Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Желбіре, Жеңістің жалауы!» (тәрбие сағаты)
[ Скачать с сервера (51.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы тәрбие сағаттары]
21.01.2019, 18:25

«Желбіре, Жеңістің  жалауы!»

Тәрбие сағаты

Мақсаты:Балаларды  ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  қазақстандықтардың  ерлік  істерімен  таныстыру. Балаларды  үлкен  адамдарды  сыйлауға, оларды  қадірлеуге  тәрбиелеу. Жеңіс  мейрамы  туралы  өлең, тақпақ  үйрету. Балалардың  туған  жеріне, еліне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру, сөздік  қорларын  молайтып, сұраққа   толық жауап беруге дағдыландыру,  тіл  мәдениетін  дамыту.

Көрнекілігі: Кітаптар, қанатты сөздер, батырлардың  суреттері.

Әдіс – тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру,  ән айтқызу, тақпақ айту

Билингвальді  компоненттері: Отан –Родина, батыр –герой,

Әрекет кезеңдері :

Тәрбиешінің іс – әрекеті :

Балалардың  іс –әрекеті :

Мотивациялық -қозғаушылық

Сәлемдесу. Әнұран.Балаларды жылулық  шеңберге шақыру .

-Кел , балалар , ортаға,

Үлкен шеңбер  құралық !

-Балалар 9-мамыр -  Жеңіс  мейрамы  жақын  қалды ,

сендер  елімізге , жерімізге қандай  тілек  тілер едіңдер ?.

«Сұрақ – жауап»  ойыны .

Балалар ,біз қай Республикада тұрамыз?

Біздің Президентіміз кім ?

Қазақстан Республикасы рәміздерін кім айтып  береді ?

Қазақстан Республикасының  қандай  қалаларын білесіңдер?

Балалар, орындарынан  тұрып  амандасады .

 

 

 

Еліміз тыныш болсын !

Елімізде  бейбітшілік  болсын !

 

Қазақстан  Республикасында .

Н.Ә.Назарбаев .

 

Әнұран ,елтаңба , ту .

 

Астана , Алматы ,Орал, Қарағанды ,Көкшетау ....

Ұйымдастыру – іздену .

-Қазақстан еліміз  туралы қандай тақпақ  білесіңдер ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар , балалар!

Қазақстан , Отан туралы  көп  біледі  екенсіңдер.

Балалар , қазір   бәріміз   мәңгілік  алауға  барамыз .

Сендер мәңгілік  алаудың  не екенін  білесіңдер ме ?

 

 

 

 

 

Дұрыс ,балалар,мәңгілік  алауы - дегеніміз   біздің  Отанымызды   қорғаған  ата- ағаларымыздың  рухына  арнап   тұрғызылған  ескерткіш.

Жеңіс  мейрамын тойлап  жатқанымызға , міне ,биыл 67-жыл.Жеңіс  бізге  оңайлықпен  келген  жоқ, балалар ,  Отан  қорғау  жолында  көптеген  аға – апаларымыз  өмірлерін  қиды.

Балалар ,  назарын суретті  көрмеге  аудару .Балалар   мына  суреттегі  ата – ағаларымыз ,апаларымыз біздің  Отанымызды   қорғау  үшін  өз  өмірлерін   қиып , қыршыннан  қиылды .Осы  батыр  ағаларымыздың  , апаларымыздың  арқасында  еліміз  бейбіт  өмір  сүруде .Сол үшін  жыл сайын 9-Мамыр  күнін  тойлаймыз .

9-мамыр «Жеңіс» мейрамы болып  тойланып  келеді .

Мағжан мен Нұрайна ,

Шынар  тақпағын  айтты .

Мағжан :

Сарқылмайтын  қуатым,

Тірегімсің –Қазақстан.

Мәңгі  соғып  тұратын ,

Жүрегімсің –Қазақстан !

Нұрайна :

Отан  деген  атамекен ,

Отан деген  туған  жер .

Отан – ана , Отан үлкен.

Қазақстан – Туған ел !

Шынар :

Отан бізде біреу- ақ ,

Ол біздің  -Қазақстан !

 

 

 

 

 

 

Ол,біздің саябақта жанып тұрған от,

 мәңгілік  алауды  соғыста  ерлікпен   қаза  тапқан ата,апаларымызды  еске  алу үшін  жасаған .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  көрме  жанына  барып   батыр  аға – апаларымыздың суреттерін  қарайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалармен  ауыл  кітапханасына , мәңгілік  алауға  бару .Кітапханада   кітапханашы Т.Т.Султанғалиев  Жеңіс  мейрамы жөнінде  Отан қорғау  үшін  қаза  тапқан   батыр  аға – апаларымыз  туралы  көптеген  суреттер  көрсету  арқылы   ерліктері  туралы  айтып өтті. Балалардың  орындауында:ән «Ел қорғауға  әзірміз».

Балалардың  тақпақтарын  айтқызу .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханадан  шығып   мәңгілік  алауға  бару  , бір  минут  үнсіздіктен  кейін    гүл  шоқтарын  қою .

 

 

 

Балалар,  біз  соғыста  ел қорғаған  аға –апаларымызды  мақтан  тұтуымыз  керек .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ратмир:

Жеңістің күні  келгенде,

Көшеге жайнап шығады.

Сөнбесін  оның  жұлдызы,

Сөнбесін  өмір шырағы

Альмира :

Жеңіс келді  қалама ,

Жеңіс келді  далама ,

Жеңіс  келді  әке боп ,

Елдігі  бар  балаға .

Бекбол :

Көп қой  батыр  ағалар ,

Халық сүйіп  бағалар .

Көп қой  батыр   ағалар ,

Жаттап  алар  ,балалар .

Темірлан:

Жеңілмейді  Астана ,

Берілуге  болмайды .

Артымызда Москва ,

Шегінуге  болмайды .

 

Балалар  , үнсіз   мәңгілік  алауға қарап тұрады .

Әкелген  гүл шоқтарын  ескерткішке  қояды

Рефлексифтік – түзеушілік .

Балалар , бүгін  біз  Жеңіс  мейрамы  туралы  әңгімелестік.Батыр  аға – апаларымыз туралы  ән , тақпақтар  айтып  мәңгілік  алауға  гүл шоқтарын  қойдық .

.

Күтілетін нәтиже:

Бала білу керек: Жеңіс мейрамы  туралы, түсініктер  қалыптасады.

Бала игеру керек: Жеңіс мейрамына  байланысты, батыр  аға-апалар  жәйінде тақпақтар, өлеңдер  айтады.

Бала жасай білу керек:  Жеңіс  мейрамының  елімізге  қалай  келгенін,

қатысқан  батырлар  туралы  біледі.

Категория: Балабақшадағы тәрбие сағаттары
Просмотров: 3121 | Загрузок: 62 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]