Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Жастар форумы » Мектеп » ЖАДЫНАМА
ЖАДЫНАМА
AdminДата: Среда, 05.09.2012, 10:12 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Ата – аналарға кеңес

 Кез келген бала үздік оқысын немесе нашар оқысын, жылдам немесе шабан болсын, атлет немесе сылбыр болсын – жақсы көріп, құрметтеуге лайықты: баланың өз басы бағалы.
 Бала тек кемшіліктен, әлсіздік пен сәтсіздіктен тұрмайтыны есіңізде болсын.Кез келген баланың жақсы жақтары болады, тек оны көре білу керек.
 Мақтауға тарлық жасамаңыз, орындаушыны мақтау керек, тек ол жасаған нәрсеге ғана сын айтуға болады.Мақтауды жеке басына айту керек, сын айтқанда жеке басына тиіспеңіз.
 Кез келген жаңа талапты әлі нәтижесі болмаса да, алдын ала мақтаудан бастаңыз.
 Баланың алдына ол жасай алатындай мақсат қойыңыз.
 Бұйырудың орнына баланы өзіңізбен тең немесе үлкен адамдай санап, кеңес немесе көмек сұраңыз.
 Тыйым салудан гөрі рұқсат ету балаларды көп нәрсеге үйретеді.
 Жазалау қажет болса, бір кінәсі үшін екі рет жазалауға болмайтынын есте сақтаңыз.
 Бала өзін неліктен, не үшін жазаға тартқанын білуі тиіс.
 Көп жағдайда ескерту жасау, жұлқылау, талап ету қажетсіз екеніне өзіңіздің көзіңізді жеткізіңіз.
 Баланы сабырлылық пен байсалдылыққа тәрбиелеңіз

Мұғалім мен қарым – қатынаста ата – аналарға кеңес

 Жаңа ортаға балаңыз түскенде қалыптасу, бейімделу жайлы үнемі түсіндіріңіз.
 Балаңыздың көңіл – күйін бақылаңыз.
 Бірден балаңыздан сабақтың сапасын сұрамай, сыныптағы қарым – қатынасын байқаңыз.
 Пән мұғалімдеріне бірден кінә тақпаңыз себебі баланың білімін бірден байқау мүмкін емес.
 Өз балаңыздың мінезіне бақылау жасаңыз.
(бала мінезі әр түрлі болады ашық, тұйық, өз ісіне мығым, т.б)
 Баланың бәрі бірден жетістікке жетпейтіндігін ескеріңіз.
 Балаңызда қалыптаспай жатқан жағдайлар болса сабырлық сақтап артын тосуға тырысыңыз.

Балаларға кеңес

 Ата – аналарыңа сеніңдер – олар сендердің ең жақын адамдарың, тек солар ғана сендерге көмектесіп, жақсы ақыл бере алады.
 Оларға өз проблемаларың, сәтсіздіктерің мен уайымдарың жайлы айтыңдар.
 Қуаныштарыңды ата – аналарыңмен бөлісіңдер.
 Ата – аналарыңа қамқор болыңдар: олардың қиыншылықтары өте көп.

 Оларды түсініп көмектесуге тырысыңдар. Ата - аналарыңда ренжітпеңдер және оларға жоқтан өзгеге бұртия бермеңдер.
 Ата – ананың білдірген ренішін дұрыс қабылдап саб
ырлық сақта.
 
Форум » Жастар форумы » Мектеп » ЖАДЫНАМА
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: