Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау (Жоспар)
[ Скачать с сервера (29.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
13.02.2019, 14:11

Оқу-әдістемелік бөлім бастығының орынбасары (ЖБ):
Ж.Аскарова
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы Мектеп: Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жасұлан» мектебі
Рота/взвод: 10А
3/1 10Ә 3/2 10Б
3/3 10 В
4/1 10 Г
4/2 10 Д
4/3 Мұғалімнің аты-жөні:
Сулейменова А.П.
Күні: 3.10 5.10 29.09 29.09 29.09 4.10
Сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау
Ойлау қабілеттерінің деңгейі
(Блум таксономиясы) ·Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
·Нақты фактілерді біледі;
·Жұмыстың орындалу ретін біледі,
·Негізгі ұғымдарды біледі;
·Ережелерді, қағидаларды біледі.
Сабақтың мақсаты: Оқу мен тәрбие ұштасып, қосымша білім алуға
үйрету, компьютерлік сауаттылығын ашу және программалаудың құрылымын түсіндіру
Тілдік мақсаттар
Тақырыптық сөздік және терминология
Қазақша Русский English
Ішкі программа Подпрограмма Inner programme
Модульдік программалау Модульная программа Module programme
оқиға Событие Event
Бағытталған программа Объектно-ориентированное программирование Object-oriented programming
Құрылымдық программа Структурное программирование Structured Programming
Нысан Объект Object

Құндылықтарға баулу
пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс математика
Алдыңғы білім 1. Программалық жасақтама дегеніміз не?
2. Білім берудің ақпараттық ресурстары деген не?
3. Программалық жасақтаманың қандай деңгейлері бар?
4. Жүйелік программалық жасақтама дегеніміз не?
Ресурстар оқулық, жұмыс дәптері, компьютер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.(5 мин.)
Үй тапсырмасын тексеру,сұрау.
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырыпты меңгеру. (30 мин)
Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көрінуі үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылылымы көрсетуі тиіс.
Ол үшін жай үш оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес,сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет.
Ішкі программа қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы.Программа бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді,олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды.
Құрылымдық басқару типтері:
-реттілік;
-альтернативті(таңдау шарты);
-циклдік;
Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең таралған:
-Жоғарыдан төмен программалау;
-Төменнен жоғары программалау;
Жоғарыдан төмен программалау программаны әзірлеу мәселесін шешу мақсатын анықтаудан басталып,одан кейін нақты программамен аяқталады. Алдымен ең ауқымды тапсырмаларды шешетін бірнеше ішкі программалар ерекшеленеді, одан кейін осы модульдердің әрқайсысы өз кезегінде басқа бірнеше ішкі программаларға бөлініп,барлық тапсырма жүзеге асқанға дейін жалғаса береді.Бұл жағдайда программа жоғарыдан төменге қарай құрастырылады.
Төменнен жоғарыға программалау жалпы сызбаның жұмысы аяқталмай жатып,ішкі рограммаларды(процедуралар,функциялар) дайындаудан бастайтын программа әзірлеудің әдістемесі.Бұл әдістеме алдынғы әдістемеге қарағанда тиімсіз болып саналады. Өйткені қолайсыз нәтижелерге,қайта жөндеулерге және әзірлеудің уақытын созуға жиі әкеліп соғады.
Ішкі программалардың екі түрі бар:
1. Процедуралар
2. Функциялар
Олардың айырмашылығы процедура операторлар тобын жай орындайды, ал функция сонымен бірге белгілі бір мәнді есептейді және оны басты программаға қайтадан жібереді(мәнді қайтарады)
Құрылымдық программалаудың артықшылықтары:
• программалардың сенімділігі артады(жақсы құрылымдау және жобалау арқылы программа тестілеуге жеңіл болады және іске қосуда қиындықтар туғызбайды);
• программаның тиімділігі артады(программаны құрылымдау қателерді тез табуға және түзетуге мүмкіндік береді,ал жеке ішкі программаларды басқаларына қамастан өзгертеді)
• программа әзірлеудің уақыты және бағасы азаяды;
• программаны оқу жақсарады;

Сонымен, құрылымдық программалау программалық кешендерді әзірлеуде келесі принциптерді ұстанады:
• программалау жоғарыдан төменге жүзеге асуы тиіс;
• барлық жоба ішкі программаларға бөлінуі тиіс;
• ішкі программа үш негізгі құрылымнан тұруы тиіс ол:
ретпен орындау,тармақталу(if,case)және қайталау(for,while,repeat);
• программаның кез келген нүктесіне көшу операторы қолданылмайды (goto);
• құжаттама программалау және программаға комментарийлермен бірге бір уақытта құрылуы тиіс;
Модульдік программалау программаны логикалық бөліктерге бөлу үрдісі.
Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынандай мақсаттар орындалуы тиіс:
1.модульдің дұрыс болуы және контекстерге тәуелсіз болуы қажет;
2.модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет;
Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.
Нысанға бағытталған программалау технологиясында қолданушы үш базалық элементпен:нысан,хабар және кластармен жұмыс істейді. Нысандар бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден,яғни байланысқан мәліметтермен процедуралардан тұрады.
Класс біртипті нысандарға арналған шаблон және нысанды айнымалылар типтерімен әдістерін анықтайтын ақпараттардан тұрады.
Сабақтың соңы Бағалау:(бағалау тәртібін жазыңыз)(5 минут)
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.
Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақтан не білдік?
2. Не үйрендік?
Үй тапсырмасы: Оқу, түсінік айту. Тақырып бойынща сұрақ құрастыру.
Күнделікке жазу. Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою

Категория: Информатика
Просмотров: 3292 | Загрузок: 61 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]