Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Tұңғыш Президент күні 1 - желтоқсан» (Ашық тәрбие сағаты)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
24.11.2017, 12:12

«1 - желтоқсан Tұңғыш Президент күні»

Жоспар:
І. Кіріспе.
Хор: Әнұранын орындау
Слайдты түсіндірме.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Елін сүйген Елаға, Нұр сыйлаған халқына» оқушылардың жүргізілуінде.
Сахналық көрініс: «Шетел журналистерімен сұхбат»
Хор: «Қазақ елім»
ІІІ. Қорытынды.
Хор: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Ашық тәрбие сағаты «Елін сүйген Елаға, Нұр сыйлаған халқына»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Болашақ ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа дағдыландыру. Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев атты кітап көрмесімен таныстыру.

Әнұран орындалады.
1-жүргізуші-Мейірманқұлова Аружан: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші-Тұрар Еркебұлан: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы еңселі еткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
3-жүргізуші-Өмірсейт Фариза: Еркін сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
4-жүргізуші-Қаныбек Еркін: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Аружан сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 22 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1-жүргізуші-Аружан: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- жүргізуші-Еркебұлан: Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. 1-жүргізуші-Аружан: «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы, қол жеткен мұраты.
4-жүргізуші-Еркін: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
3-жүргізуші- Фариза: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.


Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

1-жүргізуші-Аружан:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


2- жүргізуші-Еркебұлан:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
4- жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Оқушы Монологы. «Менің Президентім» Ақерке
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Оқушы Монологы «Менің Президентім» Базарбай.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

1-жүргізуші Аружан
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2-жүргізуші Еркебұлан
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

3-жүргізуші Фариза
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- жүргізуші Еркін
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

І- жүргізуші Аружан: Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

2- жүргізуші - Еркебұлан: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 3-жүргізуші-Фариза:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
4- жүргізуші-Еркін :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Сахналық көрініс: «Шетел журналистімен сұхбат» Білім және ғылым министірі Жұмабек Анел: Сәлеметсіздер? Қош келіпсіздер. Аудармашы Пернебек Балжан: Hello! Welcome to our country. Англия журналисті Шардарбек Несібелі: Hello! I m a journalist, I come from England for the 1-st “President” day and 1 celebrate you with this holiday. Oh, Kazakhstan, I know it Jt’s a wonderful country Kazakhstan has very large territory, thas including in 5 France. Аудармашы: Біз Англиядан арнайы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құтықтап келіп тұрған жайымыз бар. Мен Қазақстанды білем, қандай үлкен ел, ғажап ел! Оның жеріне 5 Франция сыйып кетеді деп естідім.

Білім және ғылым министірі: Рас айтасыз, Қазақ даласының шекарасының ұзындығы 15 мың км асады. Елімізде ірі 14 облыс, 175 аудан бар. Республика халқының саны 17 млн адам. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. Оған 1999 ж ЮНЕСКО шешімі бойынша «Әлем қаласы» деген атақ берілді.
Аудармашы: Yes, you are right, Kazakh’s steppe has more 15000 km, it has 14 regions, 175 districts, 17 millions population. The capital of our country is Astana. In 1999 years by the decision of UNESKO “Astana became” “The world city”. Англия журналисті: Please I want to know about your President. Аудармашы: Елбасыңыз Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімелеп берсеңіз. Білім және ғылым министірі: Н.Ә.Назарбаев 1940 ж 6-шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. 1958-1960 ж техникалық училищені тамамдайды. Өз мамандығы бойынша жұмыс жасай отырып, Президенттікке 1991 жылы 1-желтоқсанда сайлау өтіп, Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. 1991 ж 16 желтоқсанда «ҚР.Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойылып, егемендігін жариялады. Аудармашы: N.A.Nazarbaev was born in 1940 on 6-ofjulay in Almaty region6 district Karasay, in the village Shamalgan. In 1958-1960 years Nazarbaev graduated secondary school. Англия журналисті:I know that Kazakhstan is the richest country, what do you think about it? Аудармашы: Қазақстанды бай мемлекет деп естідік, оған не айтар едіңіз? Білім және ғылым министірі: Расында да, Қазақ жері алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға бай. Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары, аппақ қардай ақ мақта өседі. Аудармашы: Actually, kazakh’s people is very rich of gold, silver iron and coal, oil and gas. Kazakh steppe has grain wheat, oatmeal and rice cotton. Англия журналисті: It has many nationality, is it true? Аудармашы: Және де өзге ұлт өкілдері бір-бірімен тату тұрады дейді, бұған не дейсіз? Білім және ғылым министірі: Ия, қазақ жерінде 130 дан аса өзге ұлт өкілдері тұрады. Кең байтақ жомарт даламызда халық ынтымағы жарасқан елміз.Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз. Біз оны мақтан етеміз. Аудармашы: Yes, of course. There are more 130 nationalities in Kazakhstan. We live in peace with all nationalities. We are proud of our Kazakhstan. Англия журналисті: Thank you, very much, I had many in for motion about your country. Good bye! Аудармашы: Рахмет, Қазақстан мемлекеті туралы көп мәлімет алдық. Сау болыңыз! Білім және ғылым министірі: Сау болыңыздар. Біз сіздерге ризамыз. Келіп тұрыңыздар! «Қазақ елім» Р.Рымбаеваның орындауындағы әнді хормен айту.

Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім,
Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам, қазағым, мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқан үшін.
Қазағым, сенсің тауым асқарым,
Самғасаң сенсің ұшар аспаным.
Жұлдыздайы аман, күні аман,
Туған жерім - сенсің ұлы анам.

Қазақ жері - бұл Қазақстан
Жаса мәңгі гүл Қазақстан.
Келешекке туған елім менің
Қолым беріп тұр менің Қазақстан.
Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым - қазақ жерім Әнұраным, туым, қазақ елім.
Қазақ елі ұлы көште
Дария тағдыр суын кеште
Қазақ жері, кең далам да осы.
Біз балаңбыз туып өскен.

Қазағым, туып өскен мекенім,
Қастерлеп сені мәңгі өтем.
Туым да, далам да қазақ жері
Жаса мәңгі, қазақ елі.
.Қазақ жері - бұл Қазақстан
Жаса мәңгі гүл Қазақстан.
Келешекке туған елім менің
Қолым беріп тұр менің Қазақстан.
Қазақ елі ұлы көште
Дария тағдыр суын кеште
Қазақ жері, кең далам да осы.
Біз балаңбыз туып өскен
3- жүргізуші - Фариза :Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

4-жүргізуші - Еркін:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. 1 –жүргізуші - Аружан:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

2-жүргізуші - Еркебұлан: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың
Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқаны айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

 


Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы
С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік коммуналдық мекемесі

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Ашық тәрбие сағаты:
«Елін сүйген Елаға, Нұр сыйлаған халқына»

10 «а» сынып жетекшісі: Зиядаева Жанайым

Категория: Мерекелік іс шаралар | Добавил: Admin
Просмотров: 4263 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]