Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы
таба отырып, тақырып бойынша игерген білім,
дағдыларын қайталау.
2. Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, сауатты,
көркем жазуға дағдыландыру.
3. Әділеттілікке, таза ұқыпты жазуға, ізденушілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың типі: Топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ойын, сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, мультимедия.
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз
5-тік баға аламыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
Ендеше балалар бүгін сабақта 5-тік баға алуға жұмыстанайық. Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр, яғни бүгін Астана қаласына саяхатқа бармақпыз. Ол үшін ұшаққа билет алып, жолға шығуымыз керек. Бүгін саяхатқа сыныптағы 4 топ барғалы отыр. Топтар өздерін таныстырсын.
|