Главная » 2012 » Февраль » 1 » Қазақстанда мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны басым – Статмәліметтер
22:34
Қазақстанда мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны басым – Статмәліметтер


АСТАНА. Қаңтардың 25-і. BNews.kz – Қазақстанда бүгінгі күні қазақ тілде білім беретін 3843 және орыс тілде – 1508 мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Статмәліметтерге сәйкес, қазақстандық мектептерде білім беру 7 тілде жүзеге асады: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс және ағылшын тілдері.

«Қазақстанда қазақ тілде білім беретін мектептердің саны басым – 3843 және орыс тілінде – 1508 (арнайы түзету мектептері мен орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді санамағанда).

Өткен оқу маусымымен салыстырғанда, тек қана қазақ тілінде білім беретін орташа оқу орындарының саны 15 мектепке өсті (0,4%). Оған қоса өзбек тілінде білім беретін -58 мектеп, ұйғыр тілінде – 14, ағылшын тілінде – 8 және тәжік тілінде – 2 мектеп бар. Сондай-ақ 2163 мектепте білім беру екі немесе одан да көп тілдерде жүргізіледі.
Просмотров: 1866 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]