Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 15
  • 1
  • 2
  • 3
  • 14
  • 15
  • »
Түс жору
AdminДата: Вторник, 29.05.2012, 18:11 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
ТҮС ТУРАЛЫ ТІЛ ҚАТСАҚ...
Ұйқы – Алла Тағаланың өз пенделеріне нəсіп еткен үлкен
несібесі. Бұл себепті жуынып не дəрет алып, таза киініп, хош иіс су
себініп, «Фатиха», «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерімен қатар
«Аятул Курсийді» оқып, содан соң 33-рет «Субхан-аллаһ», 33-рет
«Əл-хамдулиллаһ», 33-рет «Аллаһу Əкбар» деп тəсбі тартып бата
жасап, оң жақпен ұйқыға жату сүннет.
Ұйқыға батқан адамның түс көретіні бəрімізге аян, ал түстің
абзалы мен «дажжалы» болатыны ешкімге де жасырын емес.
Түсті сенімді, жанашыр, иманды адамға жорытқан жақсы,
өйткені дұрыс жорылған түс шындыққа ұласады.
Жақсы-жаман түске қайыр-садақа берілу тиіс. Немесе түс
көрген адамның өзі Құран оқып, Алла Тағаладан жақсылық тілесе –
нұр үстіне нұр.
Хадистерде келтірілген үш түрлі түс туралы Ислам
ғұламалары төмендегі мəліметтерді паш етеді:
Рахмани түстер – Алла Тағала тарапынан періштелер арқылы
ұйықтап жатқан адамның рухына илхам (білдіру) етілетін
түстер. Бұл түстердің хақ екендігіне сенген абзал. Түс туралы
Құранда «Əл-Фатх», «Саффат» сүрелерінде айтылады.
Шайтани түстер – адам түсінде биік жерден құлауы, итке
талануы, жан рахаттанып қым-қуырт түсініксіз нəрселерді көруі,
құбыжықпен арпалысып, шошып оянуы сияқты шайтанның
əсерімен болатын зиянды түстер. Осы тектес түстерді көрген
адам «Ағузу биллаһи минаш шайтонир ражимды» үш рет оқып,
басқа жағына аунап жату керек.
Қияли түстер – адам күні бойы бір нəрсені көп ойлану немесе
қиялға берілу нəтижесінде күнделікті оқиғалардан немесе
қиыншылық пен аурудың əсерінен көрінетін түстер. Бұл іспеттес
түстер тəн мен мидың саулығына байланысты.


Әр түрлі


*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.
* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.
*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.
*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.
*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.
* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Төрт - түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.
* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.
*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.


Толықрақ астындағы сілтеме бойыншна жүктеп алыныз
Прикрепления: 1350625.docx (64.5 Kb)
 
ГостьДата: Среда, 20.06.2012, 11:19 | Сообщение # 2
Группа: Гости





тусинде жек коретин адамыннан сырга урлап алсан не болады
 
ГостьДата: Среда, 20.06.2012, 12:12 | Сообщение # 3
Группа: Гости





жаман болады. бол тез қайтар сырғаны
 
ГостьДата: Четверг, 28.06.2012, 02:43 | Сообщение # 4
Группа: Гости





тусинде агып бара жаткан жулдыз көрсе не болады?
 
ГостьДата: Четверг, 28.06.2012, 09:54 | Сообщение # 5
Группа: Гости





жап жарық жұлдыз болса қуаныш
 
AdminДата: Четверг, 28.06.2012, 09:55 | Сообщение # 6
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Жұлдыз – адамдар арасындағы құрметті адам, қуаныш, үлкен
құрметті адамдардың ортасында болу.
Жұлдызға қарау – үлкен мəртебеге шығу.
Жұлдыздар ағу – малдан айырылу, өлу.
Жұлдызды жеу – адамдардың мүлкіне қол сұғу.
 
АкеркеДата: Понедельник, 09.07.2012, 19:08 | Сообщение # 7
Группа: Гости





тусінде тірі адамнын өліп қалғанын көрсе не болады
 
ГостьДата: Вторник, 10.07.2012, 18:05 | Сообщение # 8
Группа: Гости





егер өз өлімінді көрсен узак өмір суресин , ал біреудің өлгенін көру қандай жору екенін білмеймін
 
nurkaДата: Понедельник, 08.10.2012, 10:53 | Сообщение # 9
Группа: Гости





түснде ак етк жасл шалбар сатп алса не болады
 
AdminДата: Среда, 17.10.2012, 21:13 | Сообщение # 10
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Ак етик жолын ак болатын шыгар , ал жасыл шалбар блмедим
 
  • Страница 1 из 15
  • 1
  • 2
  • 3
  • 14
  • 15
  • »
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: