жасамайтындай орналастырып техникалық қауіпсіздік жағын ескеріп жұмысқа кірісуге болады. 2. Егер лабораториялық жұмыста электрлік схема болса, оларды жиып жалғастырып болған соң, мұғалімге көрсеткен соң ғана ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Мұғалімге көрсетпей, олардың рұқсатын алмай ток көзіне қосуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқушыны лабораториялық жұмысты орындауға жіберуге болмайды. 1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар. 2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең? 3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек? 4. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 65 мм2 болатын мыстан жасалған трамвай өткізгішінің кедергісін есептеңдер. ( 0,017 ). 5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия (А) шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар. 6. Шамдар бірдей кернеуге есептелсе, онда олардың қайсысының қылсымының кедергісі көп: қуаты 50 Вт шамның ба, әлде қуаты 100 Вт шамның ба? 1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар. 2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең? 3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек? 4. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 65 мм2 болатын мыстан жасалған трамвай өткізгішінің кедергісін есептеңдер. ( 0,017 ). 5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия (А) шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар. 6. Шамдар бірдей кернеуге есептелсе, онда олардың қайсысының қылсымының кедергісі көп: қуаты 50 Вт шамның ба, әлде қуаты 100 Вт шамның ба? 1. Тізбектегі ток күші 0,012 А болса, оған 2 мин қосылған гальванометр орамынан өтетін электр мөлшері қандай? 2. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді? 3. Амперметрдің паспортында кедергі 0,1 Ом деп көрсетілген. Амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар. 4. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м константан сымының кедергісі неге тең? ( ). 5. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар. 6. Бір электр шамының цоколінде 220 В, 25 Вт, ал екіншісінің цоколінде 220 В, 200 Вт деп жазылған. Қай шамның кедергісі көп және неше есе көп? 1. Тізбектегі ток күші 0,012 А болса, оған 2 мин қосылған гальванометр орамынан өтетін электр мөлшері қандай? 2. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді? 3. Амперметрдің паспортында кедергі 0,1 Ом деп көрсетілген. Амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар. 4. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м константан сымының кедергісі неге тең? ( ). 5. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар. 6. Бір электр шамының цоколінде 220 В, 25 Вт, ал екіншісінің цоколінде 220 В, 200 Вт деп жазылған. Қай шамның кедергісі көп және неше есе көп? 1. Электр плитасы жарықтандыру желісіне қосылған. Егер плитаның спираліндегі ток күші 5 А болса, оған 10 мин қосылған бауындағы заряд қандай? 2. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады? 3. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. 4. Егер Алматы мен Жамбылдың ара қашықтығы 650 км болса, ал осы қалалардың арасына тартылған телеграф сымы көлденең қимасының ауданы 10 мм2 темір сымнан жасалса, онда осы телеграф сымының кедергісі қандай? ( ) 5. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар. 6. Екі электр шамының қуаты бірдей. Бұлардың бірі 110 В-қа, ал екіншісі 220 В-қа есептелген. Шамдардың қайсысының кедергісі көп? Неше есе көп? 1. Электр плитасы жарықтандыру желісіне қосылған. Егер плитаның спираліндегі ток күші 5 А болса, оған 10 мин қосылған бауындағы заряд қандай? 2. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады? 3. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. 4. Егер Алматы мен Жамбылдың ара қашықтығы 650 км болса, ал осы қалалардың арасына тартылған телеграф сымы көлденең қимасының ауданы 10 мм2 темір сымнан жасалса, онда осы телеграф сымының кедергісі қандай? ( ) 5. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар. 6. Екі электр шамының қуаты бірдей. Бұлардың бірі 110 В-қа, ал екіншісі 220 В-қа есептелген. Шамдардың қайсысының кедергісі көп? Неше есе көп? Физика 8 класс Тақырыбы: “Тұрақты электр тогы” қорытындылау сабағы. Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету. Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін одан әрі қарай дамыту. Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жи- Нақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын туғызу. типі: қорытынды сабақ түрі: сайыс көрнекілігі: топтың аттары, бағалау парақтары, портреттер, интер белсенді тақта, приборлар (амперметр, вольтметр, ток күзі, кедергі, кілт, сымдар). Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет Сабақ барысы: Барлығы 30 балл. I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, басшысын анықтау. (I топ Ток күші, II топ Кернеу. III топ Кедергі). 1. Виктариналық сұрақтар 2. Есеп 3. Тәжірибе 4. Шығармашылық жұмыс (топ басшыларымен) 5. “Сен білесің бе?” формулалар бойынша физикалық диктант 6. Қорытынды 7. Үйге тапсырма, бағалау. I. Виктариналық сұрақтар. Жауап нақты, тез болу керек. Әрбір сұрақ 5 балл. Дұрыс жауабын топтағы әр оқушы интербелсенді тақтаға жазады. 1. Алғаш рет “электр тогы” түсінігін физикаға енгізген ғалым. 2. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер туындайды. Қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады. Бұл токтың қандай әрекеті? 3. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы: 4. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші қалай өрнектеледі? 5. Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады? 6. Тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальян ғалымы: 7. Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал: 8. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама 9. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты? 10. Тізбектегі кедергіні өлшеуге арналған құрал: 11. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама: 12. Меншікті кедергінің белгіленуі 13. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы 14. Ом заңынан кедергі неге тең? 15. Электр тогының жұмысын анықтайтын формула 16. Электр тогының қуаты неге тең? 17. Қуаттың өлшем бірлігі неге тең? 18. Джоуль-Ленц заңының формуласы қандай? | |
Просмотров: 26883 | Загрузок: 2298 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |