Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Балалар арасында жедел ішек инфекциясының алдын алу
AdminДата: Четверг, 10.12.2020, 13:12 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Админы
Сообщений: 46
Награды: 0
Репутация: 21
Статус: Offline
Балалар арасында жедел ішекинфекциясының алдын алу
 
Жедел ішек аурулары (ЖІА)
мен сальмонеллез қоздырғышы түрлерінің саналуандығы, бұл жұқпаның тез таралуы,
балалардың асқазан-ішек құрылысынаың кері әсер етуі – оның өзекті проблема
екендігін жоққа шығармайды. Науқас адамдармен қатар ешқандай сырқаты
білінбейтін бактерия тасымалдаушылар да ішек ауруларының көзі болып табылады.
Сондықтан да олар қоршаған ортаға қауіпті, жасырын инфекция таратушысы болуы
ғажап емес. Жедел ішек жұқпасы балалар арасында, әсіресе, жылдам таралады,
өйткені олар бұл ауру түрімен жиі науқастанады әрі оларда тазалық дағдылары әлі
қалыптаспауы себепті инфекцияны тез таратуға бейім тұрады.
  Азық-түлік өнімдері арқылы да инфекция қоздырғыштары адам ағзасына
жиі түседі, бірақ бұл жағдайдың алдын-алуға әбден болады. Отбасыңызды тағамнан
уланудан сақтағыңыз келсе, тек сапалы тағам өнімдерін пайдалану қажет.
Ұйымдастырылған ұжымда айранның «простокваша» түрін, ет қосылған құймақтар,
флот түріндегі макарон өнімдері, кремді кондитерлік тағамдар, кремдер,
сусындар, морс, квас, тұздалған балықтан жасалған фарш, фритюрдағы тағамдар,
паштет, пастерленбеген сүттен дайындалған сүт өнімдері, қанды және ливерлі
шұжықтар, суда жүзетін құстардың жұмыртқасы мен еті, консервіленген үй
тағамдарын дайындауға және пайдалануға тыйым салынады.
• Ас дайындауда ас үй мүлкі,
ыдыс-аяғы мен қондырғысын мақсатына қарай қолдану;
 • ас дайындау
технологиясын қатаң сақтау, ет өнімдерін екінші қайтара жылылықта өңдеу;
• пайдаланар алдында көкөніс
пен жеміс-жидектерді мұқият жуу;
• тез бұзылатын
азық-түліктерді сақтауда 4 градустан төмен емес температуралық тәртіпті сақтап,
тауар көршілестігі ережелерін бұзбау;
 • азық-түлік өнімдерін
тағам қауіпсіздігін куәландыратын рұқсат құжаттары жоқ, белгіленбеген жерлерден
алмау;
 • тазалық ережелерін
сақтау, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды мұқият жуу;
• ата-аналарға
ұйымдастырылған ұжымдарға пайдалануға тыйым салынған азық-түлік өнімдерін алып
келуіне рұқсат бермеу.
 Балалар арасында жедел
ішек инфекциясының алдын-алу үшін осы кеңестерді орындағаныңыз жөн.
 
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: