Сынып:5 «В» №70 мектеп-лицей
Күні: 08.02.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Мелдебекова Гаухар Коргамбаевна
Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Осы сабақта күтілетін нәтижелер Ондық бөлшектерді бағандап қосу және азайту алгоритмін есептер шығаруда пайдалану
Оқу бағдарламасына сілтеме 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты Оқушылар:
- ондық бөлшектерді бағандап қосады, азайтады;
Бағалау критерийлері ондық бөлшектерді қосу және азайтуды «бағандап» орындайды және түсіндіреді;
ондық бөлшектерді қосады;
ондық бөлшектерді азайтады;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Ондық бөлшекке қолданылатын амалдардың алгоритмін түсіндіреді
Лексика және терминология:
бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі;
ондық бөлшек;
үтірмен ажыратылған цифрлар саны;
үтірден кейінгі цифрлар саны;
ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. бөліктер;
санды разрядтарға жіктеу;
разрядтық бірліктер;
ондық сандар.
Пәнаралық байланыс Информатика
АКТ қолдану дағдылары Презентация, Kahoot ойыны, smk.edu.kz онлайн ресурстар
Алдыңғы білім
Ондық бөлшек. Натурал сандарды алу және қосу. Сан разрядтары
Сабақ түрі Өткен сабақты қайталау
|