Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Жастар форумы » Мектеп » Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық (Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық)
Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық
AdminДата: Понедельник, 09.04.2012, 14:58 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Бағдарламаның түсінік хаты:

Курстың мақсаты: 10«б»сынып окушыларының 8-9 сыныптарда химиядан алған білімдерін жүйелеп қайталау,талдау, одан әрі тереңдете түсу. Болашақта кәсіби бағыт таңдауға және жан – жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруына көмектесу. ҰБТ-ге дацындау.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
-химиялық негізгі түсініктерді кеңейту және тереңдету.
-өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.
-есеп шығара білу іскерлігін қалыптастыру.
-дүниетаным мен ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
-алған білімді қолдана білуге үйрету.

Пән аралық керіктірулер:
-физика
-биология
-маиематика
-медицина

Кәсіпке бағдарлау : химия пәні мұғалімі,дәрігер, технолог, лаборантаналитик.

Уақыт көлемі:34 сағатқа негізделген аптасына 1 сағат.

Р/с Тақырыбы: Сағ.саны күні Күтілетін нәтиже

1. Заттар, қасиеттері,
Таза зат, қоспалар, қоспаны бөлу, тазарту. 1 Зат пен денені ажырата білу, қоспа түрлері, қоспалы бөлудің әдістерін білу.

2. Құбылыстар.Реакция белгілері.Жай,күрделі заттар. 1 Құбылыстарды ажырату, реакция белгілерін түсіндіру.Жай, күрделі зат туралы түсінік беру.

3. Химиялық таңба.Элемент.
Валенттілік,формула. 1 Таңбалы тани білу.Валенттілікті дұрыс таба білу.Валенттік бойынша формула құру дағдысын қалыптастыру.

4. Зат мөлшері.Моль. 1 Зат мөлшерін қолдана отырып заттың мьольдік массасын, молекулалық массасын есептеу, білу.
5. Периодтық жүйенің құрылысы. 1 Периодтық жүйе, периодтық заңның маңызын білу.
6. Атом құрылысы.Ядро заряды.Энергиялық деңгей,деңгейше. 1 Атомның құрылысын дұрыс жаза білу,электрондарды деңгей мен деңгейшеге орналастыру.
7. Тест 1
8. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. 1 Химиялық реакциялардың жылдамдығын анықтай білу.
9. Химиялық тепе-теңдік.,тепе-теңдіктің ығысуы. 1 Тепе-теңдік,тепе-теңдіктің ығысуын анықтай білу.Реакция әсер етуші заттар туралы түсінік қалыптастыру.
10. Электролиттік диссоциация теориясы. 1 Усаиович,протондық теориялар туралы түсінік беру.Заттарды диссоциациялай білу.
11. Қышқыл,негіз,тұздардың диссоциациялануы. 1 ЭДТ. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың қасиеттері, реакцияларды жазу.
12. Оттектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Оттек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу.
13. Сутектің физикалық, химиялық қасиеттері.Алынуы. 1 Сутек тақырыбына реакциялар және есептер шығара білу.

14. Су.Қасиеттері.
Қолданылуы. 1 Судың химиялық қасиеттеріне реакция теңдеуін жазу, есептеулер жүргізу.
15. Ерітінділер.Ерігіштік.
Ерітінді концентрациясы. 1 Ерітінді концентрациясы бойынша еріген зат нен судың мөлшерін табу.
16. Тест. 1
17. Оксидтер,қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Оксидтердің қасиеттеріне реакция теңдеулерін жазу, есептер шығару.
18. Қышқылдар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Қышқылдар тақырыбына есептер шығара білу.
19. Негіздер, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Негіздер мен сілтілерді ажырата білу, қасиеттеріне реакцияларды жаза білу.
20. Тұздар, қасиеттері, қолданылуы, алынуы. 1 Тұздар тақырыбына есептеулер жүргізу.
21. Генетикалық байланыс. 1 Генетикалық қатарды құра білу, қатар бойынша реакциялар жаза білу.
22. Тест. 1
23. Галогендер VІІ A топшасы, VІ А топшасы. 1 Галогендердің химиялық қасиеттеріне реакциялар жазу.
24. ІV А, V А топшасының бейметалдары, олардың қосылыстары. 1 Бейметалдар тақырыбы бойынша есептер шығара білу.
25. Бейметалдар тақырыбына есептер шығару. 1 Есептеулер жүргізу.
26. Металдардың жалпы қасиеттері, алынуы. 1 Металдардың алынуына реакциялар жазу.
27. Металдардың химиялық қасиеттері. 1 Металдардың химиялық қасиеттері бойынша есептер шығара білу.

Курсты ұйымдастыру формасы:

Курс сабақ кестесіне енгізілген сабақ түрінде өтеді.

Курсты оқытуды аяқтау формасы:
-тест (тоқсанның соңында)
-оқушының зерттеу жұмысы (реферат, баяндама)
-сынақөтем.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

«5» баллдық жүйемен бағалау.

Ұсынылған әдебиеттер:
Мұғалім үшін:
-«Химия мектепте» журналы.
-«Химия» 10 сынып авторлары:Қ.Бекішев,Н.Нұрахметов,Н.Заграничная.
-«Химия» 8 сынып авторлары:Н.Нұрахметов.К.Жексембина,Н.Заграничная.
-«Химия» 9 сынып автор: Н.Нұрахметов,К.Сарманова,К.Жексембина,
Н.Заграничная.
-Химия пәні бойынша тест жинағы 2007,2008,2009,2010 ж.
-«химия есептер мен жаттығулар жинағы» 8;9 сынып авторы
Мырзағалиева Алма
 
БауыржанДата: Понедельник, 16.04.2012, 10:33 | Сообщение # 2
Группа: Гости





Халық ҰБТ 2012 бүкіл жауаптары барма
 
ГостьДата: Четверг, 15.11.2012, 20:01 | Сообщение # 3
Группа: Гости





медициналық оттекті жастықтың көлемі 15 литр болады.Егер адам тыныс алғанда минутына оттектің 3,1 грамм жұмсаса жастықты қанша минут пайдалануға болады
 
ГостьДата: Вторник, 27.11.2012, 19:44 | Сообщение # 4
Группа: Гости





химиядан шпорлар бар ма?
 
Форум » Жастар форумы » Мектеп » Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық (Химия пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: