Главная » 2012»Апрель»9 » Шымкентте «Химфарм» АҚ жаңа ампулалық-инфузиялық цехы салынады
15:27
Шымкентте «Химфарм» АҚ жаңа ампулалық-инфузиялық цехы салынады
Шымкентте «Химфарм» АҚ жаңа ампулалық-инфузиялық цехы салынады
Ағымдағы жылы Шымкентте «Химфарм» АҚ жаңа ампулалық-инфузиялық цехы салынады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақпарат бойынша, «Польфарма» тобының инвестициялық жоспарына сәйкес Шымкентте биылғы жылдың жазында "Химфарм" АҚ жаңа ампулалық-инфузиялық цехты салынып бітеді, деп мәлімдеді Алматыда өткен арнайы ақпараттық кездесуде "Химфарм" АҚ бас директоры Влодзимирз Грыглевич.
Бұл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың басында бекіткен "Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес келеді. Аталған бағдарламаға сәйкес фармацевтика өнеркәсібі экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде жарияланған болатын.
Еуропалық Польфарма тобымен біріккеннен бастап Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен нарықта қызмет етіп жүрген "Химфарм" АҚ компанияның ары қарайғы даму жоспары жөнінде хабарлайды.
Ампулалық-инфузиялық цех құрылысы ең алғашқы және ірі жоба болып отыр. Қазіргі уақытта оның құрылысы белсенді іске асырылуда. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2012 жылдың маусым айында аяқталады. 2013 жылдың шілде айында заманауи құрылғы орнатылады. Ампулалық-инфузиялық цех GMP стандарттары бойынша 2013 жылы өзінің жоспарланған қуатына шығып, жылына 350 миллионға дейін ампула мен 4 миллион инфузиялық пакетті шығаратын болады. Жаңа цехта 400 қызметкер жұмыс жасамақ.
Цехтың өндірістік қуаттылығын ары қарай жаңарту және арттыру, инфрақұрылымды оңтайландыру мен технологияларды ауыстыру 2014 жылға дейін жалғасады. Компания өз өнімінің сапасына шамамен 84 миллион долларға жуық қаржы салуды жоспарлап отыр.
«Нарықтың көшбасшы ретіндегі біздің жоспарларымыз Қазақстанның бүкіл фармацевтика саласының дамуына елеулі әрі жағымды ықпал етіп, сондай-ақ, бүкіл Еуразия аймағында сапалы және тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектерді жеткізетін жетекші компанияға айналуымызға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді "Химфарм" бас директоры Влодзимирз Грыглевич.