Главная » Файлы » Әр түрлі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Психология» пәнінен орыс тілінде электрондық оқу құралы жасақтау
[ Скачать с сервера (19.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар]
04.06.2017, 13:20

І Электрондық оқу құралын жасақтаудың теориялық негіздері
1.2 Жаһандану үрдісінде отандық электрондық оқулықтарды дайындау әдісі
Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқу құрал дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқу құралының құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқу құралы студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электрондық оқу құралдың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Электрондық оқу құралдар мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелерді көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқу құралын" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқу құралын жасаудың негізгі кезеңіне оқулықтың тікелей құрастырылу операциясы кіреді. Оның мазмұны ұсынылатын формадан өзгеше болуы қажет. Материалдың ұсынылатын формасы қатаң болуы қажет. Беттерде артық графикалық немесе мәтіндік ақпараттар болмауы керек. Олар оқырманның көңілін бөлуі мүмкін. Оқу құралын фоны бірсазды болғаны жақсы (бірақ міндетті емес). Фоны жарық, ал мәтіні қараңғы түспен, мысалы, қара немесе қараңғы көкшіл түспен жазылуы қажет. Қараңғы фон мен жарық шрифтті қолданған дұрыс болмайды, себебі, оқырманның көздерін шаршатады. Шрифттің гарнитурасы жақсы таңдалса мәтіннің оқылуы жеңіл болады. Егерде ол серифтерсіз (засечкалар) жазылатын болса, онда шрифттік гарнитуралардың кіші шрифттерін қолданбау керек. Бағдарламаға графикалық суреттерді қосқанда ақпараттық құралдарға бейімделуін де ескерген жөн. Оқу бағдарламасының жалпы көлемін азайтуға арналған GIF, JPEG және т.б. форматтарды қолданса болады.
1.2 Электрондық оқу құралын құрастыру жабдықтарының жіктелуі.
Электрондық оқу құралыныңнегізгі қасиеттері:
- жинақтылық
- жүйелілік
- эстетикалық көркемділігі
- жылдамдылығы
Электрондық оқу құралының құрылымы:
- материалды мәтін, сурет,график, кескін, кесте түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
- материалдың кескін түрінде баяндалуы- оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
ІІ «Психология» пәнінен орыс тілінде «Macromedia Flash» бағдарламасы бойынша электрондық оқу құралын жасақтау.
2.1 Macromedia Flash ортасының интерфейсі.
Flash МХ пограммасының негізгі жаңалықтарының бірі - оның интерфейсінің қолданушыға ыңғайлы болуы.
Macromedia Flash бағдарламасы – анимациялық бағдарламалардың бірі. Ол бірнеше меню пунктерінен, палитраларынан, пернелерден және құралдардан тұрады. Егер сіз бұрыннан графикалық программамен жұмыс істеп жүрген болсаңыз, Flash МХ программасын меңгеру оңайға түседі. Жұмыс жасамас бұрын программа интерфейсімен танысып, түсініп алу керек. Бірақ бұл программамен алғаш танысып жатқан қолданушылар үшін, практикалық жұмыс есебінен меңгеру жеңіл болып саналады.
- Растрлық графиканы көптеген мақсаттарда қолдануға болады, бірақ жоғарғы сапалы және шағын файлдардан тұратын Web-қосымшаларында қолданылмайды. Ал Flash МХ мұны векторлық графикамен шешуге мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді анықтап көру үшін геометриялық фигуралар қолданылады, ал бұл дегеніміз - компьютердің өзі оңай шеше алатын материалды қолданады. Сол себепті, растрлық графикаға қарағанда, векторлық графика көлемі кішірек және ыңғайлы болып келеді. Сонымен Flash МХ, толығымен, Web-қосымшаларын жасауға мүмкіндік береді.
2.2 «Психология» пәнінен орыс тілінде «Macromedia Flash» бағдарламасы бойынша электрондық оқу құралын жасақтау барысы
Macromedia Flash бағдарламасы көмегімен «Психология» пәнінен орыс тілінде электрондық оқу құралы жасақталды. Электрондық оқу құралын теориялық бөлімі, зертханалық бөлімі, тест бойынша қарастырылған.
Әр бөлімге сәйкесінше бетттер құрылды (сценалар). Бастапқы сценаның құрлымына тоқталатын балсақ.
- Ең алдымен керекті суреттер мен батырма суреттерін кітапханаға импорттап алынды.
- Сценаға фондық сурет орнатылды.
Ол үшін мәзір қатарынан Insert – NewSymbol командасы арқылы орындалды. Шыққан Create New Symbol терезесіндегі Behavior пункітінде Button-ға жалауша белгісі орнатылады. Нәтижесінде батырманы редакциялау режимі ашылады.

Категория: Рефераттар
Просмотров: 1529 | Загрузок: 67 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]