Главная » Файлы » Шығармалар |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Өлеңдер/Тақпақтар] |
23.12.2020, 13:32 |
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Жаңа жылға арналған құттықтаулар Жырмен өтсін күнің, * Кейде көңілің калған, * Мезгілдері жаңарған, * Бақытсыз шырша * Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын! * Аппақ қар, Аппақ дүние, Аппақ ғалам, Қойғандай сұлулығын сақтап маған. Атайық ақ шампанды ырым жасап, Щалқысын көңіліміз асқақтаған.
Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің, Ғаламға ғашық болған жанарымсың. Қалсыншы ескі жылда бар қиындық, Шаттықтың шарайнасы бола білгін! * Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?! * Аман болсын отбасың, Жамандықтан сақтасын. Жаңа жылдың түнінде, Бақыт ашсын қақпасын! * Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын! * Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2012 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын! * Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып... Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,- Ғасырдың он екінші жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары! Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын! *
Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын! * Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын. * Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын! * Ескі жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! * Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз, Мезгілдері жаңарған, * Жаңа жылда шаңырағыңа
Аяз әже Шана жеккен бұғымен, Жаңа жылдың жүгімен, Бір ақсақал келді де Зікір салды түнімен.
Жаңа жылдың есігін, Ащы, тәтті несібін Ашып берер ақсақал Аяз ата – есімі.
Аяз ата мырза екен, Бала біткен ырза екен; Сыйлық дорба жыл бойы Осы жерде тұрса екен.
Қызыл, жасыл, тоқсары, Шұғылалы шоқтары; Жымыңдайды шыршада Сансыз үміт оттары.
Айналумен шыршаны, Алдарқатып баршаны, Қоян болып, ат болып, Аяз ата шаршады.
Сөз тигенде шөжеге, Шақырды да көжеге «Аяз ата, кел»- деді, «Бірге Аяз әжемен».
Жаңа жыл кешінде Бақ бере жаңа жыл маңдайыма? Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына. Өткен жылдың күйініш- сүйінішті Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.
Аяз ата келе ме қызыл шырай, Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай. Мақта қыздар майысса белін бұрай, Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.
Асыла ма сыбаға ыстық пеште, Айтыла ма ертегі қысқы кеште. Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар Көне жылым қалсын де мәңгі есте.
Жаңа жыл, шырша Жаңа жылда, шыршада Шалқытыппыз біршама- Байпақ қайда, бас қайда? Су жетпей тұр мұршаға.
Шампан аштық баршаға, Шашу шаштық қаршаға. Есіркеуге ескіні От тамыздық аршаға.
Ақ шаһарға жол салдық, Тойладық да томсардық. "Жарылқа" деп "келген жыл" Жаңа таңды қарсы алдық.
Жылдарды да ғасырды Уақыт қырдан асырды. Тылсым айғақ сан сырды Болашақтан жасырды.
Өткен жылдар қаншама Сынақтарға салса да Өмір деген театрдан Шалдықпа достым шаршама.
Жаңа жыл шамы Жаңа Жылдың түнінде Шамын жақ та үміттің- Ойың болса түңілген Жағып жібер, ұмыт қыл.
Ұмыт өкпе, мұңыңды, Ымырт аяз ызғарын. Сөкпе өткен күніңді, Тарту еткен тұз, дәмін.
Күндеріңді ғайыптың Бесігіне бөленген Күміс әнге шайып бір Есіңе ал өлеңмен.
Жаңа Жылдың түнінде Джаздан болсын жыр – әнің. Жақсылыққа тігілген Маздай берсін шырағың. | |
Просмотров: 15252 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 2 | |||
| |||